Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тағамдар туралы жұмбақтар

18 шілде 2019, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Тағамдар туралы жұмбақтар

Сырты тас,
Іші ас.
(Жаңғақ)
Судан шығады,
Суда қорқады.
(Тұз)

Үсті тас, асты тас
Ортасында піскен ас.
(Нан)

Жеке өзін жей алмайсың,
Онсыз асты да аузыңа алмайсың.
(Тұз)

Жылт – жылт етеді,
Жылғыдан өтеді.
(Су)

Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
(Дастарқан)

Қар дейін десем,
Қап қатты.
Тас дейін десем,
Тәп тәтті.
(Қант)

Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
(Пияз)

Айдалада ақ отау,
Аузы мұрны жоқ отау.
(Жұмыртқа)

Ұрмай – соқпай жылатады,
Әркім бірақ ұнатады.
(Пияз)

Аппақ су – дәмі тәтті,
Ішсең сусын қандырады.
Шөлдегенде қатты.
(Қымыз)

Сұйық еді аппақ,
Бауырдай боп қатыпты,
Ішсең дәмі тәтті ақ.
(Айран)

Аппақ ас, сызы бар,
Балалар қызығар.
(Балмұздақ)

Аппақ сұйық,
Қалса ұйып,
Шөлің қанады,
Ішсең құйып.
(Сүт пен айран)

Ең мықты дәрі,
Жұрттың бәрі.
Аусап ішер,
Бал татыр дәмі,
Ненің нәрі.
(Шұбат)

Әжем уыстап сығып,
Далада кептірген.
Қатты әрі тәтті дәмін,
Кім бар жеп көрген?
(Құрт)

Мал төлдеп,
Әр ауыл
Пісірді ақ бауыр.
(Уыз)

Тобатайға құртымдай,
Жаз бойы бір тынбай.
Жинаған гүл сөлін,
Не?
Білсең, айтшы өзің?
(Араның балы)

Аспан түстес сұйық,
Әркім ішер құйып.
(Су)

Бір жансыздың қаны бар.
Тіл үйірген дәмі бар.
Шөлдесең іш, қанып ал.
(Кесе мен шай)
42 117
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді көкөністер
Көңілді көкөністер
Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Екі заттан құрылған натюрморт
Екі заттан құрылған натюрморт
Мүсін өнері туралы білімдерін кеңейту. Мүсіндердің жасалу жолдарын, оның заңдылықтарын есте сақтай отырып түсіндіру. Дамытушылық: Оқушыларды логикалық ой – қиялдарға және шығармашылық ізденістерге баулу.
Жұмбақтар әлеміне саяхат
Жұмбақтар әлеміне саяхат
«Ақбота» балабақшасы Қайрғалиева Бағдагүл
Бастауыш сынып дарабозы
Бастауыш сынып дарабозы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп - интернат» бастауыш сынып мұғалімі Муталиева Жамила Әшірханқызы
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Жітіқара қаласы, №12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ерсарина Ләззат Евсейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×