Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түлкі мен қасқыр

27 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Түлкі мен қасқыр
Ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні екеуі келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келіпті...
Қасқыр түлкіге:
- Сен жей ғой, достым,- депті.
Түлкі қылмаңдап:
- Менің аузым ораза ғой, достым, сен - ақ жей ғой, - депті.
Қасқыр етті жейін деп тұмсығын соза бергенде, мойнын қақпан қауып қалыпты да, ет ұшып кетіпті. Түлкі етті қағып алып, жеп қойыпты.
Сонда қасқыр:
- Ей, достым - ау, сенің аузың ораза емес пе еді? – депті.
Түлкі:
- Оразам сенің мойныңа түсті ғой, - деп зыта жөнеліпті.

Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
8 933
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түлкі мен ешкі
Түлкі мен ешкі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
Мысық, әтеш және түлкі
Мысық, әтеш және түлкі
Ертеде әтеш пен мысық болыпты. Бір күні мысық орманға кетерде, әтешке ескертеді: «Терезеден қарама түлкі сені көріп, үйіне алып кетеді». Түлкі мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады: Әтеш, Әтеш Алтын айдарлы, Терезеге қарашы, Бұршақ
Түлкі мен тырна
Түлкі мен тырна
Ерте, ерте, ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Түлкі бір күні тырнаны қонаққа шақырыпты. - Тырна, маған қонақ болып кет.
Қолғап
Қолғап
Ертеде бір атай күшігімен орманға келе жатса, қолына киетін қолғабының біреуін түсіріп алыпты. Оны көрген тышқан қолғаптың ішіне кіріп алып: «Мен енді осында тұрамын»- депті.
Мақтаншақ аю (ата - аналармен ертегіні сахналау)
Мақтаншақ аю (ата - аналармен ертегіні сахналау)
Ертегі негізінде достық жайлы баяндалған. Ертегіні ата - аналармен сахналау арқылы балалардың ойлау қабілетін және тілдерін дамыту. Балаларды достық сезімге тәрбиелеу.
Бақылау жұмыстары 2 – сынып
Бақылау жұмыстары 2 – сынып
Есепті шығар. Түлкі мен қасқыр балық аулауға барды. Түлкі 7 балық аулады, ал қасқыр 3 балық аулады. Түлкі мен қасқыр екеуі қанша балық аулады?
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×