ойын сауық отауы
Бала денсаулығын қорғау
07.12.2018 1 919 0 Admin

Бала денсаулығын қорғау

Денсаулық
Бала денсаулығын қорғау

Ана сүті – өмірінің алғашқы 6 айында сәбидің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын табиғаттың таңғажайып өнімі. Осы ана сүті жаңадан туылған сәбиді барлық қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етуімен қатар бірегей қорғаныстық қасиеттерге ие.
Әр түрлі аурулардың жолында сенімді иммундық тосқауылды қамтамасыз ететін «ғажайып» ингредиенттер туралы біліңіздер.

Бала денсаулығын қорғауАҚУЫЗДАР
Емшек сүтінің құрамында сәбидің өсуі мен дамуы үшін қажетті жоғары сапалы ақуыздар, ең алдымен, сарысулы ақуыздар болады. Алғашқы алты айда ана сүтіндегі ақуыздардың шоғырлануы бала қажеттіліктеріне бейімделе отырып, біртіндеп азая түседі.


Бала денсаулығын қорғауАНТИДЕНЕЛЕР
Бала туылғаннан кейінгі алғашқы күндерде шығатын емшек сүтінде (уыз) өте көп антиденелер болады. Балаңызды емізген сайын сіз оны көптеген жұқпалардан қорғаныспен қамтамасыз етесіз.


Бала денсаулығын қорғауПАЙДАЛЫ БАКТЕРИЯЛАР
Емшек сүтінде ішектердің бактериялық микрофлорасының теңгерімін қолдауға көмектесетін әр түрлі пайдалы бактериялар өзінің табиғи түрінде кездеседі. Ғалымдар емшекпен емізілетін балалардың ішектерінде пайдалы бактериялардың көп болатынын анықтаған.

Емшек сүтінің құрамы аса күрделі және бірегей болғандықтан, оның ағзаға әсер ету аясы мен механизмдері үнемі зерттеліп отырады. Соңғы бірнеше жылда жетекші зерттеушілер, педиатрлар және нутрициологтар сапалық тұрғыдан үлкен серпіліс жасап, бұған дейін қайталау мүмкін емес болып есептелген емшек сүті ингредиенттерінің әсер ету механизмдерін анықтады.

Жақында емшек сүтінің ең
жұмбақ компоненттерінің бірінің
құпиясы ашылды

Емшек сүтіндегі олигосахаридтер туралы бұрыннан белгілі, алайда ғалымдарда олардың функциялары туралы толық түсінік болмаған еді. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, олигосахаридтердің көмегімен табиғат ана сүтінің әрбір тамшысында жұқпалардан керемет қорғанысты қамтамасыз еткен.

ОЛИГОСАХАРИДТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Бала денсаулығын қорғау


ОЛИГОСАХАРИДТЕР БАЛАҒА ҚАНДАЙ ПАЙДА ӘКЕЛЕДІ?

Бала денсаулығын қорғау
Олигосахаридтер баланың дамып келе жатқан иммундық жүйесін қолдауда маңызды роль атқарады.

Баланың иммунитетін түрлендіретін жасушаларының 70-80%-ы оның ішектерінде орналасқан және олигосахаридтер өз жұмысының басым бөлігін нақ осы ішектерде орындайды.

Олигосахаридтер зиянды бактериялардың көбеюіне тосқауыл бола алады.

Баланың ішектерінде олигосахаридтер бифидобактериялар сияқты пайдалы бактериялардың көбеюіне септігін тигізеді.


Ана сүтіндегі тағы бір аса маңызды компонент – олигосахаридтердің әсер ету механизмін түсіну нутрициологтар мен педиатрлардың бала өмірінің алғашқы күндерінен бастап оның иммунитетін қалыптастыруға көмектесетін емшек сүтінің қорғаныстық функциялары туралы толығырақ түсінік алуларына мүмкіндік береді.

Алайда барлық аналар өз балаларын емізе алмайды. Соңғы ғылыми жаңалықтар мен әзірлемелер негізіндегі сүт қоспалары нақ осындай жағдайлар үшін жасалған. Мұндай қоспалар балалар тағамы саласындағы серпіліс болып табылады және аналардың өз балаларын табиғаттың өзі жаратқан өнімге барынша жақын тамақпен қамтамасыз етулеріне көмектеседі.
Адам денесінен шығатын иіс туралы Адам денесінен шығатын иіс туралы
Денесінен иіс шықпайтын адам жоқ. Мұны ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Әрбір адамның өзіне тән иісі болады екен. Адамдар бір - бірін осы иісі арқылы
Ана сүті: бала денсаулығына өмір бойы қамқор Ана сүті: бала денсаулығына өмір бойы қамқор
Ана сүті – табиғаттың өзі жаратқан керемет өнім. Оның бірегей құрамы баланың қажеттіліктеріне қашан да қанағаттандырады және онда барлық құнарлы
Денсаулық пен медицинаға қатысты 5 аңыз Денсаулық пен медицинаға қатысты 5 аңыз
Медицина дамығалы біз көптеген зиянды - зиянсыз заттарды біліп келеміз. Бірақ, кең таралған «пайдалы» кеңестердің барлығы расымен пайдалы ма?
Үйге қажетті 10 қарапайым зат Үйге қажетті 10 қарапайым зат
Қазіргі уақытта үй жұмыстарына пайдалы әрі тиімді көптеген біз білмейтін заттар бар. Бүгін де пайдалы бұйымдардың кейбірімен сіздерді таныстырмақпыз.
Сәби рационында ақуыз мөлшерінің маңыздылығы жайлы бар шындық Сәби рационында ақуыз мөлшерінің маңыздылығы
Емшек сүті – табиғат берген ғажайып және сәби өмірінің алғашқы айларындағы ең мінсіз қорек.
Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс. Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс.
Ағзаға пайдалы астың бәрі дәмді бола бермейді. Бірақ, мұның бананға еш қатысы жоқ. Жемістің бұл түрін сүйіп жейтіндер көп әрі ол ағзаға өте пайдалы.
Жұмыртқаның пайдасы Жұмыртқаның пайдасы
Жұмыртқа – арзан әрі пайдалы тағам. Оны дайындаудың көптеген түрлері бар. Сонымен қатар олар әртүрлі тағамның басты құрамы болып табылады. Ал біз
Алматыда биыл 29 мыңдай бала мектепке барады Алматыда биыл 29 мыңдай бала мектепке барады
Алматыда биыл 2016 - 2017 оқу жылында 29 мыңдай бала бірінші сынып оқушысы атанады.
Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы
Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз