Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев

04 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Тақырыбы: Абай Құнанбаев (1845 - 1904)
(реферат презентация түрінде)

Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау өңiрiнде дүниеге келген. Алғашында Абай өз аулында Ғабитхан деген татар молдасынан бiлiм алды. Кейiн ауқатты Құнанбай баласын Семейдегi Ахмет Ризаның медресесiне оқуға бердi. Медреседе ол Шығыс әдебиетiн көп оқыды, қаладағы “приходская школа” деген орыс мектебiне барып жүрдi. Мектепте жүрген шағында ақындық талабын байқата бастады. Алайда аға сұлтан Құнанбай Абайдың қаладағы оқуын аяқтатпады. Абайдың әндерi, өлеңдерi қазақ даласына кең тарады. Абай шығармаларының терең пәлсапалық ойлары – кейінгі ұрпаққа қалған өшпес мұра.

Абай Құнанбаев кім?
Ұлы ақын
Философ
Табиғат лирикасы
Махаббат лирикасы
Аудармашы
Сыншы
Композитор

Абай және Шығыс - Батыс әдебиеті
Абай бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Науаи, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады. 1885 жылы “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңін кейін 1886 жылы “Ғылым таппай мақтанба” өлеңін жазып бітіреді. Абай Пушкиннің “Евгений Онегин” романынан үзінділерді, Лермонтовтың “Бородино”, “Теректің сыйы”, “Демон”, “Жалау”, “Жартас”, т. б. Ондаған өлеңдерін, Крыловтың “Қазаға ұшыраған қара шекпен”,”Шегіртке мен құмырсқа”, “Бақа мен өгіз”, “Піл мен қанден”, “Есек пен бұлбұл”, т. б. Мысалдарын аударады. Гетенің “Қараңғы түнде тау қалғып” өлеңін орысшадан аударып, ән де шығарады.

Сұрақ - жауап
1. Абай Құнанбаев кім?
Ақын
2. Абай жасынан қандай болды?
Ынталы, зерек
3. Абай Құнанбаев қайда оқыды?
Медреседе
4. Абайдың шын аты кім?
Ибраһим
5. Абай Құнанбаев қай қалада оқыды?
Семей қаласында
6. А. Құнанбаев Гоголь кітапханасында кіммен танысты?
Е. П. Михаэлиспен танысып достасып кетеді
7. Әкесі оны қайда оқуға береді?
Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді.

Жылдар құпиясын ашамыз
1. 1845 жылы Абайдың туған жылы.
2. 1860 жылы Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына барады.
3. 1885 жылы “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” деген өлеңін жазған.
4. 1904 жылы 23 маусымда дүниеден озды
5. 1889 жылы А. С. Пушкиннің атақты “Евгений Онегин” романын аударды.
6. 1890 жылы “Жазғытұры” деген өлеңін жазды.
7. 1880 жылы Михаэлис Абайды Долгополов пен Леонтьев пен таныстырды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
43 419
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай туралы шығарма эссе
Абай туралы шығарма эссе
Абай Құнанбайұлы (1845 — 1904) жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге туылған. Абай қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшы, философ, ақын
Абай шығармашылығындағы табиғат лирикасы
Абай шығармашылығындағы табиғат лирикасы
Ұлы ағартушы, ақын, сазгер Абай өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Артына қалдырып кеткен аса құнды мұраларында Абай адам бойында кездесетін жаман мінез - құлықтарды сынады және адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды.
Абай Құнанбаев "Қыс"
Абай Құнанбаев "Қыс"
Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп – кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы Абай Құнанбаев "Қыс" (5 сынып Қазақ әдебиеті)
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Ақжар қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қалитова Гаухар Кентайқызы
АБАЙ - ДАРА, АБАЙ-ДАНА КАЗАКТА
АБАЙ - ДАРА, АБАЙ-ДАНА КАЗАКТА
Абай (Ибраһим) Құнанбаев. (1845-1904) Абай қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×