Ойын сауық отауы


Жүректің тоқтап қалуына себеп

Жүректің тоқтап қалуына әкелетін 11 себеп

ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында қарапайым тұрғындардың медициналық білімін арттыру мақсатында оларды ақпараттандыру қажет екені айтылады. Осыған орай, бүгін біз адам ағзасының моторы саналатын жүректің аяқ асты тоқтап қалуына әкелуі мүмкін 11 белгіні айтамыз. Тексеріліңіз, мүмкін сізге де шұғыл арада дәрігерге қаралу керек шығар?

Дәл қазір Қазақстанда бір жарым миллион адам жүрек және қан тамыры дерті диагнозымен тіркеуде тұр. Осыдан біршама уақыт бұрын Түркістан облысында 30 жастағы апталдай азамат күтпеген жерден қайтыс болды, оның ажалы жүректің кенет тоқтап қалуынан келген. Ол бұрын - соңды жүрегі ауыратыны жөнінде жан баласына шағымданбапты. Сол себепті, тіркеуде де тұрмаған. Осы секілді оқиғалардың көп кездесетінін жақсы білеміз. Жалпы, жыл сайын әлем бойынша әр түрлі жастағы 18 миллион адам жүрек дертінен о дүниеге аттанады. Егер алдын ала шаралар қолданып, дәрігерге көрінсе сол көрсеткішке азды - кемді өзгеріс енгізуге болар ма еді?
Өкінішке қарай, жүрек ауруын уақытында білу қиындық туғызады. Себебі, ол жеңіл - желпі ауырсынудың астарында жасырына біледі. Жүрек ауруына жол сілтейтін, сіз елемей жүрген бірнеше себептер тізіміне көз жүгіртіп шығалық.

Кардиолог Мейрам Ахметов әсіресе, жасы 60 - тан асқан егде кісілер, артық салмағы бар, сондай - ақ диабет, гипертония мен холестерин деңгейі жоғары жандарды сақ болуға шақырады. Сол секілді зиянды әдетке бой алдырған адамдар тобы да қауіп - қатерге жақын дейді.

1. Кеуде тұсындағы жайсыздық
Беделді WebMD медициналық ресурсының сарапшылары бұл белгіні жүрек проблемасындағы ең кең таралған түрі деп санайды.
Бұл жайсыздықты дәлме - дәл сипаттап беру мүмкін емес. Кейбіреулер жеңіл ауырсынуды сезінсе, біреулерде қысым көтеріліп, демігу болады. Ал басқалары барлық денесі дызылдап кететінін айтады. Егер жиі - жиі кеуде тұсыңыз ілгерідегідей белгі беріп, мазаңызды ала берсе, тез арада терапевтке қаралыңыз немесе электрокардиограмма мен жүректің ультрадыбыстық зерттеу әдісіне жолдама алған дұрыс. Буындардағы дерт, қанмен қамтамасыз ететін басты орган немесе жүрек ұстамасы дәл осылай өзі жайында хабар береді. Егер ауырлық бір минуттан артыққа созылса және қаттырақ жаныңызға батса, жылдам жедел жәрдем қызметін шақыртыңыз.
Сонымен қатар, сізге ұсынар жақсы жаңалығымыз да бар: кеудедегі ауырлықтың 80 - 90 %- ы жүрекпен байланысы жоқ, десе де, оның себебін білу мақсатында дәрігерге қаралған абзал.

2. Тәбеттің жоғалып, жүрек айнып, асқазанның қатты ауруы
Әлбетте, асқазандағы бұзылыс жүрекке қатысы жоқ бірнеше факторлардан туындауы мүмкін. Алайда, ас қорытудағы қиындықтардың астарында басқа себеп жатуы мүмкін, мәселен ас қорыту жүйесіне аз мөлшерде қан жеткізілуі. Ал қан айналымындағы пайда болған мұндай әлсіздік жүректің дұрыс жұмыс жасамауынан екені анық.
Егер себепсізден себепсіз жүрегіңіз айныса, көкірек тұсында жайсыздық туындап, осы тізімдегі басқа да белгілер байқалса, терапевтке барыңыз. Өз уақытында жасалған тексерістің қаншалықты пайдалы екенін ұмытпаңыз.

