ойын сауық отауы
Ақ тілек  (Аға - жеңгелер тілегі)
07.11.2017 29 416 0 Дауыл

Ақ тілек (Аға - жеңгелер тілегі)

Бата, тілектер
Ақ тілек
(Аға - жеңгелер тілегі)

Екеуі де бірдей жоғары білім алып, екеуі де адам жанына арашашы болар мамандықты өз өмірлеріне серік етіп алған, Астана қаласында еңбек етіп жатқан ініміз бен келініміздің өмір жолға бірге қадам басқан тойларының да, міне, бүгін өсіп келе жатқан кейінгі ұрпаққа үлгі берер шамшырағы жағылған сәт. Алты ата Әлімнен өрбіген Асанның Баймырзасынан тарайтын осы үйдегі ағамыз бен жеңгеміздің, он екі ата Байұлының Жаппас атты іргелі бір елінен өрбіген құдаларымыздың көзінің қарашығындай қос перзенті бүгін бас қосты. Осынау Той иелеріне қуаныштарыңыз құтты болсын дей отырып, бүгінгі тойдың себепкері болып отырған екі жас – ендігі отағасы атанар ініміз бен Баймырзадай іргелі елге келін болып түсіп отырған келінімізге бүгінгі көтерген Ақ отауларың құтты болсын дейміз! Бүгінгі өздеріңе тапсырылғалы отырған Некенің куәлігі куәландыратын ақ некелерің өз өмірлеріңде қаншалықты заңды болып табылса, болашақ жұбайлық өмірлерің де соншалықты мәнді болсын! Ендігі өздеріңнің жұбайлық өмірлеріңе серік болғалы тұрған Некенің қос жүзігі қаншалықты сәнді болса, жүректегі сезімдерің де соншалықты мәңгі болсын! Бүгінгі тойда аға - жеңге болып тілеріміз: осы тойда айтылған барлық ақ тілектер сендердің келешек өмірлеріңді жақсылыққа қарай біріктірсін, отауларыңа әрдайым да ырыс пен бақ, дәулет пен несібе күліп кірсін! Ата - ананың адал перзенті болыңдар, құрған отауларыңның ішіне жұбайлық адалдықтың шырағын жағыңдар! Ырыстарың көбейе берсін, керегелерің кеңейе берсін! Әрбір істеген істерің берекелі табыс боп елене берсін! Тағы да тілеріміз: бүгінгі Жас жұбайлар болашақ өмірлерінде баянды бақытқа кенеле берсін! Бүгінгі жас отау иелері, құрылған заңды некелерің құтты болсын!

Жетті, міне, ұл мен қыз тағы баққа,
Шырқалды әсем саздың әні бақта.
Сумұрын Жаппас елінің бір еркесі,
Келін болды Баймырза атты шаңыраққа.

Көңілде сезім оты оянды шын,
Айтады ата - ана да ақ алғысын.
Қадірлеп, қастерлейтін құдалар да,
Ұзатып берді бізге аяулысын.

Шаттығын шаңырақтың ұғады шын,
Сондықтан айтады жұрт мың алғысын.
Бүгінгі той иесі аға - жеңге,
Бөлісті елмен бірге қуанышын.

Мұндайда шын тілекші екен елім,
Біледі баба парыз өтелерін.
Жұбайлар, сендерге енді құтты болсын,
Ақ Отау құрған заңды некелерің!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Тойға арналған тілек - өлең шумақтары Тойға арналған тілек - өлең шумақтары
Бақыт қонып ақ отау түндігіне, Тағы да сезім нұры күлді, міне. Қол ұстасты жұбайлар салтанатпен Жарастығы сай келіп бір - біріне.
1 маусым - Балаларды қорғау күніне құттықтау 1 маусым - Балаларды қорғау күніне құттықтау
1 маусым - Балаларды қорғау күні құтты болсын!
Құрбының тілегі Құрбының тілегі
Уақыттың бірге жылжып күндері, Жылыстайтын әр кезеңмен жыл легі. Ортақ еді біздің салған әніміз, Таңымыз да қарсы алатын бірге еді. Бірге еді
Тойдағы ата - ананың тілегі Тойдағы ата - ананың тілегі
Қос бұлақ еді, бір өзенде қосылды, Сол шаттықтан көңіліміз тасынды. Бүгін, міне, біздің перзенттерге де Жаңа өмірдің бақ есігі ашылды. Жастық шақтан
Жас жұбайларға тілек Жас жұбайларға тілек
Сіздер дәл қазіргі уақытта, Отбасы атты жаңа да жас мемлекеттің тең құқықты қожайынына айнала алдыңыздар. Осынау жолда өмір сіздерге қуанышы мен
50 жасқа тілек 50 жасқа тілек
Жан аға, құтты болсын 50 жасың, Әр уақытта домалап өрге тасың. Бізді әрқашан бауырыңа жақын тарттың, Әрдайым аман болсын алтын басың.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×