ойын сауық отауы
Рабат...... Рүстем
01.08.2015 11 913 0 Admin

Рабат...... Рүстем

Есімдер сыры
Рабат...... Рүстем
РАБАТ - араб тілінен алынған рафоат — ұлылық, биіктік, жоғары дәреже.
РАЗАҚ - араб тілінен алынған раззақ — өмір сүруге, тіршілік етуге ризық беруші.
РАЙ – араб тілінен - жағдай, көзқарас, пікір; адамның көңіл - күйі, сезімі.
РАЙБАЙ - дүниеге өз көзқарасы, пікірі бар, саналы адам.
РАЙБЕК - араб тілінен - райы қатты, бір бет бала.
РАЙНҰР - араб тілінен - жарық өмір.
РАЙЫМБЕК - араб тілінен алынған раим - рақымды, мейірімді + бек — мықты, мығым; берік, яғни мейірімді, қайырымды; бет алысынан қайтпайтын қайсар батыл, берік адам.
РАЙЫС - араб тілінен алынған рэиса — бастық, басшы, әкім.
РАЙЛ - араб тілінен — негізін салушы.
РАҚАП - араб тілінен - кең, ұлан - ғайыр; мырза, жомарт, жарқын жүзді.
РАҚАТ - араб тілінен - тыныштық, тыным, тыныс.
РАҚЫМ - араб тілінен алынған рәхим — қайырымды, мейірімді, ізгі ниетті. Басқа сөздердің қөсылуы арқылы да күрделі есімдер жасалады. Мәселен, Рақымбай, Рақымберді, Рақымбек, Рақымжан. Қысқартылып - еркелете айтылатын түрі — Рақыш.
РАМАЗАН - араб тілінен алынған — рамадан — күйдіруші, жандырушы. Араб жерінде бұл өте ыстық ай. Мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы, осы айда туған балаға осындай есімдер койылған.
РАМИЗ - араб тілінен - белгі, таңба.
РАСУЛ - араб тілінен - хабаршы; елші, уәкіл. Біріккен тұлғалы есім — Расулбек.
РАУАН - иран тілінен алынған рэван — жан өмір.
РАФИК, РАФИХ - араб тілінен - қайырымды, жомарт, мәрт; айқын, таза, мөлдір, көрікті.
РАХМАН - араб тілінен — рақымды, мейірімді, кішіпейіл. Қысқаша айтылу түрі — Раман.
РАХМЕТ - араб тілінен — алғыс.
РАХМЕТОЛЛА - араб тілінен — мейірімділік, рақымшылық.
РАШИТ - араб тілінен — саналы, ақылды, парасатты; батыл, ер.
РЕНАТ - жаңа есім - орыс тіліндегі революция, наука, труд сөздерінен қысқартылып жазылған есім.
РИШАТ - араб тілінен — ақылды; саналы, әділдік.
РЫСБЕК - (қараңыз: Оразбек).
РЫСКЕЛДІ - (қараңыз: Оразгелді).
РУСЛАН - көне түркі тіліндегі Арыслан есімінің орыс тілінде өзгерген түрі.
РҮСТЕМ - иран тілінен алынған раода — жүз, келбеті бейне; тама — күшті. Сонда бұл есімнің жалпы мағынасы — батыл, күшті, мықты, зор денелі. Біріккен тұлғалы есімдер - Рүстембек, Рүстембай, Рүстемғали.

Қыздардың есімдері мағынасымен Қыздардың есімдері мағынасымен
УӘЗИПА - араб тілінен алынған — таза, пәк; сұлу, көркем. УӘСИЛА - араб тілінен алынған вәсилә — көмек, жәрдем; шыдамды, төзімді, күтуші.
Сағида...... Сындыбала Сағида...... Сындыбала
САҒИДА - араб тілінен — бақытты, табысты болу, рахат өмір сүруші, ауқатты. САҒИРА - араб тілінен — тіл алғыш, құрметті, кіші, кішкене.
Өміргүл...... Өрзия, Пана...... Перизат, Рабия...... Рухия Өміргүл...... Өрзия, Пана...... Перизат,
ӨМІРГҮЛ - өмірдің қуанышы, жайнаған гүлі. ӨМІРШЕ - араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік. ӨНЕГЕ - үлгі, тәрбие.
Ерекше қыз есімдері мағынасымен Ерекше қыз есімдері мағынасымен
НАҒИЗА - иран тілінен — әдемі, сұлу, көркем. НАҒИМА - араб тілінен алынған нагімә — мейірімді, жарқын, инабатты; биязы, нәзік, жұмсақ.
Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан
Ғаббас...... Ғұмар ҒАББАС - (қараңыз: Аббас). ҒАБДІҒАЗИЗ – араб тілінен - қадірлі, құрметті.
Әбдуәли...... Әбуғалым Әбдуәли...... Әбуғалым
Әбдуәли...... Әбуғалым ӘБДУӘЛИ - араб тілінен алынған уали — әкім, әмір, басқарушы, үкімет уәкілі. ӘБДІ - араб тілінен алынған — мәңгі, шексіз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×