Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арыстан мен түлкі

27 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Арыстан мен түлкі
Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:
- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты.
Аңдар бір - бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:
- Халіңіз қалай, тақсыр?- деп көңілін сұрады.
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік, - деді арыстан.
Түлкі:
- Мен саған жақын барар едім - ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! - деп жүріп кетіпті.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
5 430
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түлкі мен ешкі
Түлкі мен ешкі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
Түлкі мен қасқыр
Түлкі мен қасқыр
Ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні екеуі келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келіпті...
Түлкі мен тырна
Түлкі мен тырна
Ерте, ерте, ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Түлкі бір күні тырнаны қонаққа шақырыпты. - Тырна, маған қонақ болып кет.
Сәнқой түлкі ертегісі
Сәнқой түлкі ертегісі
Ерте, ерте заманда бір қу түлкі өмір сүріпті. Ол түрлі - түрлі көйлектер тіге білетін шебер болыпты. Бірақ тіккен көйлегін тек өзі ғана киеді екен. Бір күні арыстанның туған күні болатынын хабарлайды.
«Көктем сәні» сахналық қойылым
«Көктем сәні» сахналық қойылым
«Көктем сәні» сахналық қойылым
Ертегілер әлемінде
Ертегілер әлемінде
Суреттер арқылы әр түрлі ертегілерге сипаттама бере отырып, сөйлеу, ойлау, тыңдау қабілеттерін, тіл байлығын дамытып, сөз қорын жетілдіру. Фланелеграфта пайдалану арқылы әңгімелей білуге дағдыландыру. Еңбекке, жаман мен жақсыны ажырата білуге
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×