Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы Абай арқылы ғашық болдым (оқушы шығармашылығынан)

26 шілде 2013, Жұма
Категориясы: Өнер саңлақтары
Ұлы Абай арқылы ғашық болдым

Сөз әлемі секілді әр ақынға
Қалықтаған қара өлең қанатында.
Сүрлеуін сөзбен салған Абай атам,
Қазақ поэзиясында дара тұлға.
Қара сөз, қара өлеңі өрістеген
Әр сөзінен таусылмас жеміс терем.
Қалың елім, Қазағым, қайран жұртым,
Деп жырлаған, "у" бар ма ол ішпеген.
Ақындар көп аңсаған азат таңын,
Ойлаған оқырманның азат халін.
Ал Ұлы Абай атамыз ойлап кеткен,
Екі ғасыр бұрын - ақ қазақ қамын.
Шабыт көзін ұқсатам шар айнаға,
Кірлетіп алмау керек қалай ғана.
Ол үшін сіздің жырмен сусындаймын,
Абай - дара, қазақта, Абай - дана.
Әр өлеңі шариғат, құранға бай,
Тағылым ала алмайсың бұдан қалай.
Тамыры терең кеткен Абай тілін
Менің халқым сөйлесін шұбарламай.
Келсе өлеңге көңілім тасып, толдым,
Ұлы Абай арқылы ғашық болдым.
Бес нәрседен мен солай қашық болдым,
Бес нәрсеге жетуге асық болдым.

Ұлы Абайы жасай берсін қазақтың

Әрбір сөзін, әр өлеңін Абайдың,
Тәрбиенің ордасы деп санаймын.
Оқимын да таң тамаша дем алып,
Жыртығы көп жүрегімді жамаймын.
Құлаш сермеп, ғылым менен ілімге,
Жырлап өткен жалпақ жұрттың тілінде
Ата сенің мұхиттайын мұраңды,
Мен қасықтап ішіп келем бүгінде.
Жұмбақ адам заманында дүрбелең,
Жүрегімен жаратылған бірге өлең,
Ұлы Абайдың "У"- ы бар ма ішпеген,
Жалғыз өзі алысқанда мыңменен.
Жұртым үшін жұлдыз болып жана алсам,
Абай сөзі жүрегіме жағар шам.
Ал, мен үшін арман бар ма дүниенің
Кетігіне кірпіш болып қалансам?!
Көгімізден нұрын төгіп азат күн,
Отанымыз күйін кешіп ғажаптың.
Әр сөзінен ұғындырған ұлылық
Ұлы Абайы жасай берсін ҚАЗАҚТЫҢ!!!

Абай ата

Нақыл сөзі көрінген нұр арайлы,
Қара сөзден биігім құламайды.
Өлең сөздің шұрайлы атасындай,
Біз "Дана" деп танимыз Ұлы Абайды.
Абай атам биік тұр дара сапта,
Болады күн көсемге баласақ та.
Жазып кеткен қара сөз, қара өлеңі,
Жол тартып жатырғандай болашаққа.
Жетсе деп келешекке, ұлтқа батам,
Қамсыз қазақ қайғысын жұтқан атам.
Қазақтың төл құжаты болатындай
"Абай жолын" жазған ғой Мұхтар ағам.

Ақынға ғашық болма!

Ғашық боп қалсаң сен ақындарға,
Шыққаны жақсы шіркін, атың дара.
Сезімі ауыспалы боп келеді,
Қысқасы, сен, ақынға жақындама.
Мен аяймын, әрине, қыз баласын,
Жүрегің қалай ғана сыздамасын.
Көкірегімнен махаббат жыры шықса,
Қызғанбаймын десең де қызғанасың.
Осындаймын бізге қанша сын артқыз
Көңілі кең, тозақ емес, жұмақпыз.
Соншалықты сезімі көп ақындар,
Болып келеді махаббатқа тұрақсыз.
Болмасыншы бұл сезімнің жалғаны,
Қиын болу ақындардың жан жары.
Сезіміңді өте қатты білдірмей,
Сыртымыздан ғашық болсаң болғаны!

Ақындық жол - ауыр жол...

Ғылымдардың патшасы дегенменен,
Ол бірақ егіз емес өнерменен.
Сабақ сайын екі алам күңіренем.
Класымыз болса да тереңдеген.
Әдебиетті сүйемін ұлы райым,
Тек соның шуағына жылынайын,
Мен үшін Архимед пен Евклидтен
Биігірек Абай менен Ыбырайым.
Геппократ пен Демокритті дана дерміз,
Есепті білмесек те саналы ерміз.
Бір жазықта жатпаймыз, қиылыспаймыз,
Математика екеуміз параллелміз.
Жырым қалса артымда мол мұрам бай,
Көңілім құдіретті домбырамдай.
Ақындық жол - ауыр жол, бұралаң жол,
Паралелограмм, трапеция, ромбылардай.
Осылай екі алумен өтуде күн,
Мұратым ақын болып кету дедім.
Бірақ қазір отырмын сол сабақта,
Қоңырауды асыға күтудемін.
9 614
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
«Қазағым», «елім», «жұртым» дей отырып, Абай халық басындағы мұңға қинала сөйлейді. Іске жоқ, жыртың - жыртың мағынасыз күлкі, қу сөзді, мылжың, бөспе, күндіз күлкі, түнде ұйқы бұзу себебі - өз малына өзі ие емес сорлы.
Абай – дана, Абай – дара қазақта
Абай – дана, Абай – дара қазақта
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Алтын Хадимқызы
Абай атаға арнау
Абай атаға арнау
Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің 7- сынып оқушысы Абдраманхан Марат
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау. Сөнбес сәуле сепкен Алаш елінде, МәшҺүр еткен қазақты жер жүзіне. Жаныңа жақын Татьянаның хаттары, Жырлаған қазақ - орыс жерінде.
Абай атаға арнау
Абай атаға арнау
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №85 орта мектептің 3-сынып оқушысы Өтепова Аяулым Ерланқызы Жетекшісі: Қайруллаева Айгүл Әділбекқызы
Абай
Абай
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 орта мектептің 10«Б» сынып оқушысы Бітімбай Ақтілек Бердібайұлы Абай Бір ғасырдың ғұламасы Абай ата, Халқыңа өзің болдың әркез пана.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×