Абайдың бірінші қара сөзі
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре - көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз - күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
Қара сөздер. Абайдың екінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың үшінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың төртінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың бесінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың алтыншы қара сөзіҚара сөздер. Абайдың жетінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың сегізінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың тоғызыншы қара сөзіҚара сөздер. Абайдың оныншы қара сөзіҚара сөздер. Абайдың он бірінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың он екінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың он үшінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың он төртінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың он бесінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың он алтыншы қара сөзіҚара сөздер. Абайдың он жетінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың он сегізінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың он тоғызыншы қара сөзіҚара сөздер. Абайдың жиырмасыншы қара сөзіҚара сөздер. Абайдың жиырма бірінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың жиырма екінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың жиырма үшінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың жиырма төртінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың жиырма бесінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың жиырма алтыншы қара сөзіҚара сөздер. Абайдың жиырма жетінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың жиырма сегізінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзіҚара сөздер. Абайдың отызыншы қара сөзіҚара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың отыз екінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың отыз үшінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың отыз төртінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың отыз бесінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың отыз алтыншы қара сөзіҚара сөздер. Абайдың отыз жетінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың отыз сегізінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың отыз тоғызыншы қара сөзіҚара сөздер. Абайдың қырықыншы қара сөзіҚара сөздер. Абайдың қырық бірінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың қырық екінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың қырық үшінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың қырық төртінші қара сөзіҚара сөздер. Абайдың қырық бесінші қара сөзі