Ойын сауық отауы


Алмабай...... Аян

Алмабай...... Аян
АЛМАБАЙ – қазақ есімі, алма сияқты әдемі, көрікті, сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Алматай, Алмабек.
АЛМАС - иран тілінен алынған алмас — ең асыл, қатты тас. Біріккен тұлғалы есімдер. Алмасбай, Алмасбек, Алмасхан.
АЛМҰРТ - иран тілінен алынған жеміс атынан қойылған есім.
АЛПАМЫС - алып — қазақ тілінде дәу, дөкей, зор. Мамыш — батыр.
АЛПАР - алп — батыр, ар — ер сөзінің көне түркі тілдеріндегі жуан айтылуы. Яғни батыр адам, ер кісі.
АЛПЫСБАЙ - бұл баланың әкесі не шешесі алпыс жасқа толғанда туғандықтан қойылған есім.
АЛТАЙ - моңғол тілінен келген алтан — алтын, тай - таг — тау. Алтай тауының атынан қойылған кісі есімі. Біріккен тұлғалы есімдер — Алтайбай, Алтайбек.
АЛТЫБАЙ - саусағы немесе башпайы алтау боп туған ер балаларға ертеде осылай ат берілген.
АЛТЫНБЕК - қазақ сөздері алтын + бек. Бала алтын сияқты әдемі әрі өмірі мықты, берік болсын деп қойылған есім.
АЛТЫНСАРЫ - қазақ сөздері алтын + сары. Бала қымбатты, қадірменді болсын деген тілекпен қойылған есім.
АМАН - араб тілінен алынған әмен — сау, есен, саламат. Еркелетіп айтылатын түрі - Амантай. Біріккен тұлғалы есімдер — Аманбай, Амандық, Аманбек, Аманғали, Аманжол және т. б.
АМАНБАЙ - араб тілінен алынған аман + бай. Есен - сау бол. Синонимі — Есенбай.
АМАНГЕЛДІ - араб тілінен алынған аман + қазақтың сөзі келді. Бала дүниеге, өмірге аман - сау келді, өлмей тірі туды деген мағынада қойылған есім. Қазіргі кезде бұл есім азамат соғысының батыры, Қазақ халқының ардагер ұлы Амангелді
Иманов есімі ретінде, онын құрметіне жиі қойылады. Еркелетіп айту түрі — Амантай.
АНАРБАЙ - иран тілінен алынған анар — оңтүстікте өсетін, қызыл дәнді алма тектес жеміс. Бала анардай әрлі, нұрлы, көрікті болсын деп қойылған есім. Оның Анарбек, Анартай, Анаржан деген тұлғалары да бар.
АНДАС - араб тілінен алынған — дос, жолдас.
АҢСАҒАН - қазақ тілінен алынған сағынған, зарыққан. Бұл есім баласы болмай жүрген семБяның бала көргенде қойған есімі.
АҢСАР - қазақ есімі, сағынатын, зарығатын.
АППАҚ – қазақ есімі, аса ақ, әппақ, саф таза, кіршіксіз.
АРАЙ – қазақ есімі, таң шапағы, шұғылалы сәуле.
АРАЛБАЙ - Арал теңізі жағасында туған балаға берілген есім.
АРБЕК – қазақ есімі, ар - ұяты күшті, намысы бар деген мағынасы бар.
АРБОЛ - қазақ есімі, Отаныңның, ата - анаңның намысын қорғаушы бол деген мағынадағы есім. Синонимі — Ардан.
АРҚАТ - қазақ тілінен алынған күшті, мықты бол деген мағынадағы есім.
АРМАН - иран тілінен алынған — тілек, арман, мақсат. Еркелету тұлғасы Арманжан, Армантай, Армаш.
АРСЕН - грек тілінен алынған арсений — батыл, ер - жүрек.
АРТЫҚ – қазақ есімі, бәрінен жоғары, құнды, қымбат, ерекше. Біріккен тұлғалар — Артықбай, Артыққали.
