Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қолғап

27 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Қолғап
Ертеде бір атай күшігімен орманға келе жатса, қолына киетін қолғабының біреуін түсіріп алыпты. Оны көрген тышқан қолғаптың ішіне кіріп алып: «Мен енді осында тұрамын»- депті.
Одан кейін бақа секіріп келіп: Мына қолғапта қайсысың тұрасың?,- депті.
Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын, Ал сен кімсің?- деп сұрапты.
Бақа: Мен бақылдауық бақамын мені кіргізші?- депті.
Тышқан: «Кел» - депті.
Сөйтіп, олар қолғаптың ішінде екеу болыпты. Міне, Қоянда жүгіріп келіп, қолғапқа жақындап: «Мына қолғапта қайсысың тұрсың?»,- депті.
Тышқан, бақа: «Шиқылдауық тышқанмын, бақылдауық бақамын. Ал сен қайсы жануарсың?» - деп сұрапты.
Қоян: «Мен желаяқ Қоянмын. Мені де кіргізіңдерші?»- депті.
Олар: «Кел»- депті.
Сөйтіп олар үшеу болыпты.
Одан кейін түлкі келіп: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?»- депті.
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын. Ал сен өзің қай жануарсың?»- депті.
Түлкі: «Мен әпкелеріңмін. Кіргізіңдерші мені де»- депті.
Олар: «Жарайды, кел»- депті.
Сөйтіп, қасқырда келіпті: «Мына қолғапта қайсың тұрасың?»- депті.
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, менТүлкімін. Ал сен өзің қай жануарсың?- депті.
Қасқыр: «Ал мен қасқыр ағаларыңмын, кіргізіңдерші мені де»,- депті.
Сөйтіп қолғапқа бесеуі де сыйып кетіпті. «Хрпо - хро - хро»,- деп қабан жүгіріп келіпті:
Мына қолғапта қайсысың тұрасың?,- депті.
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін, ал мен Қасқырмын. Ал сен өзің қай жануарсың?- депті.
Қабан: «Мен Қабанмын, мені декігізіңдерші»,- депті.
Олар: Сен мұнда қалай кіресің,- дейді.
Қабан: «Мен кіре аламын, жіберсеңдер»,- депті.
Олар: «Жарайды, кіре ғой»- депті. Сөйтіп олар алтау болыпты. Қолғаптың іші тар болыпты. Сөйтіп отырғанда Аю келіп: «Мына қолғапта қайсың тұрасың?»- депті.
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, менТүлкімін, ал мен Қасқырмын. Мен қабанмын. Ал сен өзің қай жануарсың?»- депті.
Аю: «Қалай көпсіңдер, мені де кіргізіңдерші?»- депті.
Олар: Қалай кіргіземіз, өзі іші тар боп тұрса?»
Аю: «Қалай болса да сыямыз?»- депті.
Олар: «Жарайды, кел жанымызға».
Сөйтіп аюда сыйып жетеу болыпты. Қолғаптың іші тар, міне жарылайын деп тұрғандай. Бір кезде ата өзінің қолғабының жоқ екенін байқап қалады. Сөйтіп қайта кері қарай жүреді, ал иті болса алға қарай жүгіріп кетеді. Жүгіріп келе жатып, қолғапты көреді. Қолғап қозғалып жатыр. Ит сонда: «әуп - әуп - әуп»,- деп үреді. Қолғап ішіндегі жануарлар қорқып, барлығы жан - жаққа қашып кетеді. Атай өз қолғабын көріп алып кетті.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
5 476
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қолғап ертегісі! (Театралдық қойылымдар)
Қолғап ертегісі! (Театралдық қойылымдар)
Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге, ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Үш жалқау
Үш жалқау
Ертеде бірінен - бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай береді екен.
Түлкі мен ешкі
Түлкі мен ешкі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
Түлкі мен қасқыр
Түлкі мен қасқыр
Ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні екеуі келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келіпті...
Үйшік
Үйшік
Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды. - Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Үйшік – теремок – little house ертегі
Үйшік – теремок – little house ертегі
Балалардың ертегілер еліне деген қызығушылықтарын ояту, жан - жақты дамуына ықпал етіп, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, үш тілде сөйлеуге үйрету. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×