Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шығарма: Менің ауылымның келбеті

20 қараша 2018, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Менің ауылымның келбеті

«Кіндігімнің жас қаны,
Тамған жерім ауылым.
Шабытымның асқары,
Самғаушы еді ауылым деп»,- ақын ағамыз жырлағандай «ауыл» деген сөзді естігенде менің өне бойымды қуаныш кернейді. Мен тұратын ауыл Нұркен Әбдіров батырдың атымен аталады. Ауылымыз Қарқаралы ауданының оңтүстік - батысында орналасқан. Менің атам мен әжем, әкем мен шешем осы ауылда туып - өскен. Менің де балалық шағым осы ауылда өтіп келеді.

Атам маған ауылымның қалыптасу тарихы жөнінде үнемі әңгімесін айтып жүретін. Сол кісінің айтуы бойынша Жарлы өзенінің бойында алғашқы кезде он екі колхоз болған. 1944 жылы Совет колхозына Совет Одағының батыры, даңқты ұшқыш жерлесіміз Нұркен Әбдіров атамыздың есімі беріледі.

Ауылымыздан қаншама ғалым, ақын - жазушылар шыққан. Ерте кездегі халықтың тұрмыс - тіршілігі жөнінде әңгіме жүргізетін ата - әжелерімізде ауылда тұрады. Жаз айларында анам дайындаған сүт - айран, құрт - ірімшік, сүзбесін жеп, ата - әжелеріміздің ертегі, жырларын тыңдап келеміз.

Ауылымыздың табиғаты ерекше. Кішкентай кезімнен ауылымның таза ауасымен, хош иісі аңқыған гүлдердің иісімен, ауылымның ыстық түтінімен демалып келемін. Жер бедері жазық. Дәл ортасынан Жарлы өзені ауылды екіге бөліп, ағып шығады. Ауылдың шет жақтарында қайың, қөктерек өседі.

Жаздың жылы күндері балалармен суға шомылып, көк майса шөпте ойнаймыз. Ата - анамызбен жидек теруге барамыз, табиғатқа саяхатқа шығамыз.
Қазіргі кезде Жарлы өзенінің тартылуы байқалуда. Әр түрлі қорғау шаралары жүргізілмегендіктен өзен ластануда.

Ауылымызда мәдениет үйі, кітапхана, ауыл амбулаториясы жұмыс жасап тұр. Орталықта мешіт орналасқан. Еліміз бойынша атап өтілетін барлық мерекелік шаралар жоғары деңгейде өткізіледі. Оған біздер де қатысып, өз үлесімізді қосамыз. Ауылымның тарихы жөнінде әлі де болса көп мәлімет білгім келеді. Мектебімізде ауылдың, мектептің тарихы жөнінде деректерге бай тарихи - өлкетану мұражайы жұмыс жасайды. Сабақ кездерінде осы мұражайдан білгіміз келген мәліметтерімізді аламыз.

Елбасымыз «ауылды – ұлттың ұйытқысы, алтын бесігі»,- деп айтқан. Мемлекетіміздің тірегі, іргетасы ауылда. Ал, біз - еліміздің ертеңіміз. Мен өз ауылымның дамып, көркеюіне үлесімді қосқым келеді. Ауылымды өте жақсы көремін.

«№ 10 Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»
КММ - ның 4 сынып оқушысы Актанов Саят
Жетекшісі: Машкеева Шарбат Амангельдыевна
Шығарма: Менің ауылымның келбеті жүктеу
30 352
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауылым алтын бесігім
Ауылым алтын бесігім
Туған жер - адам өмірімен тікелей байланысты. Менің отаным Қазақстан Республикасы. Сол мемлекеттің ішінде Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақтас елді мекенінде мен дүниеге келдім. Балалық шағым туған ауыл көшелерінде алаңсыз ойнап өсумен өтіп жатыр.
Шығарма: Менің туған ауылым
Шығарма: Менің туған ауылым
Менің туған ауыл Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтың туған ауылы. Ауылдың орналасқан жерінің табиғаты өте бай. Айналасы 4 - 5 шақырымдай жерде биік - биік таулармен көмкерілген.
Менің ауылым
Менің ауылым
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, Абай атындағы орта мектебінің 4 «В» сынып оқушысы Төлегенов Айдар Төлегенұлы Сынып жетекшісі: Нсанова Ақжамал Меллятқызы
Менің ауылым (қайталау сабақ)
Менің ауылым (қайталау сабақ)
Шымкент қаласы, Ораз Жандосов атындағы № 30 жалпы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Нажиметова Анар Мәлікайдарқызы
Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім ауылым
Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім ауылым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің I cанатты бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы Тақырыбы: «Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім ауылым!»
Ауылым-алтын бесігім
Ауылым-алтын бесігім
«Ауыл» деген сөзді естіген де менің өн бойымда қуаныш кернейді. Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Ауылда төрт түлік мал ұстағандықтан ақ (май, ірімшік, сүт, сүзбе, айран,шұбат, құрт т.б.) мол. Ауылда менің әжем мен атам
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×