Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логикалық тапсырмалар жауаптарымен

23 қараша 2019, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Логикалық сұрақтар:
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 - кг болды, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
2. Төрт қойдың неше аяғы бар?
3. Бір жұмыртқа үш минутта піссе, төрт жұмыртқа қанша минутта піседі?
4. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар?
5. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады?
6. Қатар тұрған ұш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6 ға тең. Ол қандай сан?
7. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады?
8. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны 10. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
9. 1 т мақта ауырма, 10 ц темір ауырма?
10. Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан бес асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?
11. 9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар?
12. Отбасында жеті қыз және әрқайсысында бір – бірінен інісі бар. Отбасында неше бала бар?
13. Кенжетай 1968 – жыл 29 - ақпанда дүниегекелген. Қазір 41 - жаста болса осы кезге дейін неше рет туған күн жасады?
14. Айсұлу бір сан ойлады. Оны 5 -ке бөліп нәтижесін 28 ден азайтып еді, 3 шықты. Ол қандай сан ойлаған?
15. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой. 44444444 = 500
16. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой. 333333 = 1000
17. Қалаға 100 турист келді, олардың 10 - ы немісше де, французша да білмейді. 75 - і тек немісше, ал 83 - і тек французша сөйлейді. Неше турист екі тілде де сөйлейді?
18. Квадрат пішінді бөлмеде 10 орындықты әр қабырғада орындықтар саны бірдей болатындай етіп қалай орналастыруға болады?
19. Бес таңбалы 52*2* саны 36 - ға бөлінеді. * орнына қандай цифрлар қою керектігін анықтаңдар. Есептің барлық шешімдерін көрсетіңдер.
20. Үшбұрыштың үш төбесіне 1, 2, 3 сандары қойылған. Қосындысында 17 болатындай тағы алты санды: 4, 5, 6, 7, 8, 9 қалай қоюға болады?
21. Немересінің жасы неше ай болса, әжесінің жасы сонша жыл, ал олардың жастарының қосындысы 52 - ге тең. Немересі нешеде? Әжесі ше?
22. Сіріңке шиінің ұзындығы 4, 5 см. 13 шиден метрді қалай құру керек?
23. 8 лақ пен 9 қазды 5 қораға аяқтарының саны 10 және әр қорада лақ пен қаз болатындай етіп қалай орналастыру керек?
24. Кез келген амал мен 6 цифрын 3 рет қолдану арқылы 30 санын жазыңдар.
25. Күндізгі 12 - де жаңбыр жауып тұр, ал 36 сағат өткенде күннің көзі жарқырап шығады деп тұжырымдауға бола ма?

Логикалық тапсырмалар жауаптарымен:

1 - тапсырма. Құрбақа тереңдігі 50 метр құдыққа түсіп кетті. Бір күнде ол 18 метр жоғары көтеріліп, содан кейін 12 метр төмен түседі. Сол орнында келесі күнге дейін қалады. Келесі күні де осы қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін құдықтан шығады? (7 күнде)
2 - тапсырма. Түлкі мен қасқыр тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?
3 - тапсырма: Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т. с. с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған?
4 - тапсырма. Дөңгелекті үш түзумен ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болатынын табыңыз. (7)
5 - тапсырма. Балықшы бекіре, шабақ, сазан және шортан аулады. Бекіре шаба0тан? екі есе көп, шабақ сазаннан үш есе көп, ал шортан 15 - тен кем екені белгілі. Барлық ұсынылған балықтың саны 41 болса, балықшы әр түрінен жеке алғанда қанша балықтан ұстады?
Шешуі: Есептің шарты бойынша сазан көп болмауы керек, сондықтан;«соңғы» ретте, әрине сазанның санын аламыз. Айталық, балықшы бір ғана сазан ұстады дейік, онда шабақ - үшеу, бекіре алтау, ал шортан отыз бір болып, есептің шартына қайшы келеді. Енді сазаннан екеу болсын дейік, онда шабақ - алтау, бекіре он екі, ал шортан - жиырма бір. Бұл да есептің шартына сай келмейді. Ендеше үш сазан ұстады дейік, бұдан шабақ тоғыз, бекіре он сегіз, ал шортан - он бір. Енді төрт сазан ауланды делік, яғни шабақ он екі, бекіре жиырма төрт, шортан - біреу. Сонымен есептің екі жауабын алдық.
1. 3 сазан, 9 шабақ, 18/ бекіре, 11 шортан.
2. 4 сазан, 12 шабақ, 24 бекіре және бір шортан.
6 - тапсырма. Қолына 4л ыдыс беріп, Әлібиді шешесі сүтке жібереді. Ал сатушыда бір бөшке сүт және 5 литрлік ыдыс қана болып шығады. Осы екі ыдыстың көмегімен сатушы қалай үш литрді өлшеп бсрс алады?
Шешуі: Әуелі 4 литрлік ыдыспен сүт алады да, ол сүтті 5 литрлік ыдысқа құяды, 4 литрлік ыдыс босайды. Тағы да 4 литрлік ыдыспен сүт алып, 5 литрлікті толтырады, сонда 4 литрлік ыдыста 3 литр с\т қалады
7 - тапсырма. Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген? Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған.
8 - тапсырма. Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген?
Жұмбақтың жауабы: х+(х+6)+(х+12)+(х+18)+(х+24)=1005х=40, х=8 балық.
9 - тапсырма. Бір сан табыңдар, квадраты өзінің жартысына тең болсын! - 0, 5
10 - тапсырма. 3 адам ортадан ақша шығарып 30 теңгеге нан алдырмақшы болыпты. Әр қайсысы 10 теңгеден шығарып, кішкентай баланы нанға жұмсап жібереді. Бала нанды 25 теңгеге сатып алады. Наннан артылған 5 теңгенің 2 теңгесін өзіне алып, қалған 3 теңгені үш адамға бір - бір теңгеден бөліп береді. Бұл кісілер басында 10 теңгеден берген еді. 1 теңгені қайтарып алғанда 9 теңге берген болады. 3 адам 9 теңгеден бергенде үшеуінің қосындысы 27 теңге болады. Баладағы 2 теңгені де қосқанда 29 теңге болады. Сонда бір теңге қайда кетті?
Жауабы: Баладағы 2 теңге 27 - нің ішіндегі ақша, 27 - ге адамдардағы 3 теңгені қосқанда 30 болады
Логикалық тапсырмалар жауаптарымен. жүктеу
32 763
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Логикалық есептер
Логикалық есептер
Логикалық есептер
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептер. Баға. Саны. Құны.
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептер. Баға. Саны. Құны.
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Саралжын ауылы, Қ.Сағырбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-балабақша бастауыш сынып мұғалімі Байболова П.М
Логикалық есептер (бастауыш сыныптарына)
Логикалық есептер (бастауыш сыныптарына)
Логикалық есептер. (бастауыш сыныптарына) *Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасына есептер шығару
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасына есептер шығару
№35 мектеп-гимназиясы Математика пәні мұғалімі: Төреханов Қасымхан Алмасханұлы
Логикалық есептер
Логикалық есептер
Көмекші құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту. Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×