Ойын сауық отауы


Би билеу адамның көңіл - күйін көтереді

Би билеу адамның көңіл-күйін көтереді. Билеу сонымен қатар түрлі қозғалыстарды жасау арқылы қан айналымы жақсарып, бой жеңілдеп, ми тамырлары кеңейеді екен. Биді спортқа жатқызудың да өзіндік себебі бар. Өйткені би көп энергияны қажет етеді. Адам өз - өзін үнемі шынықтырып отыруы тиіс.

Физикалық жаттығуларды жасап, дене шынықтыруға қызықсаңыз, би би­леуді де әдетке айналдыру сізге қиын­ға соқпайды. Қазіргі таңда би билеп үйренуге мүмкіндік мол. Ол үшін түрлі үйірмелер жұмыс жасауда. Сіздің тек ынтаңыз болса, сол жетіп жатыр. Бидің түр - түрін үйреніп алуға болады. Есесіне сіз бидің түрлі жаттығуларын жасау арқылы тәніңізбен қоса, жаныңызды да шынықтырасыз.
Жалпы би өнері – әуеннің ырғағымен дене қимылы арқылы көрсетілетін өнер. Әрбір өнер адамзаттың сезімін, қайғы - қасіретін, ойын, неше түрлі бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән амал - тәсілдермен жеткізуге тырысады. Әр өнердің өзіндік ерекшелігі бар. Би өнері – тілсіз өнер. Оның да айтар мағынасы болуы керек. Мұнда адам ойындағы, жүрегіндегі жазуды би тілімен жеткізе білу басты шарт. Ол үшін қолдың, дененің, саусақтың, буын­ның әр қимылы үлкен рөл ойнайды.

Британ маманы Х. Эллис би арқылы екі адам бір - біріне қуатты физиологиялық импульс бере алады десе, келесі бір мамандар дене қозғалысының астарында жан қозғалысы жасырынып жатыр дегенді айтады.

Би - еркіндік белгісі. Бидің де өзі үні, өз тілі болады. Би де талғамды қажет етеді. Тілмен түсіндіре алмайтын жайтты бимен жеткізуге болады. Биде де аса терең философиялық ой жатады. Көңіліңізге шаттықпен рахатты би бере алатыны сөзсіз. Би өмірді ұзартады, жұмысқа, өмір сүруге деген құштарлықты арттырады әрі өзіңді сұлу сезінуіңе көмектеседі.

Бидің адам баласы үшін тигізер пайдасы:
Бидің қимыл - қозғалысы жүректі қажытпай, адамның көңілін көтеріңкі ұстауға ықпал жасайды.
Би жаттығулары арқылы адамның ми тамырлары кеңейеді, қоректік заттар мен оттегі көптеп келеді.
Үнемі иіліп, көтеріліп тұрудан көздің ішіндегі қан айналымы жақсарып, оны ұстап тұрған бұлшық еттер шыңдалады.
Би – жақсы ұйқының көзі.
Бидің жаттығулары адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді.
Бимен айналысатын адамдарда Паркинсон ауруы болмайды.

Пайдаланған дереккөзі: kazgazeta.kz
sdumedia.kz/
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 3
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылығы

    Оқушыларға антропосоциогенез, приматтар эволюциясы және тірі табиғаттағы адамның орны жайында мағлұмат беру; Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана отырып, ...
  • Баяндама «Ұрпақ тәрбиесі - баршамызға ортақ»

    Адам тәрбиелеу ұлы міндет. Ұлы міндет қашаннан ұлы күреспен ғана жүзеге асырылады. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш - білім.
  • Адам және қоғам

    Оқушыларды адам мен қоғам туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Оқушыларға қоғамның адам үшін маңыздылығын жан - жақты аша отырып, әлеуметтік әділеттілік туралы түсінік ...
  • Адамгершілік - адамның нұрлы шуағы

    Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш ...
  • Доссыз өмір – тұзсыз ас (сайыс)

    Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін - бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіңдей көріп ...
  • Үнемділік

    Оқушыларды білімпаздыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер ...
  • В. Сухомлинский Нағыз адам

    Мультфильм арқылы жаңа сабақ тақырыбын анықтауға үйрету; оқушыларға автор туралы мәлімет алуға көмектесу, мәтінмен жұмыс жасауға, өз беттерінше мәтіннің негізгі ойын таба білуге, сыни ойлауға, ...
  • Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері. Қайталау.

    Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін тиянақтауға, теңдеу құрастырып шешімін табуға үйретуге мүмкіндік жасау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; білімділікке, дәптермен жұмыс ...
  • Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері

    Не білу керек: бөлінді, көбейткіш пен бөлінгіште нөл болған жағдайда екі таңбалы санға бөлуді және көбейтуді білу; Не істей білу керек: есептеуде жазбаша тәсілдерді қолдана білу;
  • Шеңбер хордалары кесінділерінің және қиюшылардың пропорционалдығы

    Оқушыларға шеңбер ішінде қиылысқан хордалардың кесінділерінің қасиеті, шеңбер сыртында жатқан нүкте арқылы жүргізілген қиюшылардың кесінділерінің қасиетін меңгерту;

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 29
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 29
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика