ойын сауық отауы
Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері
30.05.2019 291 0 Дауыл

Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері

Денсаулық
Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері
Адам ағзасы машина секілді: бірқалыпты жұмыс істеуі уақыт өте баяулайды, жас ұлғая сыр бере бастайды. Бұл кезде ағзаның жұмыс істеу күшін бастапқы жаратылған кезіне қайта келтіру мүмкін емес. Әйтсе де оның жұмысын жақсартып, сол арқылы өміріңізді ұзартудың мүмкіндіктері бар екен. Ол үшін ағзаны жылдар бойы жинақталған қалдықтардан (шлактардан, тұздан, тас пен құмнан) төменде ұсынылған қарапайым тәсілдер арқылы тазартуыңыз керек деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ескерте кетейік, ағзаны тазарту бойынша кешенді процедураны бірінен кейін екіншісін, араға тек 1 - 2 күндік демалыс салып орындау қажет. Сондай - ақ оны 40 тәулік ішінде орындаған абзал. Онсыз емнің тиімділігі шамалы.
Бұл ем түрі «Малахов тәсілі» кітабынан алынған.

● Ішекті тазарту
Ағзаны тазарту алдымен ішек жұмыстарынан басталады. Ішекті тазарту үшін табиғи шырын мен қайнатылған сорпаны көбірек ішкен жөн. Жеміс - жидекті көбірек пайдалансаңыз дұрыс. Ол ішекте артық майлардың, тұз бен қалдықтардың тұрып қалуынан сақтайды.
Дегенмен де ішекті тазартудың ең тиімді жолы – клизма жасау. Ол үшін қайнатылған 1, 5 - 2 литр жылымық суды 1 ас қасық лимон шырынымен араластыру керек. Оны эсмарх бокалына құясыз. Түтіктің ұшына өсімдік майын жаққан жөн. Клизманы таңертең, дефекациядан кейін жасаған тиімді. Алғашқы аптада клизманы күн сайын, екінші аптада күнара, үшінші аптада екі күнде бір рет, ал төртінші аптада үш күнде бір рет жасаған жөн. Кейін аптасына бір рет жасаудың өзі жеткілікті. Осылай 40 күндік тазалау ішек жұмысын жақсарта түседі.
Кейбір әлсіз және жасы келген адамдардың алғашқы күндері клизма әсерінен іші өтуі мүмкін. Оның алдын алу үшін клизма кезінде сарымсақ жеген пайдалы.

● Бауырды тазарту
Ішекті тазалап болған соң қайнатылған сорпа мен жеміс - жидек диетасын сақтай отырып 1 - 2 күн демалғаныңыз дұрыс. Одан кейін бауырды тазартуды бастауға болады. Оның ең тиімді жолы вегетариандық тамақтану мен алма диетасы. Ол үшін бірінші және екінші күндері ашқарынға клизма жасалады. Содан кейін күні бойы тек қана алма (шырыны, жаңа піскен немесе қайнатылғанын) жеу керек. Оның көлеміне шек қойылмайды, қалауыңызша жей беріңіз. Үшінші күні де кешкі сағат 19 - ға дейін осылай жалғастырыңыз. Кейін төсекке жатып, бауырдың тұсына қыздырғыш (грелка) басыңыз. Әрбір 15 минут сайын 3 ас қасық зәйтүн майы мен артынша дереу 3 ас қасық лимон шырынын ішіңіз. Барлығы 200 грамм май мен 200 миллилитр лимон шырыны болуы тиіс. Қыздырғышты 2 - 3 сағаттай ұстаған соң ұйықтауға әрекет жасаңыз. Таңертең тағы да ашқарынға клизма жасап, жеңіл таңғы ас ішіңіз.

● Қанды тазарту
Көпшілігіміз елей бермегенмен, біздің қо¬рек¬тенетін тағамдарымыздың құрамындағы зиян¬ды қоспалар қан құрамында да қалып қояды. Сол үшін қанды тазартудың маңызы зор. Ол үшін үш күн бойына арнайы шырын ішіп тұру керек. 1 кило апельсин мен 200 грамм лимон шырынын араластырыңыз. Шамамен 2 литрдей сусын дайындалуы керек. Сусыныңыз қою және аздау болса жұмсартылған су қосуға болады. Бұл суды ертерек дайындап алған жақсы: қайнатылған таза суды кастрюльге немесе пластикалық бөтелкеге құйып, мұздатқышқа қоясыз. Салқындағанда шырынға қоса беруіңізге болады.
● Сусынды күні бойы әр жарты сағат сайын 100 грамм мөлшерінде ішу керек. Бұл қатаң диета: үш күн бойы осы сусыннан басқа ешнәрсе жемейсіз. Таңертең міндетті түрде клизма жасайсыз (100 грамм су және 1 ас қасық глаубер тұзы). Соңынан душ қабылдау сергек жүруіңізге көмектеседі.

