Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақылды лақ ертегісі

27 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Ақылды лақ
Ертеде бір бұзау, бір лақ, бір тоқты ел көшкенде ойнап жүріп байқаусызда жұртта қалыпты. Үшеуі тірнектеп жүріп, қос тұрғызып алыпты. Қосы бір бұлақтың басында екен, оның қасында зәулім бәйтерек өсіп тұрыпты. Бұлардың айдалада иен қалғанын естіп, бір тойып алайын деген ниетпен аю іздеп келіпті. Лақ қорбаңдап келе жатқан аюды көреді де, алдынан жүгіріп шығып қарсы алыпты. Лақ аюды өзінің үйіне кіргізіп, төрге шығарады. Лақ:
- Аю ағамыз келіп қалған екен, не тамақ береміз, - деп сұрайды тоқтыдан.
Сонда ақ лақ төрден дауысын көтеріңкіреп:
- Басқа аюдың басын ас, соңғы аюдың төсін ас, дым болмаса осы аюдың өзін сой, барлық етін түгел ас, - депті.
Мұны естіп отырған аю:
- Бұлар аюдың етін жейді екен ғой, - деп орнынан тұра қашыпты. Қашып бара жатқан аюдың алдынан қасқыр кездесе кетеді екен.
Аюдың қылығына таңданған қасқыр:
- О, аюжан, неден қашып келесің, сонша аптығып? – деп сұрайды қасқыр.
Аю:
- Мына белдің арғы жағасында, бұлақтың жанында бұзау, тоқты, лақ тұрады. Соларды байқап көрейін деп барып едім, өзімді жеймін деген соң зорға қашып, құтылдым.
Қасқыр:
- Қой әрі. (Аюдың сөзіне күледі).
Аю:
- Бір аюдың басын, бір аюдың төсін жейміз деп дауласып жатқанда мен қаша жөнелдім.
Қасқыр:
- Ендеше жүр, екеуміз бірге барайық, үшеуінде қоршап алып, тең бөліп жейік.
Аю:
- Жоқ, мен бармаймын. Өзің - ақ бара бер.
Сол арада қасқыр жіп тауып алады да, бір ұшын аюдың мойнына, бір ұшын өзінің мойнына байлайды. Сөйтіп аюды зорлықпен алып жүреді.
Аюды жетелеген қасқыр, тартыса - тартыса қосқа жақындағанда, лағы жүгіріп сыртқа шығады.
Лақ:
- О, қасеке біз үшеуміз, ол аюға тоймаймыз деп, - айғайлайды.
Бұл сөзді естіген аю, бұрынғыдан бетер шошып, кері қарай қаша жөнеледі.
Қасқыр жіпке буынып, қылқынып қалады. Бір жерге келгенде аю жіпті үзіп, тастап кетеді. Ес түсінен айырылып, әлсіреп жатқан қасқырға, дала кезіп жүрген тағы бір қасқыр былай дейді:
- О, досым, неғып жатырсың, - дейді.
Есін жиған қасқыр:
- Неғып жатушы едім, аюдың ақмақтығынан өлгелі жатырмын. Мені аю сүйретіп, жығып кетті, - деп басынан кешкен оқиғасын айтып береді.
- Онда өзіміз - ақ барайық. Сонымен екі қасқыр қосқа қайта барады. Бұларға қолданар шарасы таусылған бұзау, тоқты, лақ үшеуі бәйтерекке шығып алады. Лақ бас жағынан, тоқты ортасынан, бұзау олардан төменірек орналасады. Бәйтеректің түбіне келген соң, әлгі жолдан қосылған қасқыр, кел екеуміз, мына ағаштарды ырғайық. Аналар алма құсап, жерге төгіледі, - деп ағаш астына дайындалып тұрғанда, бұзау отырған бұтақ сынып кетеді де, жерге топ ете түседі. Содан сестеніп тұрған қасқырдың бел омыртқасы үзіліп кетіпті. Бұдан кейін аю қылқындырып кеткен қасқыр қорқып, өз бетімен қаша жөнеліпті. Сөйтіп бұзау, тоқты, лақ ажалдан аман қалыпты. Күзде ескі жұртына көшіп келген иесі, аман - есен жайылып жүрген малын тауып алыпты.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
3 814
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызыл телпек ертегісі
Қызыл телпек ертегісі
Eртеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты.
Түлкі мен ешкі
Түлкі мен ешкі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
Түлкі мен қасқыр
Түлкі мен қасқыр
Ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні екеуі келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келіпті...
Қолғап
Қолғап
Ертеде бір атай күшігімен орманға келе жатса, қолына киетін қолғабының біреуін түсіріп алыпты. Оны көрген тышқан қолғаптың ішіне кіріп алып: «Мен енді осында тұрамын»- депті.
Ақылды лақ
Ақылды лақ
Ақылды лақ. Бір бұзау, бір тоқты, бір лақ ел көшкенде жұрттан қалыпты. Үшеуі дос болып, қос тұрғызып алыпты. Қосы бір бұлақтың бойында екен, қасында бәйтерегі бар екен. Бұлардың хабарын естіп бір аю жеймін деп қостың қасына келген екен
Бауырсақтың бастан кешкендері
Бауырсақтың бастан кешкендері
Бауырсақтың бастан кешкендері (ертегі)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×