ойын сауық отауы
Есте сақтау қабілетін нығайту
18.12.2016 5 443 0 Дауыл

Есте сақтау қабілетін нығайту

Денсаулық
Есте сақтау қабілетін дамыту.

Жалпы, «ес» немесе «жад» - дегеніміз – адамның күнбе-күн алған әртүрлі мәліметтерін сақтайтын қоймасы деп атауға болады.
Мысалы, бірнеше секунд бұрын ғана болған уақиғаны еске түсіру оңай. Мұндай ақпаратты сақтайтын жад «қысқа мерзімді жад» деп аталады. Бұл жақында ғана болған уақиғаларды сақтау орны болып есептеледі. Мұндай қысқа мерзімді жадтың көлемі өте шағын болғандықтан, уақыт өткен соң біртіндеп барлық ақпарат ұмытылып кетеді.

Сондай - ақ «ұзақ мерзімді жад» деген бар. Онда сіз ешқашан ұмытпайтын, ең маңызды деген сәттер сақталады, әрине, жиі еске алып тұрсаңыз.

Сонымен қоса, «жедел жад» - деген бар. Онда бізге соншалықты қажетті емес бірақ уақытында керекті ақпарат сақталады, кейін ол ақпараттың аса қажеті болмауы да мүмкін.
Егер, ақыл - есті қалай жақсартуға болады - деген ой мазаласа, төмендегі әдістердің көмегі тиеді деп ойлаймын.

Ақыл - есті дамыту үшін:
Ақыл есті жақсартудың бірінші тәсілі – қимыл қозғалыс. Денені шынықтыру (би, жүзу, жүгіру, секіру, т. б.) ми қан айналымын жақсартады, ақыл есті дамытуға мұның пайдасы өте зор.

Екіншіден, түрлі қолөнерімен айналысудың пайдасы көп. Мысалы, кесте тігу, тоқу, сурет салу т. б. Бұл да миға әсер беріп, есте сақтау қабілетін жақсартады.

Ақыл есті жақсартуда хош иістің де тигізер әсері бар. Мысалы, жаңа туған сәбидің немесе ананың жағымды иісі әсер бергендей, мысалы, әр адамға ұнайтын хош иістер болады.

Төртінші кеңес: егер сіз бір нәрсені есіңізге түсіре алмай жатсаңыз мысалы, телефон нөмірі, немесе фильмнің атауы, дереу іздеп бас қатырудың қажет емес. Алдымен сол туралы асықпай ойлаңыз, артынан есіңізге түседі, бұның да пайдасы бар.

Жаттап алуға әуес болмаңыз. Жаттау арқылы керекті ақпаратты қысқа мерзімді жадта сақтай аласыз, ол тез ұмытылып кетеді, сондықтан пайдасы жоқ. Бұндай жағдайда, ең бастысы керекті мәліметтің айқын көріністері мен мағынасын түсініңіз, сонда есте сақталады.
Ол туралы күніне жүз рет еске түсіру қажет емес, тек жатар алдында еске алсаңыз жеткілікті.

Қызығы сол, тамақтың да есте сақтау қабілетіне әсері бар. Сондықтан тамақ рационында жұмыртқа, түрлі жарма өнімдері, балық, жаңғақтар, түрлі шоколад өнімдері болғанын қадағалаңыз. Бұл өнімдердің қай - қайсысы миды қуаттандыруға қабілетті.

Поэзияны ұнатасыз ба? Егер жақсы көрсеңіз тамаша! (әсіресе есте сақтау қабілетіңіз төмен болған жағдайда). Күніне бір өлең шумағын оқыңыз, апта соңында барлығын бірге қосып оқыңыз. Мұндай жаттығудың нәтижесі бар екенін байқайсыз. Тіпті есте сақтау қабілетін дамытуға арналған арнайы әдебиеттер бар. Оған да назар аудару керек екенін ескеріңіз.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша ақыл - естің төмендігімен күресудің бірден - бір емі шет тілін оқып үйрену. Сондықтан егер есте сақтау қабілетіңізді дамытамын десеңіз мұны да ескере жүріңіз.

Қорыта келгенде, «жалқаулық» пен «ақыл - ес» түсінігі бір - бірімен тіпті үйлеспейді. Есте сақтау қабілетін дамыту үшін ең басты не қажет екенін түсіндіңіз деп ойлаймын. Жалқауланбаңыз!

Коронавирус және басқа да инфекциялар кезінде қолды қалай жуған дұрыс? Коронавирус және басқа да инфекциялар кезінде
Коронавирус және басқа да инфекциялар қатерінің өсуі кезеңінде қолды қалай дұрыс жуу керектігін есте сақтау қажет. Бұл қарапайым рәсім бактериялар
Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер. Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер.
Ақшаны қалай жинауды үйрену – көпшіліктің арманы, алайда қолдан келе бермейтін іс екені аян. «Ертеңге» қалдырудың сан алуан сылтаулары бар, тіпті
Маңызды кездесуге бара жатсаңыз лимон шырынын ішіп шығыңыз. Маңызды кездесуге бара жатсаңыз лимон шырынын
Лимон шырыны адамның жұмыс істеуге деген қабілетін арттырып, психологиялық тепе - теңдікте болуына көп септігін тигізеді.
Адамды жұбата білу! Адамды жұбата білу!
Құрбыңыздың, досыңыздың тіпті сізге бөтен адамның басына қайғы бұлты төнді. Сіз оған демеу білдіріп, жұбатқыңыз келеді, бірақ қалай дұрыс
20 жасқа келгенде мынаны есте сақтау керек 20 жасқа келгенде мынаны есте сақтау керек
Америкалық жазушы Жульен Смит жастарға арнап ақыл - кеңес қалдырған. 20 жасыңда сәтті адам болуға алғашқы қадамыңды жасай алуың үшін сен мынадай 20
Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады
ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі өзіне өзі қол салуға бейім адамдарды жасанды ақыл - ой арқылы анықтайтын болады, деп хабарлайды Риа Новости
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×