Білімділер поралы

Музыка және табиғаттың көңіл күйі

Сабақтың тақырыбы: «Музыка және табиғаттың көңіл күйі»
«Сарыарқа». Құрманғазы – тыңдау.
«Кең дала». И. Нүсіпбаев – үйрену.
Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті дағды деңгейін анықтау. Музыкалық шығармалар негізінде қоршаған орта, табиғат туралы ой - пікірін анықтау. Балаларды әдемілікке, әсемдікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
1. Музыканың мазмұнын түсінуге, қорытынды жасауға бағыттау.
2. Музыкалық сауаттылықтарын арттыру.
3. Туған жердің, еліміздің кеңдігін, сұлу табиғатын, байтақ даласын, биік тауларын, мөлдір суларын бала жүрегімен сезіп, оны танып білуге, қадірлеуге, аялауға тәрбиелеу, баулу.
Сабақтың барысы: Оқулықпен жұмыс:
«Музыка және табиғаттың көңіл күйі» тақырыбы оқылады.
Тақырып мазмұнына сәйкес бейнелі картиналар көрсетіп, Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» шығармасынан үзінділер тыңдауға болады.
Тақтада ілулі тұрған табиғаттың көрінісі, алма бағы, биік тау, ағып жатқан өзен, төрт түліктің суреттері, далада жұмыс істеп жүрген адамдар, т. б. түрлі түсті сурет бойынша балалар ойларын ортаға салады.

Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың күйші композиторы, аспаптық музыканың (күйдің) классигі. Құрманғазының бүкіл өмірі мен өнері әлеуметтік әділетсіздік пен қанаушылыққа, озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті. Би - болыстар мен байлардың қудалауы, түрмеге қаматуы Құрманғазыны қажыта алмады. Домбырасын қару етіп, қиындықтарға қарсы күресті.
Музыка тыңдау: Құрманғазының «Сарыарқасы» тек күй формасының шегінде қалып қоймайтын шығарма. Ой жай ғана кең де жазық даланың суреті емес. «Сарыарқа» - еркіндік іздегені халықтың жан дүниесі, тұлғасы. Тыңдаған бетте көз алдыңа қазақтың сары даласы, шежіресі, тарихы, қазақ ұлтының өмірі, тіршілігі келеді.
Сұрақтарға жауап беру:
- «Сарыарқа» күйін бұрын естідің бе?
- Күйді тыңдағанда қандай әсер алдың?
Дауыс жаттығуы:
Дауыс жаттығуы кезінде дикция таза болу үшін, дауысты дыбыстарды созып айтуды, керісінше, дауыссыз дыбыстарды барынша қысқа орындауды талап ету керек.
Ән балалардың үйренуіне жеңіл, дауыс диапазонына лайық жазылған, әдемі күйлер тыңдағаннан кейін, әнді үйрену балаларға қиындық туғызбайды.
Ән үйрену: И. Нүсіпбаевтың «Кең дала» әні көңілді, сергек, шат сезіммен орындалады. Әннің мазмұны қарапайым сөздермен жазылған, балаға үйренуге, жаттауға жеңіл. Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме ұйымдастырып, оқушыларға туған ауылын, оның әсем табиғатын, жасыл жайлауын еске түсіріп, оны әнмен жеткізуге ынталандырамыз. Әннің ырғағын оқулықта берілген сурет бойынша, аспаптарды ұрып ойнатып, іс - қимылмен сабаққа баули алсақ, ол екі арада байланыс дами түседі. Сондықтан сүйемелдеусіз, өзіне ыңғайлы дауыс мәнері мен қимылды өздері ойлап табады.
«Ойқозғау» сұрақ - жауап сайысы.
1. Ән саған ұнады ма?
2. Ән қалай орындалды?
3. Сен жазда ауылға ата - әжеңе қыдырып бардың ба?
4. Сенің көңіл күйің қалай болды?
5. Суретке қандай ат қояр едің?
Сергіту сәті:
Қозғалыссыз өмір жоқ.
Би сүймейтін бала жоқ.
«Сарыарқа» күйіне «Жорға» биі.
Шығармашылық жұмыс:
Музыка тыңдай отырып, табиғат бейнесін суреттеу.
Сабақ соңында көңілді музыка ойнатып қойып, өздерінің қалауы бойынша әртүрлі гүлдің суретін салғызамыз. Оқушылардың салған суреттері бағаланып, ойқозғау сұрақтары қойылады.
Қорыту:
Музыкалық шығарманың мазмұны бойынша жұмыс.
- Суретке ненің бейнесін салдың?
- Табиғат бейнесін қандай бояулармен боядың?
- Сурет салуға музыка қалай әсер етті?
- Табиғат туралы музыка қандай болуы керек?
- Табиғат пен музыканы бөліп тастауға бола ма?
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 118
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 116
Роботтар: 3
Bekzat Mamura
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика