Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мысық, әтеш және түлкі

27 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Мысық, әтеш және түлкі
Ертеде әтеш пен мысық болыпты. Бір күні мысық орманға кетерде, әтешке ескертеді: «Терезеден қарама түлкі сені көріп, үйіне алып кетеді». Түлкі мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады: Әтеш, Әтеш
Алтын айдарлы,
Терезеге қарашы,
Бұршақ саған берем.
Әтеш шыдай алмай – терезеден басын шығарады. Түлкі бас салады, осы кезде Әтеш айқайлап досын шақырады. Мысық, досым, Түлкі мені алыс орманға алып кетпек! Көмектесші! Мысық әлі алыс кетпеген екен, досының дауысын естіп, қайта оралып келіп Әтешті құтқарады. Екінші күні мысық тағы кетеді. Түлкі мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады: Әтеш, Әтеш
Алтын айдарлы,
Терезеге қарашы, Бұршақ саған берем. Әтеш шыдай алмай – терезеден басын шығарады. Түлкі бас салады, осы кезде Әтеш айқайлап досын шақырады: Мысық, досым, Түлкі мені алыс орманға алып кетпек! Көмектесші! Мысық әлі алыс кетпеген екен, досының дауысын естіп, қайта оралып келіп Әтешті құтқарады. Үшінші күні Мысық Әтешке: Мен бүгін өте алысқа кетемін, сенің дауысыңды естімеймін. Түлкіге алданып қалма. Түлкі Мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады:
Әтеш, Әтеш
Алтын айдарлы,
Терезеге қарашы, Бұршақ саған берем. Әтеш шыдай алмай – терезеден басын шығарады. Түлкі Әтешті бас салады да алып кетеді. Мысық үйіне қайтып келсе, Әтеш жоқ. Мысық досын іздеуге шығады. Қалың орманда Түлкінің үйіне келіп, өлең айтады. Түлкі өлеңді тыңдап қалғанда Әтеш «кукареку», - деп айқайлайды. Мысық Әтешті алып, үйіне қайтады. Осылай достар бірге болады.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
6 492
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күшік пен мысық
Күшік пен мысық
Ауылдағы көршілес екі үйдің бірінің ала мысығы болды. Бір күні қара күшік көршінің бағына кіріп, сонда жүрген ала мысықты тура қуды. Мысық қашып барып, алма ағашына шығып кетті.
Дос іздеген бота
Дос іздеген бота
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Күнді іздеген достар
Күнді іздеген достар
Жаздың жаймашуақ күні еді. Айналаның бәрі әдемі, көкте күн күлімдеп, шуағын шашып тұр. Күннің шуағы айналаға нұрын төгіп, жан біткеннің бәріне ерекше көңіл күй сыйлап тұрды.
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады. Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой.
Екі әтеш
Екі әтеш
Ертеде бір кемпір - шалдың құс дегенде, асырап отырған екі әтеші бар екен. Қолдарына түскен жемдерін соларға беріп, бағып - қағыпты.
Әтешті құрастырамыз
Әтешті құрастырамыз
Әтешпен таныстыру, ұжымдаса әрекет ете отырып, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. балалардың сөздік қорларын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×