ойын сауық отауы
Лазым...... Ләтипа, Мағрипа...... Мүштари
08.08.2015 8 463 0 Admin

Лазым...... Ләтипа, Мағрипа...... Мүштари

Есімдер сыры
Лазым...... Ләтипа
ЛАЗЫМ - араб тілінен алынған — қажет, міндетті, көрікті.
ЛАШЫН — алғыр, қыран құс, сұңқар.
ЛӘБИБА - араб тілінен алынған — ақылды, парасатты, өткір.
ЛӘЗЗАТ - араб тілінен алынған — тәттілік, шырындылық, сүйкімділік, жағымды, ұнамды, жаратымды.
ЛӘЗИЗА - араб тілінен алынған лазиз — тәтті, шырынды, дәмді; ең жақсы, өте тамаша.
ЛӘЙЛА - араб тілінен алынған әлләйлун — түн, кеш, көне еврей тілінде Лилия. Түрі — Лейла.
ЛӘТИПА - араб тілінен алынған латиф — қайырымды, рақымды, жайдары, сүйкімді.
Мағрипа...... Мүштари
МАҒРИПА - араб тілінен алынған магрифет — білім, таным, өнер, сауаттылық яки солардың иесі.
МАЙНА - иран тілінен — индия қараторғайы.
МАЙНҰР - май айында туған нұрлы, көркем, сұлу қыз.
МАЙСА - тәжік тілінен — ерте көктем; көк майса, шалғын.
МАҚПАЛ - иран тілінен алынған бахмал — барқыт.
МАНАТ - көбіне қызыл түсті келетін, фланель тектес мата.
МАНЗУРА - араб тілінен — бағышталған, арналған.
МАРЖАН — теңіз астынан алынатын қызыл, яки ақшыл түсті тастар; інжу.
МАРЗИЯ - араб тілінен алынған мәрзия — разы қылушы, яки жағымды, келіскен; көпшілік ұнатқан, мақұлдаған.
МАРИЯ - көне еврей тілінен келген — өте жақсы, тамаша; биік мәртебелі ханша. Дыбыстық өзгерген түрі — Мәрия, Мәриям.
МАРФУҒА - араб тілінен алынған марфуа — биік мәртебелі, үлкен дәрежелі.
МАРХАБА - араб тілінен алынған мархабан — хош келдіңіз, қайырымдылық.
МАСТУРА - араб тілінен — жамандықтың алдын алушы, жақсылық тілеуші; адал, таза, құрметті әйел.
МАТЛУБА - араб тілінен — арманы орындалған.
МАУСЫМЖАН - араб тілінен алынған - маусым - уақыт, шақ, жиын-терін; ескі календарь бойынша төртінші ай аты; мейрам, мереке.
МАХБАРА - тәжік тілінен алынған мах — ай + бара — сұлу, махпора — сұлу, көркем.
МАХБҮБІ - тәжік тілінен алынған мах + араб тілінен алынған бубі ~ бибі, яғни айдай сұлу, сүйікті, сүйкімді.
МАХИНҮР - иран тілінен - айлы, жарық, айға ұксас сұлу.
МӘДИНА - араб тілінен алынған Мәдинә Сауд Аравиясындағы қала.
МӘЛИКЕ - араб тілінен - патша әйел, ханша, ханым; билеуші әйел, патшаның әйелі.
МӘНЗИЛА - араб тілінен - дәреже, атақ; әлеуметтік жай.
МӘНСУРА - араб тілінен алынған мансұр — жеңімпаз, жеңуші.
МӘРМАРА - араб тілінен - асыл ақ тас.
МӘУЕ - араб тілінен - жеміс.
МЕЙРАМГҮЛ - қуаныш гүлі. Түрі — Мейраш.
МЕЙІЗ - иран тілінен - жүзім, кептірген жүзім. Біріккен тұлғалы түрі — Мейізгүл.
МЕЙІРЖАН - иран тілінен алынған меһр — ынта, ықлас, ынталы, ықласты, ақ пейіл.
МЕРЕКЕ - той, тамаша күні туған балаға берілген есім.
МЕРУЕРТ - иран тілінен - асыл моншақ.
МИРА - жаңа есім - бейбіт, тыныштық өмір.
МҰХТАРИМА - араб тілінен - қадірлі, құрметті, сыйлы.
МҰКАРРАМА - араб тілінен - құрметке бөленген, қадірлі, сыйлы.
МҮЛИПА - араб тілінен — кітап шығарушы ақын.
МҮНИРА - араб тілінен - нұрлы, жарық, жарқын, айқын. Түрі — Мінира.
МҮШТӘРИ - араб тілінен — сатып алушы; жұлдыз.

Қыз есімдерін қарау

Қыздардың есімдері мағынасымен Қыздардың есімдері мағынасымен
УӘЗИПА - араб тілінен алынған — таза, пәк; сұлу, көркем. УӘСИЛА - араб тілінен алынған вәсилә — көмек, жәрдем; шыдамды, төзімді, күтуші.
Сағида...... Сындыбала Сағида...... Сындыбала
САҒИДА - араб тілінен — бақытты, табысты болу, рахат өмір сүруші, ауқатты. САҒИРА - араб тілінен — тіл алғыш, құрметті, кіші, кішкене.
Өміргүл...... Өрзия, Пана...... Перизат, Рабия...... Рухия Өміргүл...... Өрзия, Пана...... Перизат,
ӨМІРГҮЛ - өмірдің қуанышы, жайнаған гүлі. ӨМІРШЕ - араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік. ӨНЕГЕ - үлгі, тәрбие.
Ерекше қыз есімдері мағынасымен Ерекше қыз есімдері мағынасымен
НАҒИЗА - иран тілінен — әдемі, сұлу, көркем. НАҒИМА - араб тілінен алынған нагімә — мейірімді, жарқын, инабатты; биязы, нәзік, жұмсақ.
Гауһар...... Гүлшаш Гауһар...... Гүлшаш
Гауһар...... Гүлшаш ГАУҺАР - иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар. ГАЯНА - грек тілінен — жерге тән, жерден
Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан
Ғаббас...... Ғұмар ҒАББАС - (қараңыз: Аббас). ҒАБДІҒАЗИЗ – араб тілінен - қадірлі, құрметті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×