Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе: Журналист болғым келеді

11 ақпан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Эссе: Журналист болғым келеді

Мен қалайда журналист болам. Неге дейсіз ғой, менің бала кезден арманым болған мамандық мені көп оқуға, ерінбей ізденуге, сауатты да көркем жазуға, дұрыс сөйлеуге жетелеп келеді. Журналист – мен үшін өмірдегі ең мәртебелі, қиын да қызық мамандық.

Каспийдің буырқанған толқынды күні де, тып - тынық, мөп - мөлдір ашық күні де өзім жағасында өскен осынау көк теңізге келіп, жағада отырып - отырып кетем. «Теңізге не үшін барасың?»- деп ешкім де сұраған емес. Өзім де тіс жарып ешкімге айтқан емеспін. Қарт Каспиймен қолтықтасқан шап - шағын әсем Форт - Шевченко қаласында туып, өскеніме тәуба деймін. Менің сырласым да, мұңдасым да – осы көк теңіз және қойын дәптерім. Сол қойын дәптерімдегі жазбаларымды жыл өткен сайын оқысам, кейде осыны өзім жаздым ба деп те таң қалатын кездерім болады. Ал арман туралы былай жазыппын ана бір жылы: «Арман! Шіркін, арман! Қол жетпейтіндей өзіңе ұмтыла берем, ұмтыла берем. «Алла өзінің сүйген құлына береді» демекші, маған да оң көзіңменен қарап, осынау арманымды орындашы... адам шіркінде арман таусылған ба? Менің арманым – журналист болу. Жай ғана журналист емес, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын маман. Елдің көзі, құлағы, үні болғым келеді. Жаңалықтардың жаршысы болғым келеді...». Бүгін теңіз жайбырақат тыныш жатыр екен. Сол тыныштыққа барып, қойын дәптерімдегі арман туралы жазбаларымды теңіздің толқындарына дауыстап оқып бердім. Бір - бірін қуалаған толқындар менің арманымды алысқа алып кетіп жатты, кетіп жатты. Журналист болсам деген арманымның орындалатынына сеніп мен тұрдым.

Мектепте «Жас қалам» әдеби бірлестігінің белді мүшесімін. Бірлестіктің мақсаты – жазуға талабы бар оқушылардың басын қосып, тәжірибе алмастыру. Сондай - ақ тіл байлығын арттырып, рухани жан дүниесін байыту, оқушылардың жазған тырнақалды туындыларын талдап, артық - кем тұстарын айту. Бұл бірлестіктен көп нәрсені көңілге түйдім. Жазған әңгіме, мақалаларымды ортаға салдым. Менің жазғандарым ұстаздарыма да, қатар құрбыларыма да ұнайды. Кемшін тұстары болса, ұстаз апайым айтып отырады. Қаламымды ұштадым. Әңгіме, мақала жазуға машықтана түстім. Журналистік мамандыққа деген ынтам арта түсті.

Алыстан журналист болсам деген арман шақырған сайын «ХХІ ғасырдың журналисі қандай болу керек?» деген ой тұрады. Дана Нұржігіттің «Дара жол», Жайна Сламбектің «Біздің уақыт», Ләйлә Сұлтанқызының «Әйел бақыты» бағдарламаларын қарап отырып, қазіргі заманға сай журналист апайларым екеніне шүбә келтірмеймін. Мен теледидардан әсіресе, Дана Нұржігіт апайымның жүргізген хабарларын үзбей, қызыға тыңдаймын. Дана Нұржігіттің «Дара жол» бағдарламасы – адамды өзіне баурап алатын тамаша сұхбат - хабар. Ол апайдың өзін - өзі ұстауы өте шынайы, сөйлеу машығы адамды жалықтырмайды, қызықтыра түседі. Сол кісі болып, өзім оңашада «хабарлар» жүргізем. Менің де өзімнің «Дара жолым» бар. Бір күні ана бір жазушымен, тағы бір күні ана бір ақынмен, сабақ беретін барлық ұстаздарыммен «сұхбаттар» жүргізіп, түрлі сұрақтар қойып, оған өзім жауап беріп, біраз тәжірибе жинақтадым. Сөйтіп Дана апайымнан көп нәрсе үйрендім. Енді сол үйренгендерімнен нәтиже шығарып, өз жолымды тапсам деймін. Журналист болу үшін сөз саптасыммен бірге сымбатым да әдемі болу керек. Ол жағынан да құр емеспін. Құрбыларым «Сұлу қыз» деп шақырғанына, жеңгемнің «Сұлуым» деп ат қойғанына қарағанда, сыртқы сұлулығымның бар екендігін де білемін, өзіме өзім риза боламын. Міне, енді мектепті ойдағыдай аяқтап, журналистика мамандығына барып, құжат тапсырып, сыннан өтуге дайындалып жүрмін.

Алыстағы армандар қол бұлғап мені шақыра береді. Осынау сөз қадірін білетін мамандыққа қызығушылығым күн санап артып келеді. Арман жолында аянбай ізденіумен келемін. Мен қалайда журналист болам. Және бұл арманымның орындалатынына кәміл сенемін. Арман алдамайды.

Сұлтанова Ләззат Сүлейменқызы
12 773
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқушылар шығармашылығы
Оқушылар шығармашылығы
Оқушылар шығармашылығы
Арманымның бейнесі
Арманымның бейнесі
А. Розыбакиев орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Жолдасова Айзат
Болашақта кім боламын?
Болашақта кім боламын?
Жолаушы Ғалымбек 9 жаста Шығарма Болашақта кім боламын?
Мамандықтар шеруі
Мамандықтар шеруі
Рсаева Айман №11 орта мектеп Қызылорда қаласы
Кім болғым келеді?
Кім болғым келеді?
Шымкент қаласы №30 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі Нажиметова Анар Мәлікайдарқызы
Менің арманым
Менің арманым
Біз бүгін сыныптас достарымызбен Каспий теңізіне саяхатқа шығамыз. Бүгін өтетін тақырыбымыз "Менің арманым". Мөлдіреген көк теңіздің жағасында, өзіміздің сыныптастарымызбен арман туралы ой қозғайық.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×