ойын сауық отауы
Қауынның пайдасы мен зияны
17.07.2016 9 063 0 Дауыл

Қауынның пайдасы мен зияны

Денсаулық
Қауын – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауын жабайы түрде Оңтүстік - Батыс Азия мен Африкада өседі. Бұдан 2 мың жыл бұрын Қауынды Кіші және Орта Азия жерінде мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған.

Қауынның құрамында: қант, А, Р, С дәрумендері, аскорбин қышқылы, темір минералды тұздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза көміртектері бар.
Қауын жаздың аптапты ыстық күндері шөлді басады.

1. Қауын – калориясы төмен жеміс түрі. Оның 100 грамында небары 33 калория болады. Сондықтан, оны артық салмақтан арылғысы келетіндерге жеуге кеңес береміз.
2. Сонымен қатар, ішіңізді жүргізуге де әсер етеді. Егер ішекті зиянды заттардан, тазалағыңыз келсе, қауын жеңіз.
3. Бауыр және қуық жолдарына өте пайдалы.
4. Бүйректен тас пен құмды шығаруға әсері мол
5. Қандағы гемоглабин мөлшерін көбейтеді.
6. Ағзаңызды әртүрлі аурудан құтқарып, иммунитетті қатайтады.
7. Жүрек - қан тамыр ауруларың алдын алады.
8. Жүйке жүйесін тыныштандырады.
9. Көңіл - күйді көтеріп ұйқысыздықтан арылтады, шаршау және ашушаңдықты басады, денедегі тіндердің зақымдануына қарсы ферменттер түзеді.

Қауынды мына өнімдермен бірге қабылдауға болмайды:
- сүт өнімдері мен алкогольді ішімдіктермен бірге қолданғанда ас қорыту жүйесінің бұзылуын тудырады;
- бала емізіп жүрген аналарға тұтынуға болмайды, ол баланың ас қорыту жүйесіне кері әсер етуі мүмкін.
- қант диабетімен ауыратындар үшін тұтынуға болмайды, өйткені қауында қант мөлшерде көп;
- асқазан - ішек жолдарының жұқпалы аурулары кезінде;
- гастрит, асқазан және ұлтабар ойық жарасы аурумен ауыратындар үшін.

Қауын - табиғаттың тамаша сыйы, дұрыс тұтына білсе адамға денсаулық пен сұлулық және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Авторы: Жадыра

Сіздің жемістер, көкөністер туралы білетін пайдалы кеңестеріңіз болса, пікір қалдыру жолына жазба қалдыруға болады.

Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс. Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс.
Ағзаға пайдалы астың бәрі дәмді бола бермейді. Бірақ, мұның бананға еш қатысы жоқ. Жемістің бұл түрін сүйіп жейтіндер көп әрі ол ағзаға өте пайдалы.
Лимонның пайдасы Лимонның пайдасы
Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында, дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған.
Шипалы жеміс - шие Шипалы жеміс - шие
Қанды сұйылтып тазалайтын шие, бауыр мен өтті де тазалайды. Зерттеушілердің айтуы бойынша күніне жиырма дана шие жеу, бір аспирин дәрісін ішкенмен
Жұмыртқаның пайдасы Жұмыртқаның пайдасы
Жұмыртқа – арзан әрі пайдалы тағам. Оны дайындаудың көптеген түрлері бар. Сонымен қатар олар әртүрлі тағамның басты құрамы болып табылады. Ал біз
Ең пайдалы 10 тағам түрі Ең пайдалы 10 тағам түрі
Ең пайдалы 10 тағам түрі
Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы
Көптеген жаңғақ түрлерінің адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін білетін боламыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×