ойын сауық отауы
Күлкінің адам ағзасына әсері
26.03.2024 5 771 0 Дауыл

Күлкінің адам ағзасына әсері

Денсаулық
Адам денсаулығына тұрақты түрде күш түсуінен созылмалы әлсіздікке шалдығады екен. Ағзаны нығайту көптеген аурулардың алдын алады.
Америкалық ғалымдардың анықтауы бойынша жағымды қабылдаулар мен физикалық денсаулыққа белгілі ми орталықтары жауап береді. Бұл аймаққа әсер етудің ең тиімді тәсілі – шынай күлкі, күлкінің әсерінен «бақыт гормондары» аталатын эндорфин, серотонин және дофамин гормондары бөлінеді. Дәл осы гормондарға қарсы «күйзеліс гормондары» кортизон және адреналин гормондарының түзілуін баяулайды. Адам үшін күлкінің пайдасы бұл ғана емес.

Адам денсаулығы физикалық тұрғыда мықты болуы үшін күлкінің пайдасы.

Ағзаға күлкiнiң әсерiн «гелотология» ғылымы зерттеумен айналысады. Оның негiзiн салушы Норман Казинс. Ол сирек кездесетін сүйек ауруымен ауыратын, көптеген дәрігерлер емдегенімен шипасын таба алмаған. Казинс бұған қайғырып жатпай, оның орнына комедиялық фильмдер қарайды екен. Дәрігерлерді таңқалдырған Норман бір айдан соң жұмысқа шыққан. Ол «өлімді мазақ қылған адам» ретінде тарихта қалған. Осы уақиғадан соң, зерттеушілер күлкінің адам денсаулығына әсері туралы көптеген фактілер ашты. Мамандардың зерттеуі бойынша күлкінің пайдасы:
Иммундык жүйенi күшейтеді. Көп күлетiн адамдардың организімдінде күйзелiстiң деңгейi төмендейді де әр түрлi жұқпалармен күресетін антиденелердің белсенділігі артады.
Өкпе мен бронхты тазартады. Күле отырып, адам өкпеге жеткілікті мөлшерде ауа толғанша, барынша терең дем жұтады, организмге керекті оттек жеткенше. Қазiр күлкi иогасы бағыты белсенді қолданыста, демiкпемен немесе тыныс жолының басқа да ауруларымен ауыратын адамдар үшін пайдалы.
Эндокриндiк жүйенi қалпына келтіреді. Эндокриндiк бездерге оттегімен байытылған қан жеткізілген уақытта өз қызметін жақсы атқарады. Терінің жас қалпын сақтап тұруы эндокриндiк жүйеге байланысты.
Жүрек-қан тамырлары ауруын азайтады. Күлкінің әсерінен бұлшықет босаңсиды содан қан тамырлары тазарып, қан қысымы орнына түседі.
Асқазан-ішек жұмысын жақсартады. Іш бұлшықеттерінің біресе жиырылып, біресе босаңсуынан ішек - қарын жолының жұмысы жақсарып, ағзадағы зиянды элементтердiң шығарылуы тездетiледi.
Мойын және арқа бұлшықеттерiн босаңсытады. Мұны үнемі бір орында отырып жұмыс істейтін адамдар білуі керек.
Қанмен қамтамасыз етуді жақсартады. Тері жақсы дем алады және қартаюына жол берілмейді.
Күлкінің адам ағзасына пайдасы таңқаларлық!

Қарым - қатынас үстінде күлу немесе езу тарту.
Күлкi – қоршаған ортада адамдармен қарым-қатынасты нығайтуға және оны ұзақ уақыт сақтауға көмектеседі. Күлімсіреп отырған адам әңгімеге тез тарта алады тіпті бейтаныс жанды да. Егер, әзiлдей білсең тіпті даулы жағдайды да шешуге болады.
Германияның танымал психологы: Вера Биркенбиль жымиюды мынадай жағдайда белсене пайдалануға кеңес бередi:
Адамдармен танысқан уақытта. Езу тарту арқылы жаңа танысыңызды өзіңізге баурай аласыз.
Телефонмен тілдескен уақытта. Адамды тіпті көрмей - ақ оның көңіл - күйі қалай, тілдесуге құлықты ма анықтай алуға болады.
Егер әңгімелесіп отырған жан көңілсіз немесе ашу үстінде болса, мақұлдау немесе түсінгеніңізді білдіретін жеңіл күлкімен тыныштандыруға болады. Мамандардың зерттеу бойынша жасанды күлкі де адамның көңіл - күйін көтереді екен. Егер адамның көңіл - күйі болмай тұрса да, бiр минут бойы күлсе, ағзада «бақыт гармоны» бөліне бастайды. Ағза шынайы күлкі кезінде жұмыс істейтін бұлшық еттерді мәжбүрлейді. Сондықтан кері әсер ете отырып көңіл - күйді көтеруге болады. Көңіл-күйіңіз болмай тұрған сәтте өзіңізді күлуге мәжбүрлеңіз, сонда ағза мұңаюға қарсы әрекет ете бастайды.

[media=https://youtu.be/LaJ7aNIKeME]

Музыканың денсаулыққа пайдасы қандай? Музыканың денсаулыққа пайдасы қандай?
Дүние есігін ашқан бойда адам құлағы неше түрлі әуенді естиді. Бірі жағымды, бірі жағымсыз, бірі қорқынышты, ал енді бірі жан сергітерлік болады.
Күн сәулесінің ағзаға пайдасы Күн сәулесінің ағзаға пайдасы
Ультра - күлгін сәуле баланың денсаулығын күшейтіп, шынықтырады. Сол сәуленің нәтижесінде өсіп келе жатқан баланың денесіне өте қажетті фосфор мен
Жұмыртқаның пайдасы Жұмыртқаның пайдасы
Жұмыртқа – арзан әрі пайдалы тағам. Оны дайындаудың көптеген түрлері бар. Сонымен қатар олар әртүрлі тағамның басты құрамы болып табылады. Ал біз
Махаббаттың жазылмаған заңы Махаббаттың жазылмаған заңы
Жол бұралаң, сезім тура, oй тура, Жол түскен соң болмас кейін қайтуға. Сүйген адам сезімі үшін бақытты, Болмайды оны бақытсыз деп айтуға.
Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы
Көптеген жаңғақ түрлерінің адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін білетін боламыз.
Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы
Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×