Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақал – мәтелдер

05 қазан 2013, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Мақал – мәтелдер

Бөрі баласын асырағанмен ит болмас.
Таршылықты көрмесең кемшілікті білмессің.

Ұрыс ырысты қашырар,
Ынтымақ халықты асырар.

Адам бір - біріне қонақ.
Айла алтау, Ақыл жетеу,
Айла мен ақыл қосылса,
Алдырмайтын екеу.

Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.
Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.

Шықсақ төбеміз бір болсын,
Жатсақ көріміз бір болсын.

Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.

Ақылды өзінен көреді,
Ақылсыз ағайыннан көреді.

Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Күйесіз қазан жоқ,
Қайғысыз адам жоқ.

Жасық адам жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам жасына жетпей марқаяр.

Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жер - соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады.

Кісіні кейде таршылық сынайды,
Кейде баршылық сынайды.

Әркімнің өзі шығар биігі бар.

Жұмсақ ағаш құртқа жем,
Жұмсақ адам жұртқа жем.
Бейтаныс кісі - Бітеу жаңғақ.

Ынтымақ - ой өтпес сауыт,
Татулық - тамаша сауық.

Игілік басы - ынтымақ,
Ынтымақты елде күншуақ.

Ырыс алды - ынтымақ.
Ынтымақты іс бітірер.

Кеңесті жерде кемдік жоқ,
Кеңессіз жерде теңдік жоқ.

Ынтымақ болмай іс болмас.

Ынтымақтың иығы биік.

Ынтымақ қайда болса, ырыс сонда.

Кеңесіп кескен қол ауырмас.

Түйін бір қолмен байланбайды, бір қолмен шешілмейді.

Ақылсыз адам айқай келеді.
Жан - жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай - жай сөйлейді,
Жан жағын байқай келеді.

Күш бірлікте.

Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік.

Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

Кеңеспен пішкен киім кең де болмайды, кем де болмайды.

Теңге - тиыннан, ынтымақ - ұйымнан.

Қағазға тіл бітірген - қалам,
Жансызға жан бітірген - адам.

Адам ойға тоймас,
Бөрі қойға тоймас.

Темір сырын отта танытады,
Адам сырын жоқта танытады.

Жаман адам кетсе,
Дүние кеңіп қалғандай.
Жақсы адам кетсе,
Дүние кеміп қалғандай.

Айрылыссаң - азарсың, қосылсаң - озарсың.
Айрылғанды аю асайды, бүлінгенді бөрі асайды.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Алты бақан, ала ауыз.

Әрне көрсең тірлікте, сыйласқан жақсы бірлікте.

Байлық, байлық емес, бірлік байлық.

Бөлінгенді бөрі жейді, жарылғанды жау жейді.

Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.

Бірлік бар жерде - тірлік бар.
Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ.

Жақсы сыйлағанның құлы,
Жаман қорыққанның құлы.

Жақсының соңынан көп ереді,
Жаманның соңынан шөп ереді.

Адам деген ардақты ат.

Адамгершілікке арналған үш сауал бар:
Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.

Еңбек адамның көркі,
Адам заманның көркі.
Біреу, біреуге сүйеу.

Талабы жоқ жас - Қанаты жоқ құс.

Ормансыз жер - жалаңаш,
Армансыз ер - жалаңаш.

Адамның күні адаммен
Біреуің бас, біреуің аяқ бол, біреуің құйрық, біреуің қанат бол.

Біріккен жүз, бытыраңқы мыңды алады.

Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

Ерлік түбі бірлік.
Ынтымақтың түбі - игілік,
Тірлік түбі - бірлік.

Бітер істің басына,
Жақсы келер қасыңа.

Сырласуға дос жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.

Ақ сауыттың жағасы бар,
Жеңі жоқ.
Шын жақсының ашуы бар.
Кегі жоқ.

Ақылсыз атқа мінсе,
Атасын басып кете жаздайды.

Болар адам – он бесінде бас болар,
Болмас адам – қырық бесінде жас болар.

Ақымақ ішкен - жегенін айтады,
Ақылды көрген - білгенін айтады.

Көргенді кісі, көргенін айтар.
Көргенсіз кісі, бергенін айтар.

Жақсының айтқаны келмейді,
Жаманның сандырағы келеді.
Біреуге ор қазба, өзің түсесің.

Жаман болса алғаның
Шын досың да шеттейді.

Жақсыны жамандасаң,
Аруағы тасады.
Жаманды жамандасаң,
Құты қашады.

Жыланға түк біткен сайын,
Қалтырауық болады.
Жаманға мал біткен сайын,
Бақырауық болады.

Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп кетеді.

Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді.

Жаман адам төршіл.

Жақсыдан жаман туады
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.

Жаман мақтанса қатынын сабар.

Жақсылыққа жақсылық,
Әр кісінің ісі.
Жамандыққа жақсылық,
Ер кісінің ісі.

Жақсы арман оздырар,
Жаман құлқын тоздырар.

Жақсыға қылған жақсылық
Өміріңде тозбайды.
Жаманға қылған жақсылық
Бір күнгідей болмайды.

Құдықтан су ішкен,
Қазғанға рахмет айтады.
Ағашты көлеңкелеген,
Еккенге рахмет айтады.

Бір күн тұзын татқанға, қырық күн сәлем.

Жауызға айтқан жылы сөз - Суға жазған сертпен тең.

Өзім асыраған күшігім өзімді қапты.
Қадіріңді білмеске
Қадамыңды көтерме.

Өзі болған қыз төркінін танымайды.

Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпейді.

Саңырауға сәлем берсең "атаңның басы" дер.
Есекті отқа айдасаң, боққа қашар.
11 326
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жол туралы мақал - мәтелдер
Жол туралы мақал - мәтелдер
Жол болмайды асусыз, Той болмайды шашусыз.
Бірлік, ынтымақ, ырыс туралы мақал - мәтелдер
Бірлік, ынтымақ, ырыс туралы мақал - мәтелдер
Батырлықты айт, ерлікті айт, Батырлықты айт, бірлікті айт, Ынтымақ қосып, ел болып, жұрт жасаған тірлікті айт.
Мақал мәтел
Мақал мәтел
Айла алтау, Ақыл жетеу, Айла мен ақыл қосылса, Алдырмайтын екеу.
Мақал – мәтелдер
Мақал – мәтелдер
Мақал – мәтелдер. Батыр мақтанса, Жауға шапқанын айтар. Қу мақтанса, Алдап қаққанын айтар.
Ізгілік – адамгершіліктің белгісі
Ізгілік – адамгершіліктің белгісі
Т. Амандосов атындағы орта мектеп. Ұйымдастырған: Кайрова А
Ынтымақ түбі- береке
Ынтымақ түбі- береке
Байқоңыр қаласы, А. Құнанбаев атындағы №5 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Асатуллаева Кунзипа Кудайбергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×