● 40 тәуліктік ереже
Енді ағзаны тазартудың мына қысқаша графигіне назар салып көріңіз:
●1 - 7 тәулік – толық адамдарға арналған диета және күнделікті клизма жасау, яғни салмағы мөлшерінен артық адамдар алғашқы 7 күн бойына диета ұстауға тиіс;
● 8 - 13 тәулік – қуырылмаған және майсыз тағамдармен жеңілдетілген диета ұстау және күнара клизма;
● 14 - 16 тәулік – үш күндік алма диетасы (кешкі сағат 19 - ға дейін) және бауырды тазартуды бастау;
● 17 тәулік – таңертең клизма жасау, жеңіл таңғы ас және жеңілдетілген диета;
● 18 - 24 тәулік – табиғи шырын немесе қарбызбен диета ұстау;
● 25 - 37 тәулік – күріштен жасалған таңғы ас, жеңілдетілген диета, алғашқы және соңғы үш күн бойы лавр жапырағынан жасалған қайнатынды;
● 38 - 40 күндері – қанның құрамын арнайы шырындар арқылы тазарту.
● Осы 40 тәуліктік қарапайым тәсілдермен ағзаны тазартып болған соң әлі де 2 - 3 күндей қайнатылған сорпа немесе диеталық тағам жеу өзіңіз үшін өте пайдалы. Ендеше, ауырмаңыздар, ұзақ жасаңыздар. Өзіңіз білетін басқа да емдік тәсілдер болса, көпшілікпен бөлісіп тұрыңыз.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
Адам денесінен шығатын иіс туралы Адам денесінен шығатын иіс туралы
Денесінен иіс шықпайтын адам жоқ. Мұны ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Әрбір адамның өзіне тән иісі болады екен. Адамдар бір - бірін осы иісі арқылы
Стресстен қорғайтын тағам өнімдері. Стресстен қорғайтын тағам өнімдері.
Күнделікті жаңалықтардан естіп жүргеніміздей күйзеліске түскендер саны күн өткен сайын артып келеді: «Жұмыстан шығып кетіпті!», «Екеуі ұрсып ажырасып
Лимон - денсаулық сусыны. Лимон - денсаулық сусыны.
Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне, яғни сыртқы түсі қанық сары түсті, сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ дақтары
Қайнаған сумен емделіңіз. Қайнаған сумен емделіңіз.
Құрбы-құрдастарыңыздың, туыстарыңыздың немесе таныстарыңыздың қарапайым шәй мен кофеден үзілді - кесілді бас тартып, жай ғана қайнаған суды ішіп
Пайдалы таңғы ас мәзірі Пайдалы таңғы ас мәзірі
Таңғы асқа отырмас бұрын не істеу қажет? Таңертең ұйқыдан тұра салысымен адамның асқа тәбеті бола қоймайды. Жуынып алғаннан соң, 1 стакан қайнаған су
Қазы айналдыру тәсілі Қазы айналдыру тәсілі
Қазақ халқының дастарқанын қазысыз елестету мүмкiн емес. Қазақ десе, алдымен қазы-қарта, жал-жая секiлдi ұлттық тағам түрлерi көз алдыңа елестейді.
Күлкінің адам ағзасына әсері Күлкінің адам ағзасына әсері
Адам денсаулығына тұрақты түрде күш түсуінен созылмалы әлсіздікке шалдығады екен. Ағзаны нығайту көптеген аурулардың алдын алады.
Қабақ неге тартады? Қабақ неге тартады?
Кейде, көздің үстіңгі қабаты өзінен - өзі қимылдайтын бәрімізге белгілі. Егер бұл анда - санда болып тұратын қалыпты жағдай болса, онда бұл
Шубаны (ішікті) қалай күту керек? Шубаны (ішікті) қалай күту керек?
Шубаны (ішікті) қалай күту керек?

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз