Ойын сауық отауы


Абай......Айнан

Абай......Айнан
АБАЙ - қазақ есімі, ел ағасы. Абай есімінің мағынасы әр түрлі: абайлағыш, байқағыш, ойшыл деген түсінігі бар. Бұл есім қазір халық арасында жиі қойылады.
АББАС - араб тілінен алынған — қатал, қатыгез, жауынгер. Түрлері - Ғаббас, Қаппас, Қапбас.
АБЗАЛ - араб тілінен алынған - ардақты, аса қадірлі, ең құрметті.
АБЫЗ - араб тілінен алынған — күтуші, қорғаушы, сақтаушы. Жаңа мағынасы — ғалым, білімпаз. Түрлері — Хафиз, Қапыз. Біріккен тұлғалы есім — Абызбай.
АБЫЛАЙ - араб тілінен алынған есім - абыл, әбіл — ата, әке. Әбділмәмбет деген есімнің қысқарған түрі.
АБЫЛҒАЗЫ – араб тілінен ғазы — жауынгер, әскер, яғни жауынгердің, әскердің атасы, әкесі.
АҒАБЕК – көне түркі тілінен алынған аға + бек. Жас жағынан немесе лауазым жағынан үлкен, жоғары бек.
АҒЗАМ - араб тілінен алынған — зор, ең ұлы.
АҒЫН – қазақ есімі - ағыны қатты, лек, екпін.
АДАЙ – көне түркі тілінен алынған - балапан. Бала, сәби, перзент деген ауыспалы мағына береді.
АДАМ - көне еврей тілінен - қызыл, жирен түсті ер адам (балшықтан жасалған кісі, пенде). Біріккен тұлғалы есімдер — Адамбек, Адамбай.
АДЫРБАЙ - қазақ есімі — адыр — биік, дөң, қыр + бай.
АЖАРБЕК - қазақ есімі - ажар — әдемі, шырайлы, көрікті, келісті + бек. Яғни аса көрікті, өте әдемі, келбетті.
АЗАМАТ – араб тілінен алынған - ұлылық, даңқ, нағыз ер жігіт, саналы адам.
АЗАТ - иран тілінен алынған - ерікті, еркін, тәуелсіз адам. Біріккен тұлғалы есімдер - Азатбай, Азатбек.
АЙӘДІЛ - қазақ тілінен - ай + араб тілінен - әділ. Әділ, адал, шыншыл.
АЙБАР – қазақ есімі — айбат, айбын. Бұл есім сәбиге айбатты, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады. Сыйлап, құрметтеп айту түрі — Айаға, Айеке, еркелетіп айту түрі — Айбаржан, Айке, Айкеш, Айкен.
АЙБАС – қазақ есімі — ай + бас, ай сияқты ашық, жарқын жүзді адам.
АЙБАТ - қазақ есімі - айбар, қаһар, айбын. Бұл есім сәбиге батыл әрі батыр, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады.
АЙБЕК – қазақ есімі - ай + бек — берік, мықты. Сәби ғұмырлы, беделді болсын деген тілекпен қойылған есім.
АЙБОЛ – қазақ есімі - ай + бол — айдай айқын, жарық бол деген мағыналы есім.
АЙБОЛАТ – қазақ есімі - ай + болат - болады — менің айым болады.
АЙБЫН – қазақ есімі. Мағынасы айбар, айбат, батылдық.
АЙҒАЛИ – қазақ тілінен алынған - ай + араб тілінен - ғали — биік, жоғары. Бала әрдайым жоғары мұратқа ие болсын деген тілекпен қойылған болса керек.
АЙДАН – қазақ тілінен алынған - ай + дан — қосымша. Бұл есім бала айдан да жарық, көркем болсын деген тілекпен қойылған.
АЙДАР - қазақ тілінен алынған есім. Балалардың төбесіне қойылған шашы. Ал айдарлы сөзі «мықты, күшті, зор» деген мағынада қолданылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Айдархан, Айдарлы, сондай - ақ синонимдік есімдер — Кекіл, Тұлымхан.
АЙДАРҒАЛИ – араб тілінен айдар — күшті + ғали — биік, жоғары. Бұл есімнің бірінші нұсқасы Хайдарғали болу керек. Бұл есімнің бірінші сыңарын хайдар «арыстан» деп білсек, екінші сыңары араб тілінен — Ғали - Әли. Сонда Хайдарғали арыстан Ғали, батыр Әли деген мағынаны білдіреді. Түрі — Айдаралы.
АЙДАРХАН – қазақ сөзі - айдар, араб сөзі - хайдар + қазақ сөзі - хан, яғни арыстан, жаужүрек хан деген мағынаны береді.
АЙДОС – қазақ есімі - Айдын досы.
АЙДЫН - қазақ есімі — айбат, айбын, каһар, күш - қуат, айқын, ашық, жарық. Біріккен тұлғалы есім - Айдынғали.
АЙЖАРҚЫН – қазақ есімі. Ай және жарқын сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім.
АЙЖАРЫҚ - ай және жарық, қазақтың сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бала ай жарығындай болып, шапағаты басқаға тисін деген тілекпен қойылған есім.
АЙЖАС - ай және жас, қазақ сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Өмірге жана келген сәбиді жаңа туған жас айға теңеп қойылған есім.
АЙЗАТ – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зада — «бала» сөздерінен жасалған есім. Ай сияқты аса әдемі, көрікті бала деген мағына береді.
АЙҚЫН – қазақ есімі. Мағынасы әйгілі, белгілі, нақты.
АЙМАҒАМБЕТ - қазақ сөзі - ай + араб сөзі мохаммад — мақтаулы. Айтмақамбет, Аймухамбет деп те айтыла береді. Қысқарған түрі — Аймаған, Аймат.
АЙМАҚ - қазақ есімі — өлке, қиыр, атырап, айнала, маңай, төңірек.
АЙМҰРАТ – қазақ сөзі - ай + араб сөзі морад - мақсат, тілек. Ай сияқты айқын, жарық тілегім, мақсатым деген ниетпен қойылған есім.
АЙНАБЕК – біріккен қазақ сөздері айна + бек. Пәктіктің, тазалықтың, адалдық пен шынайылықтың бейнесі.
АЙНАН - араб тілінен алынған гайнан — шын, дұрыс, тура.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 7
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Алдар көсе Шықбермес Шығайбай

    Ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру. Ертегілердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау. Ым - ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің ...
  • Рационал сандарға амалдар қолдану

    Рационал сандарда қолданылатын амалдардың әдіс - тәсілдерін меңгеру, есеп шығару барысында тиімді қолдана білу, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару.
  • Түркіменстан Республикасы

    Білім берудегі жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы Түркіменстан Республикасының өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру, пайдалы қазбалары, шаруашылығын анықтау, сыни тұрғыдан ойлана отырып, ...
  • Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі 2-сағат

    Оқушылардың шығарма авторы туралы жинаған мәліметтерін білген білімдерін бекіту, шығарманы жан - жақты талдауға үйрете отырып, меңгерту
  • Д. И. Менделеевтің периодтық заңы. Жаңа химиялық элементтердің ашылу туралы мәліметтер

    Менделеевтің периодтық жүйесінің маңызы. Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементтің және оның қосылыстарына сипаттама беру, элементтің басты сипаттамалары, олардың атом ...
  • Қылқанжапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы

    Оқушыларға қылқанжапырақтылардың маңызы туралы білімдерін жетілдіру. Табиғат байлығына байланысты көзқарастар және оқушылардың дүниетанымын дамыту. Өз білімдерін өздері бағалай білуге үйрету.
  • Алмастың тіс жуғышы. Адамдар

    Өз жанұясына деген сүйіспеншілікке, құрметтеуге, қамқорлауға тәрбиелеу. Өз іс тәжірибесінен әңгіме айтуға үйрету Қол моторикасын дамыту, майлықтардан умаждаудың әдістерін пайдалана отырып, әртүрлі ...
  • Күн жарқырап, шөп шықты

    Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес (қағазбен бастыру, шиыршықталған қағаздар арқылы) тәсілдерімен жұмыс істеуге үйрету. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шығармашылық қиялын ...
  • Жыл мезгілдері: жаз, күз. Белгілері

    Жаз және күз мезгілдерінің белгілері бойынша түсініктерін қортындылау, жүйелеу; осы мезгілдерге тән табиғаттағы өзгерістер, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістерді, күн мен түннің ...
  • Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы

    Демобилизация - армияның сандық құрамын қысқарту немесе әскери қызметін өтегеннен кейін босату; қаруланған күштерді және, сонымен қатар, халықаралық шаруашылықтың нақты салалары әскери жағдайлардан ...

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 6
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 6
Роботтар: 0
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика