Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киімдер туралы жұмбақтар

18 шілде 2019, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Киімдер туралы жұмбақтар

Ерте тұрдым, алып ұрдым.
(Етік)

Ашамайды арта салдым,
Айыр жібін тарта салдым.
(Тымақ)

Төрттен қосқан басы бар,
Маңдайында шашы бар.
Өзің көрген баяғы,
Салпылдайды сабағы.
(Тымақ)

Бір нәрсе менен биік,
Кейде менен аласа.
Мұндай қызық дүниеде,
Көріп пе едің тамаша.
(Бөрік)

Күндіз төбеңе шығады,
Түнде шегеге шығады.
(Бөрік)

Маңдайы бар тілі жоқ,
Құлағы бар үні жоқ.
(Құлақшын)

Сұлу – сұлу құнаным,
Сылдырлаған жүгенім.
Аяз күнде мінбеген,
Аяғы жерге тимеген.
(Сәукеле)

Таңертең тұрдым,
Екі сайды қудым.
(Шалбар)
Бес ін, бес інің
Аузы бір ін.
(Қолғап)

Түзде адымдайды,
Үйде дамылдайды,
Дәлізге жұрт тастайды
Төрге аяқ баспайды.
(Сыртқа киетін аяқ киім)

Тастамайды белінен,
Балалардың көбі оны
Күресуден теңімен,
Кім қашады дегені.
(Белбеу)

Іші – егіс
Сырты – тегіс.
(Тон)

Дорбаға тығып бас жағын,
Байлай салдым қос жағын.
(Тымақ)

Адамның сәні,
Онсыз мәні жоқ.
(Киім)

Қара құрым жайлы өзі кигенінде,
Іздері жоқ біздің де, түйменің де.
(Пима)

Ортасы күмбез,
Іргесі тегіс – ті.
Күннен қорғайды,
Шыңдағы егісті.
(Қалпақ)

Әжеме өң берген,
Жиегін көмкерген.
Етегі желкеңдей.
Киім еді ол нендей?
(Кимешек)

Әшекейлі күбіні,
Үюлі тұрған шөмеле,
Кигіздім биік төбеге.
(Сәукеле)

Қолы бар,
Саусағы жоқ.
Мойны бар,
Басы жоқ.
(Көйлек)

Күндіз
Таяғымды қаптаймын,
Түнде
Босағаға тастаймын.
(Аяқ киім)

Судан ғайып,
Әжемде бар,
Қос қайық.
(Кебіс)

Қаз – қатар тегісі бар,
Қақпақсыз есігі бар.
Көмейінде тілі бар,
Аузын буар жібі бар,
Кеме сынды пошымы,
Білсең айтшы, осыны?
(Бәтеңке)

Есігі біреу,
Бөлмесі бесеу.
(Қолғап)

Киімдегі қуыс,
Ұсақ – түйекке ыдыс.
(Қалта)

Дөңгелек өзі,
Төртеу көзі.
Ұстайды мықтап,
Тұрғанды сырттап.
(Түйме)

Көсеуді бесеуге тықтым.
(Қолғап)

Гүлдері бар құлпырған,
Кең жазықтан аумайды.
Оған әркім ұмтылған,
Киім киер оңтайлы.
(Мата)

Адамдардың киімін,
Ұстап тұрар иығым.
(Киім ілгіш)
Әртүрлі жұмбақтар қарау
10 581
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Киімдер
Киімдер
Киімдер тақырыбы бойынша сөздік қорларын кеңейту, үлгі бойынша сөйлемдер құрап айтуға үйрету.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, сауалнамалар өткізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілетін дамытып сабаққа қызығушылығын және ойлау қабілетін арттыру. Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, халықтың ұлттық киімдерін қастерлей білуге тәрбиелеу.
Дұрыс киіне білесің бе?
Дұрыс киіне білесің бе?
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейі Тасқалиева Альбина Ерболатқызы
Қазақтың ұлттық киімдері
Қазақтың ұлттық киімдері
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аудандық көркемсурет лицейінің мұғалімі Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шамуратова Куралай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×