3. Сол қолға берілетін ауырсыну
Жүректен тарайтын жүйке мен сол қолдан келіп жатқан жүйке мидың бір бөлігіне сигнал береді. Нәтижесінде ми жүрек немесе қолдың қайсысы ауырып жатқанын әрқашан дұрыс түсінбеуі мүмкін.
Егер сіз сол қолыңызды жаттығу барысында ауыртып алсаңыз, бір жерге соғып немесе тіреу кезінде оқыс жағдайға тап болсаңыз, одан пайда болған ауру сезімін бірден - ақ аңғарар едіңіз. Бірақ, ауырлық сезімі пайда болатындай себеп табылмаса, оның үстіне жаныңызға бататындай мазаңызды алса – бұл қауіптің бір нышаны. Дәрігерлер мұны инфарктің классикалық симптомы деп атайды.
Америка кардиологиялық ассоциациясы сол қолда күтпеген жерден пайда болатын ауырлық, көп уақытқа дейін басылмай, тіпті күшейе түскен жағдайда жедел жәрдем көмегіне жүгінуге кеңес береді.

4. Тістің немесе төменгі иектің ауруы
Ми тағы да бір дұрыс идентификация жасай алмайтындығына мысал ретінде жүрек пен тіс ауруын жатқызуға болады. Бақытымызға орай, тіс пен төменгі иектің ауруы кариес пен жақтың жылжып кетуінен немесе суық тигізуден туындайды. Алайда, мұндай себептер болмай - ақ, тіс сырқырап мазаңызды алса, кардиологқа жүгіріңіз.
Шын мәнінде клиникалық тәжірибеде жүрек жұмысында бұзылыс болған көптеген адамдардың ауырсынуын басу үшін тістерін жұлып, дәрі - дәрмектер еккен оқиғалар жиі кездескен.

5. Бас айналу немесе соған ұқсас жағымсыз сезімдер, кеңістікте бағдар жоғалтып алатындай күйге түсу
Ілгерідегі себептер секілді әлсіздікке әкелетін де жағдаяттар жетерлік. Мәселен, тамақтанбағаныңызға біршама уақыт өтті немесе ұзақ отырып, кереуеттен бірден тұрып кеттіңіз.
Бірақ, бұндай әлсіздікке жиі бой алдырсаңыз, медицина маманына жылдамырақ баруды ойлаңыз. Олардың айтуынша, жүректің миға қан жеткізу жұмысында ақаулықтар бар. Бұл жақындап келе жатқан инсульттен хабар беруі мүмкін.

6. Ұдайы шаршау
Әлсіз жүрек толыққанды қан айналымымен қамтамасыз ете алмайды. Осының кесірінен біздің ағзамыз және тіндеріміз қажетті заттар мен оттектің жетіспеуінен қиындық көреді. Бұдан шығар жол ретінде, организм қанды бірінші кезекте өте маңызды ағзаларға – жүрек, ми, өкпеге жібереді де, аяқ - қолдарға көңіл бөлмейді. Ал бұдан не шығады?
Сізге күнделікті қайталап жүрген іс - әрекеттерді жасау қиын бола бастайды, мәселен, душ қабылдау, ыдыс - аяқ жуу, баспалдақ арқылы көтерілу. Тіпті, қалыпты демалғанның өзінде сергектікті сезінбей, «саусақ ұшын қимылдатуға» шамаңыз келмейді.
Егер осындай оқиға сізге таныс болса және бірнеше күннен бері қайталанып жүрсе, жүрек проблемасына ұрынбас үшін кардиологтың кеңесіне жүгініңіз.

7. Аяқтың домбығуы
Қан айналымындағы бұзылыстан лимфа да зардап шегеді, яғни, терідегі сұйықтықтың таралуы нашарлайды. Бұл әсіресе аяқтан көп байқалады. Терінің астына жинала берген сұйықтықтан аяқ домбығып, ісініп кетеді.
Аяғыңызда туындайтын осындай проблема жиі көрініс бере бастаса, терапевт пен кардиологтың алдынан өтіңіз.

8. Көпке созылған жөтел
Көп жағдайда жөтел тұмау тиюдің бір белгісі ретінде қарастырылады. Дегенмен, екі - үш апта бұрын ол сырқаттың бетін қайтарып тастасаңыз да, жөтел әлі күнге дейін мазалап жүрсе, дәрігерге барыңыз.
Ұзаққа созылған жөтел аллергия немесе бронхиттің белгісі болуы ықтимал. Кейде ол жүректің өкпедегі судың қайтуын қалыпты жүргізе алмай жатқанынан ақпар береді.
«Жүрек» жөтелінің белгісі ретінде қызғылт немесе ақшыл шырыштың бөлінуін айтуға болады.

9. Орынсыз демігу, ентігу
Ентігу – қандағы оттектің аздығын білдіретін бірінші белгі. Көбінесе оның себебі ретінде физикалық жүктеме айтылады. Бұлшық еттердің жұмыс атқаруына көп оттек қажет болғандықтан, оны қаннан «сора» бастайды. Мұны ретке келтіру үшін ми өкпенің тезірек дем алуын талап етеді.
Бұған артық салмақ пен отырып жұмыс істейтін орта, күйзеліс, сол сияқты қапырық жердің әсерін де қосып қойыңыз...
Бірақ, мұндай симптом жоғарыдағыдай анық себептерсіз пайда болып, әлсіздікпен сабақтасып, кеуде тұсында ауырлық сезімдері болса міндетті түрде кардиологқа жазылыңыз.
Оттектің жетіспеуі қан айналымының нашарлап, жүрек жұмысында айтарлықтай проблема туындағының белгісі екенін тағы да қайталаймыз.

