Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кешірім сұрау

29 мам 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Кешірім сұрау
Бір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген құмырсқа ашуланып: “Әй, Алланың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні жер мен көктердің Иесі, жәбірленушінің ақысын зұлымдық етушіден алып беретін, әділдік иесі Алла Тағаланың алдында жауап беретініңді ұмыттың ба?” - дейді. Құмырсқаның бұл сөзін естіген Сүлеймен пайғамбар есінен танып қалады. Сәлден соң есін жинап, құмырсқадан кешірім сұрайды.

Сонда құмырсқа: “Менің үш шартымды орындамайынша, сенің жәбіріңді кешірмеймін”,- дейді. Сүлеймен оның қандай шарт екенін сұрайды. Құмырсқа оған: “Біріншіден, бірдеңе сұрап келген адамды бос қайтарма, өйткені сенен қайыр сұраушы шын мәнінде Алланың саған берген кеңшілігінен сұрап келеді. Олай болса, оларды Алланың кеңшілігінен қалайша тыясың? Екіншіден, осы дүниеде өзіңе берілген артықшылықтарға алданып, дандайсыма, жүрегің қатаяды. Саған бүкіл патшалықты берген Алла Тағала екенін есіңде түт. Үшіншіден, көмек сұрап келген адамнан қолыңнан келгенді аяма!” - дейді. Сүлеймен оған: “Алла қаласа, бұл айтқан шарттарыңды орындаймын,” - деп уәде береді.
Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев
1 997
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адасқан құмырсқа ертегісі
Адасқан құмырсқа ертегісі
Баяғыда бір құмырсқа өзінің бауырластарына өкпелеп, илеуден кетіп қалады да, ара мен қоңызға барып, солармен достасыпты.
Құмырсқаның қанағаты (Ертегі)
Құмырсқаның қанағаты (Ертегі)
Ертеде бір данышпан кісі болыпты. Ол кісі жан - жануарлардың, құрт - құмырсқаның тілін біледі екен.
Кешірім мен келісім
Кешірім мен келісім
Оқушылардың ешкімге қиянат жасамай, кешірімді болу және басқа адами қасиеттер туралы түсініктерін дамыту.
Құмырсқаның қанағаты
Құмырсқаның қанағаты
Атырау қаласы, Жұлдыз ықшам ауданы , Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі нің бастауыш сынып мұғалімі Бисешева Талапты Құсайынқызы
Рахмет саған, Анашым
Рахмет саған, Анашым
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлсім Әжібаева
Мен қалай құмырсқа болдым?
Мен қалай құмырсқа болдым?
Байқоңыр қаласы, №8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің 6"ж" сынып оқушысы, Байдуллаева Фариза Кенжеғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×