Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түрлі жұмбақтар

08 қаңтар 2019, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Өлеңмен айтылатын жұмбақтар
Аяғы жоқ жүреді,
Шөпті, жемді жемеді.
Жер астына енеді,
Тамағы ылай жегені.
Қармаққа нені іледі?
Оны қалай біледі?
Қармаққа оны ілгенін
Сезеді – балық келеді.
Айтшы аты не еді?
(шұбалшаң)

Күнде есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды,
Алмайды бір тағат,
Оның аты...
(сағат)

Үрлесең іші кебеді,
Босатсаң ұшып кетеді.
Жұп - жұқа қарын домалақ
Оны жару оңай - ақ.
(шар)

Көк жүзінде көк доға
Жер жүзінде жоқ доға,
Көзбен көріп болжайды
Қолмен ұстауға болмайды.
(бұлт)
******
Есеп жұмбақтар
Қанша жаңғақ?
Портфелімде әуелі он үш жаңғақ бар еді.
Науат пен Маратқа,
Самат пен Сағатқа,
Апасына Қанаттың
Екі - екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы ал, жаным!
(С. Қалиев)

Неше алма?
«Бес» алған Асанға – бес алма.
«Төрт» алған Досанға – төрт алма.
«Үш» алған Хасанға – үш алма.
«Екі» алған Бошанға – неше алма?
(Қ. Жұмағалиев)

Неше алма?
Бес бұтақты қайыңда –
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Сайынға,
Сонда қалмақ неше алма?
(С. Қалиев)
(Қайыңда алма өспейді)
****
Дос үйіне түстің бе? –
Түгел соның үстінде.
(Дастарқан)

Алдынды бір нәрсе әкеп берсе, тегі,
Оның сол, солын оң ғып көрсетеді.
(Айна)

Апам үшін қам жеген,
Тозаң жұтып, шаң жеген
Жатыр үйде айдаһар,
Ондай мешкей қайда бар?
(Шаңсорғыш)

Құйрығы інге кірсе,
Беті өртенген.
Ішегіне тисе,
Қатер төнген.
(Электр пеш)

Көліксіз өмір сүрмейді,
Ғұмыры жаяу жүрмейді.
(Ер - тоқым)

Жылға дер ем – ақпайды,
Жылан дер ем – шақпайды.
(Арқан)

Ағаш арық, тұйық арық:
Жылқылар жүр жиі барып.
(Науа)

Жалпақ желке, сопақ бетті,
Орманымды отап кетті.
(Балта)

Екі езуі құлағына жетеді,
Тамақ жесе, ызың - ызың етеді.
(Ара)

Төбесінде өмір бақи төбелес,
Төзіміне оның ешкім тең емес.
(Темір төс)
***
Диалогқа құрылған сұрақ - жауап жұмбақтар
Мұндай жұмбақтарды көргені мен, білгені мол, білімді, зерек адамдар ғана тез шеше алады. Мысал ретінде Шоқан мен Саққұлақ шешеннің әңгімесін алуға болады.
«Дидарласа отырып Шоқан Саққұлақ шешенге тосын сұрақ қойып:
- Ақсақал, біреу жолдан адасса, кімнен ақыл сұрайды? - дейді.
- Шырағым, көнеден сұрайды, - дейді шешен.
- Көне адасса, кімнен сұрайды?
- Көне адасса, көргендіден сұрайды.
- Көргенді адасса, кімнен сұрайды?
- Көргенді адасса, көптен сұрайды.
- Көп адасса, кімнен сұрайды?
- Көп адасса, көп оқығаннан сұрайды.
- Көп оқыған, кімнен сұрайды?
- Көп оқыған неге адассын! Әлгінде ғана Сатыбалдының Жаманқұлына күдіктеніп, оның Үмбеталы жырау туралы дастанын өзің де менен сұрап анықтап алған жоқпысың? – дейді шешен.»
4 885
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой - өрісін кеңейту. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Қызықты математикалық тапсырмалар
Қызықты математикалық тапсырмалар
математикалық білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, тиянақтау, бақылау. балалардың пәнге деген қызығушылығын туғызып, оқушылардың белсенділігін арттырады.
Сабақта қосымша пайдалануға қажетті санамақтар жинағы
Сабақта қосымша пайдалануға қажетті санамақтар жинағы
Сабақта қосымша пайдалануға қажетті санамақтар жинағы
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Астана қаласы, № 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Муханбетжанова Гульзада Арыстановна
Эвристикалық тапсырмалар
Эвристикалық тапсырмалар
Бастауыш сынып мұғалімі: Укубаева Ырсалды Зийнолевна
Қайталау-білім анасы
Қайталау-білім анасы
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Карабаева Зайтуна Маженовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×