10. Қатты қорылдау
Ұйықтап жатқан адамның қорылы қалыпты жағдай ретінде қарастырылады. Ал егер сіздің қорылыңыз тым қатты шықса, бұл апноэнің бір белгісі (ұйқы кезіндегі дем алудың қысқа мерзімге тоқтап қалуы).
Апноэ жүрек - қан тамыр жүйесіне айтарлықтай зардабын тигізеді. Біріншіден, ол жүрек бұлшық еттерінің гипоксиясына ұшыратса, екіншіден, гипертонияның (қан қысымының көтерілуі) дамуына ықпал етеді. Бұдан адам ағзасының басты моторының жұмысына зақым келеді. Нәтижесінде жүрек - қан тамыр жүйесі кез келген уақытта күрт жұмысын тоқтатуы мүмкін.
Сол себепті, апноэні емдеу қажет! Қалай емдеуге болатынын терапевттен сұраған жөн.

11. Жүрек соғуының тұрақсыздығы және қатты дүрсілдеуі
Жүректің кеудеден шығып кетердей соғуын кез келген ғашық адам сезінген болар. Жалпы, ол толқыныс пен қорқыныш кезінде немесе ауыр физикалық жүктеме сәтінде болса – қалыпты.
Алайда, ешқандай себеп - салдарсыз «дүрсілдеп» сіздің мазаңызды алса, сол секілді соғысы тұрақсызданғанын байқасаңыз, бұл ол ағзада туындаған проблемадан хабардар етеді. Әрине, дәрігерге асығыңыз!
Жүрекке аса сақ болған жөн!
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 2
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 23
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 23
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
  • Дауыл 30.03.2019
    Балықтар (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Балықтар, көп сұрақ қоймаңыз, no сізбен сұхбаттасушыларға көп сұрақ қойсаңыз олардың денсаулығына зиян. Сіз адамдардың ауырмай жүргенін қалайсыз.
  • Дауыл 30.03.2019
    Суқұйғыш (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Суқұйғыш, Сіз бүгін бақыттысыз. Тек қаласаңыз болғаны. «Бақытым кел», десеңіз жеткілікті. bully
  • Дауыл 30.03.2019
    Тауешкі (3)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Тауешкі, Сіз табысқа жетесіз, бірақ нәтиже сіз күткеннен кішкене көрінеді. Өзгелердің сезімге оңай түсу қабілетін бағаламаңыз. belay
  • Дауыл 30.03.2019
    Сарышаян (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Сарышаян, дәл қазір сіздің көкжиегіңіз қара бұлт ішінде болар. sad Дегенмен, бұлтты тарату үшін артық энергия жұмсаудың қажеті жоқ. Бұлттың тарқауын күткен оңайырақ. smile
  • Дауыл 30.03.2019
    Таразы (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Таразы, өмірге шағымдана беруді доғарыңыз. Айналаға қараңыз! Таза ауаға шығып әдемі гүлдерді қараңыз, құстардың сайраған даусын тыңдаңыз. Қарап тұрып, көңілің өз - өзінен көтеріледі. smile
  • Дауыл 30.03.2019
    Бикеш (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Бикеш, бүгін сізге жалған сөйлеп, жасанды қылық көрсетуге тура келсе, ондай әрекетке бармай-ақ қойғаныңыз жөн. Бүгін болмайды! belay
  • Дауыл 30.03.2019
    Мерген (2)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Мерген, сіз жол айырығында тұрсыз, бәрі жақсы болады, бірақ сіз жалғыз тұрған жоқсыз. Дұрыс жолды таңдау үшін өзіңізді ғана ойламайсыз. Мұны есте ұстаңыз! recourse
  • Дауыл 30.03.2019
    Арыстан (2)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Арыстан, маңызды әңгімеден қашпаңыз! Көптен бері шешілмей келген істі тоқтату, дауды аяқтау, нақтылау, мәселені шешуге қолайлы күн. no
  • Дауыл 30.03.2019
    Шаян (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Шаян, бүгінгі күн басқалардың көзімен айқын көрінбек. Жақын адамдарыңыздың кеңесіне құлақ түріңіз. laughing
  • Дауыл 30.03.2019
    Егіздер (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Егіздер – жалғыздық. Тек бүгін емес. Бүгін сіздің орныңыз шулы достардың ортасында. winked
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика