Туған күн кештерінде ойнайтын ойын түрлері
Мен қараңғыда да көремін.Қажетті заттар: көзді байлағыш орамал
Тәсілі: Жүргізуші бір жігітті шығарып көзін байлайды, содан соң 3 - 4 қыздарды шақырады.
Жігіт көзі байлаулы күйінде қыздардың атын дұрыс атауы керек.
ЛақтыруҚажетті заттар: ыдыс және тиындар (15 - 20) тиындар.
Тәсілі: Ойынға 2 - 3 ойыншы қатысады. Ыдыстан алысырақ тұрып тиындарды лақтырып ыдыстың ішінде түсіру тапсырылады. Кім ыдысқа тиын түсірсе сол жеңімпаз.
Табыс табуҚажетті заттар: екі пластмасса стакан, 20 – ға жуық майда тиындар.
Тәсілі: Бұл ойынға екі жұп қатысады. екі жігіт, екі қыз шығады, жігіт қолын артқа қаратып стаканды ұстап тұрады, қыз 2 метр алыс тұрып, жігіттің ұстап тұрған ыдысына тиынды лақтырып түсіруі қажет. Мүмкіндік болса, ыдысты жігіттің беліне бекітіп қоюға болады, ойын одан да қызық болуы мүмкін. Қай жұп тиын көп жинаса сол жұп жеңімпаз.
Шар үрлеуҚажетті заттар: 9 шар, байлайтын жіп қажет.
Ойынның тәсілі: шарды тез үрлеп жіппен байлау.
Жүргізуші үш ойыншыға үш шар және байлайтын жіпті ұсынады. Кім тез үрлеп бітірсе, сол жеңімпаз.
СүйіктімҚажетті: екі ойыншы
Тәсілі: екеуі бір - біріне жылы сөздер айтып жарысады. Тоқтап қалған адам жеңіліс табады.
Су тасушыҚажетті заттар: су толтырылған екі ыдыс, 2 қасық, 2 стакан
Жүргізуші екі ойыншыны шақырады.
Тәсілі: екі үстел үстінде су толтырылған екі ыдыс тұрады, екі стол үстінде қасық тұрады. Әріректе екі столдың үстінде стакан тұрады. Ыдыстағы суды қасықпен тасып стаканға құю тапсырылады. Кім стаканға көп су құйса сол жеңімпаз.
Алма жегің келе ме?Қажетті заттар: 4 алма, 4 көз байлағыш орамал.
Жүргізуші екі жұпты шақырады, екі қыз, екі жігіт болғаны дұрыс.
Тәсілі: Төртеуінің көзін байлайды. Бір - біріне қарама қарсы тұрып, қолындағы алманы көзі байлаулы күйінде жегізу қажет. Алманы кім тез жеп бітірсе сол жеңімпаз. Әр ойыншы өз қолындағы алманы жеуіне болмайды.
Түрлі ойын түрлерін білсеңіз бөлісе отырыңыз, пікір қалдыру жолына жазба қалдыруға болады.Туған күнде немесе жаңа жылда ойнайтын ойындар №1Жаңа жылда, туылған күнде ойнайтын ойын түрлері№2