ойын сауық отауы
Шашты дұрыс жуу
16.09.2015 15 184 0 Жайна

Шашты дұрыс жуу

Денсаулық
Шаш жуар алдындағы дайындық.
Шашты жуар алдында шашқа аздап май жағу керек. Аз ғана жақсаңыз жеткілікті, шаштың ұштарына дейін әбден ысқылап жағыңыз да, тарақпен тарап, буып - түйіп қойыңыз. Ертеңгісіне дейін жумаңыз. Кейбір шаш типтеріне май өте қажет, құрғақ әрі зақымдалған шаштарды қалпына келтіру өте қиын, бұл тәсіл құрғаудан алдын ала сақтау болып табылады.
Егер, сіз шашыңызды жуып шыққаннан кейін қатты әрі құрғақ болып тұрғанын байқасаңыз осы пайдалы кеңесті қолданып көріңіз. Негізі май кез келген сусабындармен жуылған шашты жұмсартады.

Шашты жууда басты қателік.
Халықтың басым көпшілігі шашты жуарда сусабынды тым көп пайдаланады. Сусабынды шамадан тыс пайдаланғанда оны жуып-шаю қиынырақ болады да, сусабынның көпіршіктері қалып қояды, кеуіп қалған көбіктен жұқа қабық пайда болады. Пайда болған жұқа қабық шаш фолликулдарына зиянды, ол оттегі ағынының келуіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде – шаш өте нәзік, сынғыш болады да әдеттегі сусылдап, жылтырап тұратын қасиетінен айырылады. Бұл қателікті түзету қажет: ол үшін сусабынды аз қолданып, шаш тазарғанша сумен әбден шаю қажет.
Бұл кеңесті есте ұстасаңыз ең бастысы шашыңызды құрғап, бүлінуден сақтайсыз және сусабынды үнемдейсіз.

Шаш фолликулдарына саусақтың әсері.
Көпшіліктің арасында «шашты су кезінде тарақпен тарауға болмайды», - деген түсінік қалыптасқан, алайда олай емес. Шаштың шатасқанын жазу үшін, шаш құрғақ па, су ма, ол маңызды емес. Шашты жуарда міндетті түрде тарақпен мұқият тарап алу қажет, шаш шатасып тұрмауы керек. Сонда шашты жуу анағұрлым оңай болады.
Шашыңызды жуу кезінде саусақтың ұшымен шаштың түбін уқалап жуған дұрыс, бұл қан айналым жүйесін жақсартып, әрі сусабынның да білкелкі жағылуына септігін тигізеді. Шашыңызды шаю кезінде де, бас терісін уқалап (массаж жасап) жуған дұрыс.

Шаш жуғанда судың маңызы.
Шаш жуғанда судың көлемі де маңызды. Сусабынды шашыңызға жақпас бұрын шашыңыз өте дымқыл болуы қажет. Шаштың түбінен бастап ұшына дейін түгел су тигені жөн. Сусабынды шашыңызға жаққаннан соң аздап су қосқан дұрыс, себебі қарапайым субабындар әдетте көпіре қоймайды, ал аздап су қосып көпіртсеңіз түбін уқалап жууға ыңғайлы болады, шаш жақсы жуылады.

Шашқа арналған сусабындар
Егер шаш кемшіліксіз таза жуылса, сусылдап әрі жылтырап тұрады. Шаштың жылтырап, яғни ешбір кемшіліксіз әдемі болып тұруы сусабынның құрамына да байланысты болады. Сусабынның құрамында силикон бар болса, жоғарыда айтқандай нәтижеге жету қиын. Себебі бұл сусабынмен жуғаннан соң шаштың бетінде жұқа қабықша (микропленка) пайда болады. Негізінен кез келген сусабынның құрамында силикон болады, силикон болмаса оны алмастырарлық басқа зат болуы мүмкін. Сол себепті шашты тазалап шаю өте қажет.

Шашты төмендегідей тәртіп бойынша жуу.
Барлығы өте қарапайым: сусабынды пайдаланғанда шаштың түбіне жағамыз, ал маскі, бальзам, кондиционерлерді пайдаланғанда шаштың орта белінен ұш жағына жағамыз. Шашқа күтім жасау үшін жасалатын сусабын, маскілер т. б. қолданғаннан кейін жақсылап жуып - шайып тастау қажет. Шашта қалып қоймауын қадағалаңыз.
Салондағы күтім жасау мен үй жағдайындағы күтім жасаудың айырмашылығы екі түрлі болады. Салонда пайдаланған құрал мен үйдегі пайдаланған құралдың екеуі бірдей болғанымен нәтижесі бірдей емес. Мұның себебі, салонда шашыңызға жағатын құралдарды дұрыс пайдаланады, яғни маскіні не болмаса сондай құралдарды асықпай массаж жасап отырып біртегіс жағады. Үйде асығыс жасалып, дұрыс жағылмауынан ондай нәтиже болмайды.
Шашқа арналған маскіні қолыңызға жағып шашыңызға мұқият сипалап жағып, содан соң тісі ірі тарақпен жайлап тараңыз. Жоғарыда айтқандай тарақпен тарау шашыңызға зиян келтірмейді. Содан соң массаж жасай отырып шашқа біртегіс етіп жағыңыз, маскінің немесе бальзамның шашқа тимей қалған жері қалмасын.

Контрасты душ
Шашты жылы суменен 3 минуттай жуу керек. Судың температурасы өзіңізге жағымды болуы қажет, аса қатты ыстық болмау керек. Шашты шаю кезінде судың салқындау болғаны жөн яғни, қанжылы сумен шайған дұрыс, сонда шаш жылтырын жоғалтпайды. Бұндай қанжылы сумен шаюды екі рет қайталау керек мысалы, сусабынмен жуғаннан соң, және күтім жасайтын бальзаммен жуған соң.

Әйелдің құпия қаруы – шаш. Әйелдің құпия қаруы – шаш.
Шаш адамды космоспен байланыстыратын антенна. Егер шаш ауырса, зақымдалса, бұл адамның өз өмірін жасауға көмектесетін тылсым күшке, Тәңірге деген
Шаш түсе бастаса қандай дәрумендер қабылдаған дұрыс? Шаш түсе бастаса қандай дәрумендер қабылдаған
Төгілген қолаң шаш – әйел сұлулығының белгісі, егер ол сирей бастаса мазасызданбау мүмкін емес. Шаштың түсуіне қарсы шара қолданбас бұрын оның түсу
Қыз - келіншектердің назарына! Қыз - келіншектердің назарына!
Қыз - келіншектердің көркін бұзып көрсететін кейбір белгілер. Кейде бойыңыздағы болмашы ғана бір бөлшек бүкіл бейнеңізді бұзып көрсетеді.
Бет терісіне жемістерден жасалған маска Бет терісіне жемістерден жасалған маска
Сіз теріңіздің тегіс және таза болуын қалайсыз ба? Мұндай тамаша келбеттің иесі болу үшін, бет терісіне дұрыс күтім жасауды үйренуіңіз керек.
Қияр тұздау Қияр тұздау
Қиярды жаппас бұрын барлық керегіңізді дайындап алу қажет. Мысалы: Суы кеуіп құрғап тұру үшін банкіні содамен ысқылап, тазалап жуып-шайып төңкеріп
Шашты дұрыс күту Шашты дұрыс күту
8 ас қасық жөке гүліне 0,5 л. Су құйып, 20 минуттай қайнатады. Алынған нәрмен басты бір ай бойы жуса, шаштың түсуі тақтайды. Ошаған түбірін майдалап
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×