ойын сауық отауы
Тоқты
13.08.2016 76 410 1 Дауыл

Тоқты

Бұл қызықты
Тоқты жұлдызына мінездеме
Тоқты – табиғатынан көшбасшы және онымен келіспеу мүмкін емес. Тоқты жұлдызында туған жанды бір көргенде – өзіне сенімді, табанды, ерекше жанды байқайсыз. Оның бойындағы сенімділік, қаталдық ол үндемей тұрғанның өзінде сезіледі. Олармен сөз таластыру да мүмкін емес. Бұның себебі қарапайым: тоқты – жұлдыз жорамал бойынша бірінші белгі, өмір шуағын бейнелейтін барлық бастаманың басы.
Әлемнің барлық жұлдызшылары тоқтының сипатын жаңа туған баланың сипатымен салыстыруы сол себепті.

Тоқтының ойымен әлемде ең бірінші орында «Мен» тұрады. Оның табанды сенімі бойынша, бүкіл әлем оны айналып жүр, қалғандары оған ілесуі тиіс. Басқалардың қажеттіліктері мен тілектерін елемегенімен алайда, өзіне келгенде жаны қалмайды.
Егер қалауы орындалмай қалса, өкпелі, ерке бала секілді, «ол менікі» деп айқайлап айтудан қорықпайды және солай жасау орынды деп есептейді, өз еркінен тыс, тағдырдың басына салғанына көнгісі келмейді.

Оның стильі - дегеніне жету үшін, күрделі жол іздемей, ең қарапайым әдістерді пайдалану.
Өз мақсатына жетуде оғаш қылық танытып, өз айтқанынан қайтпай табандылық танытуы өз жемісін береді, шын мәнінде өзімшіл тоқтының айналасындағылар оның мақсатына жетуіне көмектеседі.

Алайда, тоқтының бойындағы өзімшіл, менмен қасиетін «балаға тән» кейбір қылықтары жасырып тұрады. Әлемге қызыға қарайтын, әлсізді қорғаштай шығатын, әңгімелесіп отырған жанның бүкіл сөзін шынға балайтын осы бір жанды шындығында жазғыра да алмайсың. Тоқты шынайы және шындықты сүйеді және әрқашан басқалардан да осыны күтеді.

Жалпы алғанда, тоқтының баға жетпес, ең жоғары бір қасиетіне сенімді болыңыз: ол ешқашан кек сақтамайды, қастық ету, айлакерлік оның бойында жоқ қасиет. Оның қандай адам екені алақанда тұрғандай анық көрінеді егер, өзіне бір нәрсе ұнамаса, тіке айтып салады. Егер іс насырға шауып дауласуға ұласса онда, тоқтының ашу - ызаға толы долы мінезіне дайын болыңыз, алайда оның ашуы өткінші жауын секілді тез басыла қалады.

Тоқты еш қысылмай, алдында тұрған адам туралы өз ойын бүкпесіз ашық айта алады, (бұл кез - келген адамның қолынан келе бермейді), сонымен қоса тоқтының тағы бір қасиеті, кішкентай бала секілді басқалардың өзін мақұлдауын, мақтағанын жақсы көреді. Ол өзіне қанша сенімді болғанымен де сынды қабылдай алмайды, өзін басқа біреу орынсыз жағымпаздана мақтап жатса да қанаттанып кетеді.

Жұмыста ол үнемі көшбасшы болуға ұмтылады, арманына жету жолында – даңқын мойындатып, дегеніне жету жиі кездеседі.
Ол тәуелсіз, батыл, жауапкершілікті алуға қабілетті, өзіне деген сенімділік оның сәтсіздікке ұшыраған сәтінде де еңсесін түсіруге мүмкіндік бермейді. Басқаша айтқанда, тоқтылар табиғатынан көшбасшы, ең биік шыңды бағындыруға мүмкіншілігі жетеді.

Табиғат күші – От. От – оптимист және құмарлықты білдіреді. Оның басқаратын ғаламшары Марс. Шешім қабылдай алу, батылдық, жігерлілік – бұл Марс ғаламшарына тән мінез - құлық.
Шынайы әрі шыншыл, белсенді және өжет, ержүрек те ақкөңіл, әділ де сезімтал, Тоқты – нағыз көшбасшы.
Жолындағы кез келген кедергілерге қарамастан алға қарай ұмтылады, ол өзінен кейін келе жатқандарға жол ашады.
Оның бойында күш шексіз, сондай - ақ ол өмірден бәрін алудан шаршаған емес, басқалармен бөлісуде жомарт.

Торпақ
Егіздер
Шаян
Арыстан
Бикеш
Таразы
Сарышаян
Мерген
Тауешкі
Суқұйғыш
Балықтар

Ең қатыгез жұлдыз белгілері Ең қатыгез жұлдыз белгілері
Тоқты белгісіндегі адамдар сөйлегенде қатты айтуы мүмкін. Ашуланса ойындағының бәрін айтып тастайды. Соңы не болады деп ойламайды. Олар тәкаппарлық
Тоқты жұлдызындағы ер-азаматтар қандай? Тоқты жұлдызындағы ер-азаматтар қандай?
Қайтпас қайсар Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) өзіне сенімді қадамы нық. Мұндай адамның сипаттамасы – жігерлілік және бүлікшіл. Бұл От белгінің
Балықтар Балықтар
Барлық жұлдыз белгілерінің ішінде балықтан жұмбақ жұлдыз белгісі жоқ.
Тауешкі Тауешкі
Сіз бір кездері сыртынан қарағанда қарапайым және жұмсақ көрінетін жанды кездестірдіңіз, алайда нақты іске келгенде күтпеген жерден еркіңе
Торпақ Торпақ
Торпақ жұлдызына мінездеме. Торпақ күшті де табанды болғанымен, көпшіліктің арасынан қарапайым байқаусыз тұрған жанның осы жұлдызға тән екеніне таң
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған Жұлдызнама - ер адамдарға арналған
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған (қан тобы бойынша) O (I) қан тобындағы жандар өз - өзіне сенімді жандар. Олардың алға қойған мақсаты бар,
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дауыл
#1 Дауыл Бас редактор 30 наурыз 2019 15:21
30.03.2019ж
Тоқтыларға аздап үзіліс жасайтын уақыт келді. Қайнаған іс-шараның ортасынан кетіп демалғаны дұрыс.
×