Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейнет пен зейнет

28 қазан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Бейнет пен зейнет

Қыс келер көңіліңнің мұзы қатып,
Бейне ұйқыға түсерсің сілең қатып.
Ар деген арланып шығар пенде болсаң,
Қайта шығар күндерің кеткен батып.

Күндерден жеті күнің қайта туып,
Көңілдің жібір мұзы шуақ түсіп.
Көп сөйлеп, көңіліңе кірбің түссе,
Шайтанның көбейгені қаның қызып.

Тазартпай ет малыңды есті жиып,
Бой өрісіңді қалыңдатпай жерді кезіп.
Сөз майданына түскенің тілді безеп,
Көпке ілесіп мас болдың ардан безіп,

Таза ақыл бос жатса, кетер шіріп,
Бастан масіх болмаған мұзы еріп.
Суық милы, сасық иіс баурағандар,
Семіз сөйлер, әлемнен білім жиып.

Бейнет керек, арамды тәннен қуар,
Ет малыңды ауыртып термен жуар.
Қол қимылдамай баста ой қозғалмайды,
Бейнетсіз зейнет келмес жарық болар.

Тағдырдың тауқыметін тартсаң күйік,
Қорғансыз күзетшісіз кісің киік.
Атадан қалған ақ сауытын артқа тастап,
Дәлдеп атқан дұшпаның кеткені оғы тиіп.

Күзетсіз иман келмес білім біліп,
Өз қауымың жеті атаңды алмай жиып.
Құдайдан тағдыр түзер жоба алмай,
Иман деме ардан сауып жүрмей киіп.

Ақиреттің өмірінен кеткен күдер үзіп,
Риза қылмай өлісін нәпсі тиып.
Зейнетсіз қалғандардың жаны өлі,
Келтірдім дегенмен иман, дінді біліп.

Мойынды ұсындым деген бастан,
Жынды судан тазартып шарын алған.
Бойұсынар жеті өріс толтырумен,
Бейнет түбі зейнет деген хақтан.

Өмір өзен ағысынан қарсы жүзбей,
Өнер - білім, еңбекпен терді төкпей.
Дінші атанып ілімнен білім жинап,
Есексіз қайық болма жынды жеңбей.
(Қазан 2018 жыл)
** **
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?

Мен көрдім ойнап жүрген қызыл киік,
Кеудесіне мылтықтың оғы тиіп,
Қалжырап, қансыраған, қабақ түскен,-
Кімге батар ол байғұс тартқан күйік?

Мен көрдім сынық қанат көбелекті,
О дағы білер өмірді іздемекті.
Күн шуаққа жылынар қалт - қалт етіп,
Одан ғибрат алар жан бір бөлек - ті.

Мен көрдім ғашық жардан уәдесіздік,
Өмірдің қызығынан күдер үздік.
Жылы жүрек суыды, жара түсті,
Шықпаған шыбын жанмен күн өткіздік.

Мен көрдім дүние деген иттің көтін,
Жеп жүр ғой береуінің бірі етін.
Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда,
Көбінің сырты бүтін іші түтін.
(Абай ата)
** **

Қыс келер көңіліңнің мұзы қатып,
Бейне ұйқыға түсерсің сілең қатып.
Ар деген арланып шығар пенде болсаң,
Қайта шығар күндерің кеткен батып

Тоқберген Байтасов
1 364
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Көңіліңе астамшылық алма
Көңіліңе астамшылық алма
Ертеде бір патша болыпты. Сол патша қанша кітап сөзін, құран сөзін білетін білімі терең кісі болыпты. Бір күні ескіше қазақ кітабын ашып отырған кезінде «адам баласы қандай жүйрік болса да, кемшілік келейін десе, оңай екен» деген сөзді тауып алады.
Мың бір мақал сайысы
Мың бір мақал сайысы
Оқырмандарды “сөз мәйегі - мақал” дегендей ата – бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорың молайту.
Қара сөздер. Абайдың жиырма сегізінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың жиырма сегізінші қара сөзі
Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреудің көңілі жақсылыққа мейілді, біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді - бұлар неліктен десе біреу, сіздер айтасыздар: құдай тағаланың
Қара сөздер. Абайдың он үшінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың он үшінші қара сөзі
Иман деген - алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ.
Қара сөздер. Абайдың алтыншы қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың алтыншы қара сөзі
Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді.
Тәңіріме тәубә етемін
Тәңіріме тәубә етемін
ТӘҢІРІМЕ ТӘУБӘ ЕТЕМІН Мен өзімді қоспаймын жамандарға, Қайта өмірді бастауға шамам қайда. Өкініш пен Арман көп, қолым жетпес, Жас та келді 50 - ге амал бар ма.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.