ойын сауық отауы
Бет терісіне жемістерден жасалған маска
01.10.2016 9 586 0 Дауыл

Бет терісіне жемістерден жасалған маска

Денсаулық
Бет теріне арналған дәстүрлі маска түрлері

Сіз теріңіздің тегіс және таза болуын қалайсыз ба? Мұндай тамаша келбеттің иесі болу үшін, бет терісіне дұрыс күтім жасауды үйренуіңіз керек. Өйткені, терінің мінсіз көрінуі дәл осы күтімге байланысты болмақ.

Жаз – кейбір қыздар үшін ұнамайтын жыл мезгілі. Алайда, жазда неше түрлі жемістер піседі емес пе, неге солардан пайдалы маска жасамасқа?!

Жемістерден жасалған масканың зияны тиді дегенді әлі күнге естігенім жоқ. Сонымен қоса масканы дайындауға көп уақыт та кетпейді. Масканы кез келген жемістен жасауға болады. Маска дайындауға болмайтын бірнеше жеміс түрін айта кетейін: қарақат, шие.

100 гр. кез келген жемісті езіп, (қою ботқа секілді) таза бет терісіне 15 минутқа жағып қалдырыңыз. Уақыт біткен соң, бетіңізді қанжылы сумен (су бөлме температурасында) жуып тастаңыз. Масканы теріге жаққаннан соң, жатып демала тұрған дұрыс, теріге бірқалыпты сіңеді.

Ескерту: Масканы күнде жасау міндетті емес аптасына 1-2 рет жасалып тұрғаны дұрыс.

Төменде бірнеше масканың жасалу жолын ұсынамын.

Терінің құрғап қартаю белгілеріне қарсы
Негізі бұл маска әбден құрғап кеткен теріні қалпына келтіруге себін тигізеді. Жарты бананға балды араластырып, бет терісіне жағып 20 минутқа қалдырып, жылы сумен жуып тастаңыз. Масканы кем дегенде 20 рет жасаған соң нәтиже болады.

Қалыпты теріге
Бұл масканы дайындау үшін айран немесе қатық және банан қажет. Екеуінен бірдей мөлшерде алып араластырып, дайын болған қоймалжыңды бет терісіне жағып 20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт біткен соң жуып тастаңыз, бетті орамалмен сүрту қажет емес, табиғи кепкені дұрыс. Қалыпты тері соншалықты күтімді қажет етпейді дегендер қателеседі, өйткені кез - келген теріні жеміс маскаларымен нәрлендіріп отыру артық етпейді.

Майлы теріге
Майлы теріге арналған маска. Масканы дайындау үшін, жарты банан, аздаған лимон сөлі, және жұмыртқа ағы қажет. Бұл үш құрамды мұқият араластырыңыз да 20 минутқа бет терісіне жағып, салқын сумен жуып тастаңыз. Бұл терінің пораларын тарылтып, терінің артық майлануын болдырмайды.

Банан мен бал
Бұл маска кез келген бет терісіне жағымды әсер етеді, бет терісін нәрлендіріп, тазартады. Бұл масканы дайындау үшін сізге жарты банан, алманың төрттен бір бөлігі және бал қажет болады. Алманың қабығын аршып майда теркадан өткізіңіз, бананды да езіп, алмамен бананды, балды араластырыңыз. Дайын қоймалжыңды 15-20 минутқа жағып, салқын сумен шайып жіберіңіз.

Қияр
Қияр – ағартатын және сергітетін қасиетке ие. Бұл маска түрі де қарапайым – кішірек бір қиярды жуып, қабығын аршыңыз да майда теркадан өткізіңіз. Дайын болған қоймалжыңды, бет терісіне қалыңдап жағыңыз да 30 минутқа қалдырыңыз. Бетке жаққаннан соң терінің қатты тартылғанын сезінесіз бірақ қорқудың қажет жоқ. Масканы жуған соң, дымқыл орамалмен бетті жай сүртіңіз де күнделікті жұмсартатын креміңізді жағып қойыңыз.

Айран мен бал
Айран – тамаша өнім өйткені, құрғақ теріге де майлы теріге де, аралас беті терісіне де пайдалануға болады. Бұл масканы пайдалану үшін, 1 шай қасық бал, 2 шай қасық айран қажет болады. Екі өнімді жақсылап араластырыңыз, дайын қоймалжыңды бет терісіне жағып 15 минутқа қалдырыңыз. Содан соң, қанжылы сумен жуып тастаңыз. Бұл маска бетті жақсы жұмсартады, қабыну болдырмайды.

Авторы: Жадыра

Сіз қандай маска түрлерін білесіз? Пікір қалдырыңыз, сайтта міндетті түрде жарияланады.

Теріні қалай ағартуға болады? Теріні қалай ағартуға болады?
Теріні қалай тез ағартуға болады? Жаздыгүні кейбір адамдар қарайып, күнге күюді жөн көреді. Ал кейбір адамдар денесінің күнге күймей өз түсі
Бет терісі күтіміне алмадан жасалған маскалардың пайдасы мол. Бет терісі күтіміне алмадан жасалған маскалардың
Жылдың қай мезгілінде болсын бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Арнайы косметика өнімдерімен қатар үй жағдайындағы күтімнің де бет терісіне
Бет терісін әжемнен қорғау, қара дақтарды кетіруге маска түрлері Бет терісін әжемнен қорғау, қара дақтарды
Бет терісінің әжімі мен шаршау белгілерінен арылтатын бұл табиғи маска тиімділігімен ерекшеленеді.
Тері күтімі үшін сынақтан өткен пайдалы маска түрлері Тері күтімі үшін сынақтан өткен пайдалы маска
Көптеген қыз - келіншектер, бет терісіне үйде күтім жасау бос әурешілік деп есептейді. Бет терісіне күтімі үшін сұлулық салондарына барып қыруар ақша
Мұрын және ерін айналасындағы әжімдерден арылу. Мұрын және ерін айналасындағы әжімдерден арылу.
Мұрын мен ерін айналасындағы әжімдердің пайда болуын болдырмаудың оңай жолы - олардың алдын алу. Кез келген қыз-келіншек 25 жастан асқан соң, күн
Маска. Сұлы жармасынан дайындалған маскалар Маска. Сұлы жармасынан дайындалған маскалар
Сұлы жармасынан дайындалған масканың пайдасы. Бет терісіне пайдалы маска дайындауда табиғи өнімдердің бірі сұлы (овсянка) яғни «Геркулес». Сұлы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×