АРЫН – қазақ есімі — қарқын, екпін, жігер. Біріккен тұлғалар — Арынбай, Арынбек.
АРЫНҒАЗЫ – қазақ сөзінен арын + араб сөзінен ғазы — әскер, жауынгер біріккен есім. Батыл, жігерлі, қайратты жауынгер. Ғазы сөзі — Иманғазы, Нұрғазы, Ерғазы, Серғазы, Жанғазы сияқты біріккен тұлғалы кісі аттарын жасауға қатысты сыңар сөз.
АРЫНДЫҚ – қазақ есімі - қарқындылық, екпінділік, жігерлілік.
АРЫСБАЙ – қазақ есімі - Арыс өзені атынан қойылған есім.
АРЫСТАН - қазақ тілінен алынған есім батылдық пен батырлық бейнесі ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Арыстанбек, Арыстанғали, Арыстанбай.
АСАБАЙ - қазақ тілінен алынған — шектен асқан бай адам.
АСАН - араб тілінен алынған хасан - сұлу, тым көркем, өте әдемі. Біріккен тұлғалы есімдер — Асанбай, Асанбек, Асанғали, Асангелді, Асанхан, Асанжан, Асанмұрат, Асанқожа.
АСҚАН – қазақ есімі, бәрінен артық, ерекше.
АСҚАР – қазақ есімі, ең биік, сеңгір тау, қарлы биік шың; тірек, сүйеніш. Біріккен тұлғалы есімдер — Асқарбай, Асқарбек, Асқарәлі, Асқаржан.
АСТАМ – қазақ есімі — басқадан өктем, үстем, асқақ.
АСФАНДИЯР, СПАНДИЯР – иран тілінен алынған, иран халық эпосындағы басты кейіпкердің бірінің есімі; иран жыл санауындағы ай аты.
АСХАТ - араб тілінен алынған асхад - ең бақытты, құтты, ырысы мол.
АСЫЛ - араб тілінен алынған: негіз, түбір, ақиқат, нағыз; ардақты, қымбатты, бағалы. Біріккен тұлғалы есімдер Асылбек, Асылбай, Асылхан, Асылмұрат, Асылхожа, т. б.
АТА - бұл сөз кісі аттарына қосылып, құрметті, қасиетті адамдарды қадірлеп, сыйлау мағынасында айтылған.
АТАБАЙ – қазақ есімі — белгілі, атақты, дәулетті адам.
АТАБЕК - қазақ есімі, — тәрбиеші, ұстаз. XII — XVIII ғ. ғ. Орта Азияда, Қазақстанда, Азербайжанда, Грузияда және Арменияда балаларды тәрбиелеушіні осылай атаған.
АТАЛЫҚ - қазақ есімі — атаға тән, атанікі.
АТАМҰРАТ - қазақ тілінен алынған — атанын мұраты, мақсаты.
АҒАНИЯЗ - қазақ тілінен алынған ата + иран тілінен алынған нияз - өтініш, тілек, үміт, сый, тарту. Бала ата тілегі, ата үмітін ақтасын деген тілекпен қойылған есім.
АТЫМТАЙ - араб тілінен алынған хатим — жомарт, мырза.
АХАТ - араб тілінен алынған — жалғыз, жалқы.
АХМАР – араб тілінен алынған — қызыл.
АХМЕДИЯР - араб тілінен алынған — мақтауға лайық ер.
АХМЕТ - араб тілінен алынған — мақтаулы, мақтауға лайык.
АХМЕТСАФА – араб тілінен алынған ахмад — мақтаулы, мақтауға лайық, сафа — таза, пәк, яғни, «нағыз мақтаулы, әбден мақтауға лайық адам» деген мағынаны білдіреді.
АХРАМ - араб тілінен алынған — нағыз жомарт.
АЯН – қазақ есімі — көпке белгілі, жұртқа мағлұм.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 16
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Іздегенде табылатын қасыңнан атты тәрбие сағаты

