Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақта қыз бен мысық

25 ақпан 2021, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Мақта қыз бен мысық

Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады.
Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой.
(Мақта қыз жан - жағына қарайды. Ашуланады).
Мақта қыз: Келмесең, өз обалың өзіне.
(Мақта қыз дәнді өзі жеп қояды. Бір кезде асықпай мысық келеді).
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын.
Мысық: Ендеше мен сенің қатығыңды төгемін.
(Мысық Мақта қыздың қатығын төгеді).
Мақта қыз: Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын.
(Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады).
Мысық: Берші құйрығымды?
Мақта қыз: Қатығымды қайтарып бер.
(Мысық сиырға барады).
Мысық: Сиыр, сиыр, маған қатық берші.
Сиыр: Менің қарным ашты. Маған жапырақ әкеліп берші.
(Мысық ағашқа барады).
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырағыңнан берші.
Ағаш: Мен шөлдеп тұрмын, су әкеліп берші. Сонда мен саған жапырақ беремін.
(Су әкеле жатқан қызға келеді).
Мысық: Маған суыңнан берші.
Қыз: Сен маған сағыз әкеліп берші, мен саған су беремін.
(Мысық дүкенге барады).
Мысық: Дүкенші, дүкенші, маған сағыз беріңізші.
Дүкенші: Сен маған тауықтың жұмыртқасын әкеліп берсең, мен саған сағыз беремін.
(Мысық әбден шаршайды. Жұмыртқаны іздеп, тауықтарға барады).
Мысық: Тауық, тауық, маған жұмыртқаңнан берші.
Тауық: Менің қарным ашты, сен маған дән әкеліп бер.
(Мысық не істерін білмей отырады. Бір кезде ін қазып отырған тышқанды көреді).
Мысық: Үйіңде не бар? Айт тез. Әйтпесе жеп қоямын.
Тышқан: Үйімде бір қап тары бар.
(Тышқан қорқып тұрады).
Мысық: Маған бір уыс тары бер:
Тышқан: Мә - ә - ә - ә ала ғой.
Мысық: Тауық, тауық, міне дән саған.
Тауық: Міне саған жұмыртқа.
(Тауық дәнді алып, жұмыртқаны тәрелкеге салып береді).
Мысық: Дүкенші, дүкенші, міне жұмыртқа. Маған сағыз беріңізші.
Қыз: Алақай, мысық маған сағыз әкелді. Міне саған бір шелек су.
(Мысық суды ағаштың түбіне құяды).
Ағаш: О, рахат қандай. Міне саған жапырағым.
Мысық: Сиыр, сиыр, жапырақты ал. Маған қатығыңнан берші.
Мысық: Мақта қыз, міне сенің қатығын, ал.
Мақат қыз: Көрдің бе, мысығым, дән же деп шақырғанда, келмедің. Айтқан тілді алмадың, құйрығыңнан айырылдың.
Мысық: Ке - е - е - е - шірші, мяу - у - у. Мен енді бұзық болмаймын. Айтқаныңды тыңдаймын.
Мақта қыз қатығын алып, мысықтың құйрығын қайтарады. Сөйтіп, екеуі тату дос болып қалды.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
13 481
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақта қыз бен мысық ертегісі
Мақта қыз бен мысық ертегісі
Ертегілер туралы білімдерін күшейту. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу. Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.
Әліппе саған мың алғыс!
Әліппе саған мың алғыс!
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы, Шоқан Уалиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Капышева Айгүл Қалымбекқызы
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Утегенова Рада Изгабдиевна
Теңдеу және оны шешу
Теңдеу және оны шешу
Сабақтың мақсаты: Теңдеу және оны шешу тәсілдерін үйрету. 1. Оқушыларды теңдеу шешу тәсілдерімен таныстыру;
Ананың біз гүліміз
Ананың біз гүліміз
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, № 2 мектептегі шағын орталық тәрбиешісі Ахметова Сулушаш Заркешқызы
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды ауылы «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиеші: Гүлаш Бексейтова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×