Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Спорт туралы жұмбақтар

05 ақпан 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Спорт туралы жұмбақтар
Қарсы шапқан бұқаны,
Кімдер түйреп ұтады?
(Тореадор)

Ат үстінде алысқан,
Белуардан шешініп
Бір - бірімен сайысқан.
(Аударыспақ)

Адамдар бар ұшса,
Қалықтар көкте құсша.
(Дельтопланшы)

Жүз метрге жүгірген,
Желаяқты кім білген?
(Спринтер)

Қырық екі шақырым қашықтан
Жүгіріп өтіп машыққан.
(Марафоншы)

Ұзын сырық қолында,
Секірер биік жолында.
(Сырықпен секіруші)

Допты алып қолға,
Дәл түсірген торға.
(Баскетболшы)

Мініп алып арғымақ,
Кедергілерден қарғымақ.
(Ат спортшысы)

Қарсылас екі топ,
Суда ойнап жүр доп.
(Ватерполшы)

Шеберлік көрсетіп жүргендер,
Ағаш атқа мінгендер.
(Гимнасшы)

Айдын суда жалтыр,
Құлаштап жүзіп малтыр.
(Жүзгіш)
Сенген екеу күшіне,
Итерісіп жатады
Кіріп шеңбер ішіне.
(Сумошы)

Атпен қуып жеткен,
Қашқан қызды өпкен.
(Қыз қуу)

Қолындағы семсермен,
Қарсыласын еңсерген.
(Фехтовальщик)

Өрмелеп биік шыңға,
Түсетіндер сынға.
(Альпинист)

Мұзды алаң.
Билеп жүр екі адам.
(Мұзда билеу, фигуристер)

Қайықта жалғыз ескек,
Онымен қалай еспек?
(Байдаркашы)
Күштілер бар не бар,
Көтерген ауыр темір.
(Штангашы)

Мұз айдында тайғанақ,
Жарысқандар сырғанап.
(Конькиші)

Екі мықты «мен» дескен,
Бір - бірімен белдескен.
(Палуан)

Найза лақтырып алысқа,
Түсетіндер сайысқа.
(Найза лақтырушы)

Аяққа тағып шаңғысын,
Аспанға ұшып қарғысын.
(Слаломшы)

Қолдарымен бір допты,
Он екі ойыншы соқты.
(Волейболшы)
Нысанаға қадап,
Атып жатыр садақ.
(Садақшы)

Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа.
(Футболшы)

Таба алмай оң менен солыңды,
Адассаң қапылыста.
Дәл сілтер көрсетіп жолыңды,
Шығысқа,
Батысқа.
(Компас)

Қос әйнектен қарасаң,
Көз алдында тұрады.
Алыстағы орасан.
(Дүрбі)

Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң
Ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап.
(Доп)

Мінсем,
Төменге зу етем,
Өрлесем,
Оны өзім сүйретем.
(Шана)

Аяғымда
Басы қайқы қос сырық.
Таяғым да
Қуады оны састырып.
(Шаңғы)

Табанға қанжар байладым,
Бетінде айна ойнадым.
(Коньки)
Әртүрлі жұмбақтар қарау
31 634
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Спорт - сенің серігің" спорттық сайыс
"Спорт - сенің серігің" спорттық сайыс
1. Спорттық сайыстың мақсаты: а) Спорт – сенің серігің ойындары арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру
Дене шынықтыру пәні бойынша тест
Дене шынықтыру пәні бойынша тест
Дене шынықтыру сабақтарында сабақты дайындық, негізігі, қорытынды бөлімдерге неге бөледі?
Допты торға тастау әдістері
Допты торға тастау әдістері
дене тәрбиесі сабағында қажетті білім алуына, салауатты өмір салтын өмірлік серік етуіне ықпал ету. жылдамдыққа, ептілікке, икемділікке, қимыл қозғалыс дағдыларын дамыту
Cowдың бастан кешкендері
Cowдың бастан кешкендері
Ерте, ерте, ертеде аспандағы орманда animals ерекше өмір сүріпті. Ну орманға саяхаттап шыққан сow талдан - талға секіріп жүрген horsesті, жайылып шөп жеп жүрген fishesті, суда жүзіп жүрген monkeysті, талға өрмелеп бара жатқан goatті көріп мәз болады.
Ұлттық спорт түрлері
Ұлттық спорт түрлері
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Базилова Перизат Нурлановна
Спорттық сайыс-дода.
Спорттық сайыс-дода.
ШҚО, Аягөз қаласы, №3 жалпы орта білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оразбекова Гулжамал Букеевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×