    Досым, саған сенемін, сеніп өтем, Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен. Достық деген өмірдің көрігі екен, Достық деген өмірдің тірегі екен, - деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай бүгінгі тәрбие ...
  • Ару қыздар байқауы

    Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т. б. негізінде тәрбиелеу.
  • Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңесу

    Балаларды таңертең - тәулік бөлігімен таныстыру., осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану, таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету.
  • Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері

    Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы, «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой - пікірін қалыптастыру
  • Заттар тобын салыстыру

    балаларды заттарды салыстыруға үйрету. «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
  • Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық рух, ағартушылық - демократтық сарын

    Мағжан Жұмабаев. Ақын жырлаған сүйіспеншілік, туған жер, азаттық, оқу - білім тақырыптарындағы өлеңдерінің қайсысын алсаң да, терең ой мен тылсым сезімге толы.
  • Жастарға Үндеу

    Өмір... Бұл сөзді біз қаншалықты түсінеміз, қаншалықты бағалаймыз? Бұл өмірге бізді не үшін жаратты? Біздің мақсатымыз не?
  • Мен өмірді қалаймын!

    Нашақорлық, есірткі және де осы істерге байланысты бизнестер тек біздің қоғамның ғана емес, бүкіл әлемнің ең өзекті проблемасы. Есірткі тұтынушы бар жерде қылмыстық істер де белең алады.
  • Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол

    Рухани жаңғыру — ішкі жан дүниеміздің жаңа өзгерістерді қабылдап, көнеден қалыптасқан салт – дәстүр, мәдениетіміз бен тарихымыздың жаңару жолына түсуі.
  • Санды көбейтіндіге бөлу

    Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан, Барлық ғылым саған үйір болады, Досың солар табылатын қасыңнан!

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 6
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 6
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
  • Дауыл 21.11.2018
    Егіздер жұлдызындағы ер-азамат ... (1)
    Дауыл-фото
    Егіздер тыныш қана - қызғанады, iштей ренжидi, нәзiк, жәй ғана - сүйедi, қатты - құшақтайды, iшкi жан дүниесiмен - ғашық болады. laughing
  • Дауыл 20.11.2018
    Ән салу күйзелістен құтқарып, ... (1)
    Дауыл-фото
    Айналада саған қарап тұрған ешкім жоқтай биле. Ешкім естіп тұрған жоқ сияқты әндет. Опасыздық көрмеген жандай жақсы көр, сүй. Жер бетін – жұмақ деп өмір сүр. (Марк Твен) winked
  • Дауыл 07.11.2018
    Мерген жұлдызындағы ер-азаматт ... (1)
    Дауыл-фото
    Мерген жұлдызындағы жандар құбылмалы хамелеон секілді. Біресе мұңайып үнсіз қалады, біресе дөрекі болып кетеді, бірде тыныш та жұмсақ бола қалады, тіпті кейде жынды адамға ұқсап ішегі түйілгенше күледі. wink
  • Kamshatreimova 03.11.2018
    Заң бойынша тест сұрақтары №10 (2)
    Kamshatreimova-фото
    Ашылмайды ғой тесттер. Не істеуге болады?
  • Дауыл 13.10.2018
    Жұмбақтар. Адам. Адамның дене ... (1)
    Дауыл-фото
    Мың адамның бірі — қыдыр, бірі — бақ.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамға деген құрмет (1)
    Дауыл-фото
    Арсыз, әуелі аяғыңды басады, содан соң кеудеңе секіреді ақырында басыңа шығады.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамның 9 түрі болады екен. Та ... (1)
    Дауыл-фото
    Әлемнің асылы – адам, сасығы да – адам.
  • Дауыл 12.10.2018
    Шыңғыс хан өсиеттері (1)
    Дауыл-фото
    Шыңғыс ханның жеке өмірі және әйелдері.
    Шыңғыс хан әлем тарихындағы танымал тұлға. Хан болған соң оның 26 әйелі және жүздеген тоқалы болған.
    4 әйелі оның негізгі әйелі болып саналған. Бөрте, Қулаан, Есуй және Есурген.
    Борте Дэй - Сеченнің қызы қоңырат тайпасынан. Шыңғыс ханнан 2 - 3 жасқа үлкен болған. Бөртеден үш ұл Жошы - Шағатай - Үгедей бес қызы Фуджин - бегі, Чичиган, Алагай - бегі, Тумалун және Алталун.
    Қулаан меркіт тайпасынан шыққан, тарихта сулу әрі тапқыр Шыңғыс ханның шынайы сүйген әйелі деп саналады. Хорезмді жаулап алғанда әйелдері ішінде Шыңғыс ханмен осы Қулаан болған.
    Есуй және Есугей, Татарлардың Цэрэн - әке атты қолбасшының қыздары. татардың тайпасынан шыққан апалы - сіңілілер.
    Толық нұсқа: қарау
  • Дауыл 12.10.2018
    Өмір туралы қанатты сөздер (1)
    Дауыл-фото
    Өмір – велосипед жүргізгендей. Тепе - теңдік сақтау үшін қозғалуың керек. Альберт Эйнштейн
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика