Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шығарма: Менің отбасым

10 қараша 2018, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Шығарма
Менің отбасым
Өзімді таныстыратын болсам, менің атым – Ерасыл. Мен 3 - сыныпта оқимын, оқу үздігімін. «Отан отбасыдан басталады» деген ақылды сөзді кітаптан оқыдым. Отанның бір кішкентай бөлшегі - отбасы. Әр адамның туған туыстары болады. Сол сияқты менің де өз отбасым бар. Бір шаңырақтың астында әжем, әкем, анам, екі інім тұрамыз. Менің жанұям, жақындарым - мен үшін аса қымбат адамдар.

Мен – әжемнің үлкен немересімін. Әжем маған әрқашан мейірімді, әдепті бол,- деп ақылын айтады. Мен үлкен адамға жол беремін, айтқан ақылдарын тыңдаймын. Асыл әжемнің арқасында барлық әдептілік пен мейірімділікке үйрендім. Мен әжемнің пісірген тәтті бауырсақтары мен тоқаштарын жақсы көремін.

"Әке – асқар тау, Ана – етегіндегі бұлақ, Бала - жағасындағы құрақ" деген мақал бар. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкем. Әкемнің аты – Ербота, ол жүргізуші болып жұмыс істейді. Әкемнің жұмыстан келгенін асыға тосамыз. Себебі әкем жұмыстан келген соң, мен және екі інім - барлығымыз сурет салғанды жақсы көреміз. Ал демалыс күндері әкемізбен бірге әр түрлі ойындар ойнаймыз. Әкем маған және інілеріме суда жүзуді, велосипед тебуді үйретті. Жазда біз велосипедпен жарысамыз, футбол ойнаймыз, ал қыста хоккей ойнына барамыз. Біз асқар тау әкемізді үлгі тұтамыз.

Ал аяулы анамның аты – Жангүл, балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Анам тамақты өте дәмді пісіреді. Мен анама үй жинауға көмектесемін, інілерімді ойнатамын. Менің әкем мен анам – мейірімді адамдар. Олар менің жақсы оқып, білімді болуымды тілейді.
Інілерімнің аты Ерғанат және Есентай. Ерғанат 1 - сыныпта оқиды, ал Есентай балабақшаға барады. Мен інілеріме жақсы аға болуға тырысамын. Ерғанатқа сабағын оқуға көмектесемін, ол сабағын өте жақсы оқиды. Есентайды ойнатамын, бірге сурет саламыз. Кіші інім Есентайдың атын атамыз қойды. Балалар ақыны Есентай Ерботин атамыз - біздің атамыздың туған інісі. Сол кісідей ақылды, ақын болсын деп қойды. Біз отбасымызда бақытты, тату - тәтті тұрамыз. Әр түрлі мейрамдар мен туған күндерімізде үлкен дастархан жаямыз, туған - туыстармен бірге тойлаймыз. Менің отбасым - ең үлгілі отбасы.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№16 жалпы орта беретін мектеп» КММ
Орындаған: Амантай Ерасыл
4 612
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Біз бақытты отбасымыз
Біз бақытты отбасымыз
Отбасы деген не? Отбасы деген ол шағын мемлекет, сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан отбасынан басталады» дегендей отанды сүю отбасынан басталатыны рас.
Менің әкем – әлемдегі ең жақсы адам
Менің әкем – әлемдегі ең жақсы адам
Менің әкем – ең тамаша адам. Олай дейтінім әкем шыншыл, өте сабырлы, адамгершілігі мол, ұқыпты, шебер жан.
Менің отбасым, Эссе
Менің отбасым, Эссе
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар.
Менің отбасым
Менің отбасым
отбасы туралы түсініктерін кеңейту, қонақжайлыққа үйрету, әдептілік ережелеріне баулу. бейнелі ойлауын дамыту. Отбасындағы өзара сыйластық қарым қатынасын дамыту.
Отбасы шаңырақ берекесі
Отбасы шаңырақ берекесі
Отбасын құрайтын адамдар, әр адамның отбасында алатын орны мен маңызын түсіндіру. Оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Менің отбасым
Менің отбасым
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.