Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шығарма: Менің туған ауылым

20 қараша 2018, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Менің туған ауылым

Менің туған ауыл Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтың туған ауылы. Ауылдың орналасқан жерінің табиғаты өте бай. Айналасы 4 - 5 шақырымдай жерде биік - биік таулармен көмкерілген. Ауылдың екі жағынан арудың қос бұрымындай екі өзен ағады біреуі «Қопа» өзені, екіншісі Жарлы өзені. Біз жазда суға шомылып, күнге қыздырынамыз. Тауға шығып, жидек, қарақат тереміз. Біздің ауылдың тап ортасында екі қабатты үлкен мәдениет үйі ораналасқан. Атамның айтуына қарағанда бұл мәдениет үйін 1967 жылы Нұркен атамыздың анасы Бағжан апа және ұстазы С. Якимовтер салғызған екен. Мәдениет үйінің алдында Батыр атамызға арналған үлкен ескерткіші және мемориал бар.
Менің туған ауылымның көшелері түзу, әрі сәнді. Бірнеше сауда үйі және атақты академик, Әл – Фарабитанушы Ақжан Машани атындағы мешіт бар. Мешіттің атауы, яғни Ақжан атамыз біздің жерлесіміз әрі, мақтанышымыз. Жазғы спорт алаңдары салынған. Ауылымның сәніне айналған ғимарат ол менің мектебім. Үш қабатты зәулім мектеп ауылдың еңсесін көтеріп өзіне тартып тұрады.
Табиғаты мен мәдениеті жарасқан, маңайы мыңғырған малға толған, менің берекелі де, мерекелі туған ауылым осындай!
Туған жерім мекенім,
Есейіп сенде өсемін.
Білімнің шығып шыңына,
Самалың болып есемін.

«№ 10 Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»
КММ - ның 3 сынып оқушысы Тұрар Инабат Есенболқызы
Жетекшісі: Нұрмағанбет Жібек Серікқызы
Шығарма: Менің туған ауылым жүктеу
11 530
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұлпар аунаған жерде түк қалады
Тұлпар аунаған жерде түк қалады
Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. "Тұлпар аунаған жерде түк қалады” дегендей, Ақаң аты­шулы Машан бидің немересі.
Ауылым алтын бесігім
Ауылым алтын бесігім
Туған жер - адам өмірімен тікелей байланысты. Менің отаным Қазақстан Республикасы. Сол мемлекеттің ішінде Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақтас елді мекенінде мен дүниеге келдім. Балалық шағым туған ауыл көшелерінде алаңсыз ойнап өсумен өтіп жатыр.
Шығарма: Менің ауылымның келбеті
Шығарма: Менің ауылымның келбеті
Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім ауылым. Шабытымның асқары, Самғаушы еді ауылым деп,- ақын ағамыз жырлағандай «ауыл» деген сөзді естігенде менің өне бойымды қуаныш кернейді.
Ынтымағы жарасқан Ақмаяға 80 жыл
Ынтымағы жарасқан Ақмаяға 80 жыл
Мен, Ақмая ауылында туып өстім. Осы ауылдағы Ақмая орта мектебінің 4 «Б» - сыныбында оқимын. Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім қажет деп ойлаймын
Менің ауылым
Менің ауылым
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, Абай атындағы орта мектебінің 4 «В» сынып оқушысы Төлегенов Айдар Төлегенұлы Сынып жетекшісі: Нсанова Ақжамал Меллятқызы
Ауылым-алтын бесігім
Ауылым-алтын бесігім
«Ауыл» деген сөзді естіген де менің өн бойымда қуаныш кернейді. Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Ауылда төрт түлік мал ұстағандықтан ақ (май, ірімшік, сүт, сүзбе, айран,шұбат, құрт т.б.) мол. Ауылда менің әжем мен атам
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×