Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе: Ана

17 қазан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Эссе: Ана
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды...

Ана... Қандай керемет сөз десеңші! Осы бір үш - ақ әріптен тұратын сөзде мұхиттың тереңдігіндей тұңғиық ойлар жатыр. Осы асыл жан әрқашан бізді жақсы көреді. Біз шыр етіп дүние есігін ашқан кезден бастап бізді бағып - қағып, біз үшін отқа да, суға да түсті. Ана деген сөз әрқашан киелі. Ешкімде аспаннан салбырап түскен жоқ. Бәрімізге жарық дүние есігін ашқан – ана. Бауыр еті баласы үшін аналар не істемейді десеңші? Ана туралы айтатын ой, шертетін ән көп.

Қандай ақын болмасын, анасын әрқашан жырына қосып жүрген. Біздің қазақ ақындарымызда ондай өлеңдері жетерлік. Бірақ бұл өлең - жырлар ана алдындағы парымызды өтеуге тұрмайды. Ойлап қараңызшы анамыз біз үшін бәріне дайын болды. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңды өтей алмайсың», - деген сөз рас. Шынында да, қанша талпынсақ та, күнде қарызын өтеуге тырыссақ та, жақсы істер істесек те, ананың біз үшін жасаған жақсылығын, қарызын өтей алмай ма, 9 ай, 9 күн еш жерге тастамай отырса да, тұрса да көтеріп жүріп, сүліктей жабысқан шарананы дүниеге алып келудің өзі неге тұрады? Ал біз, ішінде 3 кітап бар қара сөмкені күніне 3 - 4 сағат көтеріп жүргенді ауырсынамыз. Осы бір қиын да, қызық 9 айдың қарызын өтеудің өзі біз үшін бір үлкен, алып мәні бар іс. Қарызын өтей алмасақ та, ең болмаса, ананың қабағына кірбің түсірмеуге тырысуымыз керек емес пе?! «Балам, ананы үйте салшы, мынаны бүйте салшы...»,- деген анаға, «ой, ана, қойшы, уақытым жоқ.»,- деп айтамыз. Осы сөздің өзін, сол ананы жұмсаған ісінен артық, маңызды іс бардай жұлқына айтып, есікті сыртынан жауып кете барамыз. Осындай жағдай басыңыздан бір рет болсын өтті ғой? Ия, мойындаңыз. Ал дәл сол кезде біз үшін маңызы жоқ, күнделікті ауызекіге айналып кеткен «Ана қойшы.»,- деп сілкіп айтылған сөзден, ананың жұдырықтай «Балам»,- деп соғып тұрған жүрегінің орнынан сәл ауытқып барып орнына түсіп, ананың жүрегіне кішкене қара дақтың түскенін білеміз бе? Жоқ!!! Жұдырықтай жүректі қара дақтар жаулап алса, ол жүрек махаббат, ыстық ықылас, мейірім көрмесе, күн сәулесін көрмеген гүлдей бір - ақ күнде салып қалуы ықтимал ғой. Аналар еш нәрсені білдірмейді, сездірмейді, көрсетпейді. Олар өте құпия жандар. «Ата - ана қадірін балалы болғанда білесің»,- дейді.
3 760
0
  • 100
1 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Рахмет, Анашым!
Рахмет, Анашым!
Ана жайлы ойыңды, айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана туралы эссе: Анашым менің ардағым!
Ана туралы эссе: Анашым менің ардағым!
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп - нәзік, мейірімді жан ғой.
Әлдилеген әлемді бесігімен...
Әлдилеген әлемді бесігімен...
Ана жайлы жазылған тамаша ғибратты сөздер мен өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекесімен құттықтау. Ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, еңбектерін ақтауға, аналарға балалық сүйіспеншілікпен жауап беруге баулу. Ана еңбегін кадірлеуге,
Ана – өмірдің шырағы
Ана – өмірдің шырағы
Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп - төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ана сезімін қадірлейтін жан барма екен бұл
Ана
Ана
Қызылорда обылысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік аулы №55С. Қожанов атындағы орта мектебінің 7 - сынып оқушысы Шертай Ақнұр Жетекшісі: Г. Кембілбекова
Аялайық ананы!
Аялайық ананы!
СҚО, Айыртау ауданы, Бірлестік ОМ - нің бастауыш сынып мұғалімі Сеитова Баршын Жылқайдарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.