Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нан қайдан шығады?

21 қазан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Нан қайдан шығады?
Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа піскен сап - сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр - жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды.
Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып шыққан жеріне, кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тесіктен сақтана сығалады.
- Нан, нан, сен қайдан шықтың? – деді сыбырлап.
- Сатушыдан сұра, - деді нан.
Тышқан сатушыға келді.
- Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?
- Наубайшыдан сұра, - деді сатушы.
Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.
- Нан қайдан шығады? – деді бір наубайшыға келіп.
- Диірменшіден сұра, - деді Наубайшы.
Тышқан диірменшіге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр-көбелек айналады. Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып - жұмғанша қап - қап ұн дайын болды. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып, таңдана, қарап тұрды да:
- Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? – деп сұрады.
- Комбайншыдан сұра, - деді қырманшы қарт.
Тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастайды. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:
- Комбайншы, комбайыншы, нан қайдан шығады? – деп сұрады.
Көктемде, тракторшы жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - деді комбайншы.
- Ой, мұның – азап қой. Мен шалқайып жатып - ақ нан таба беремін, - деп қутың - қутың етті тышқан.
- Әне, мысық келе жатыр! – деді комбайншы.
Сол - ақ екен, тышқан бір ескі інге зып берді.

Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
17 494
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қолғап ертегісі! (Театралдық қойылымдар)
Қолғап ертегісі! (Театралдық қойылымдар)
Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге, ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Торғай мен тышқан
Торғай мен тышқан
Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егеді. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқиды.
Үйшік
Үйшік
Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды. - Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Тіл дамытуға арналған мәтіндер
Тіл дамытуға арналған мәтіндер
Үш аңшы аңға шығыпты. Күн бойы құс аулап, кешке жалғыз үйрек атып алыпты. Аңшылар әбден шаршап, бір өзеннің жағасына келіп түнейді.
Жыл басына таласқан жануарлар
Жыл басына таласқан жануарлар
Ертегінің мазмұнын түсіндіру. берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету.
Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі
Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі Әбен Феруза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×