ойын сауық отауы
Наурыз көже
09.03.2023 5 756 2 Дауыл

Наурыз көже

Ас дайындау
Наурыз көжені дәмді етіп дайындау.
Құрамы:
Ет
Кеспе
Арпа (перловка)
Күріш
Асбұршақ (горох)
Қарақұмық (гречка)
Жүгері
Тұз.

Наурыз көжені дайындау үшін сүр ет, қазы және жаңа сойылған мал етін қосып әзірлесе дәмді болады. Ең алдымен етті, қазыны жуып қазанға салыңыз қайнайын дегенде көбігін алып астын басып қойыңыз. Жай отта 2 - 2, 5 сағат қайнап пісуі қажет. Ет дайын болғанша дәндерді пісіру қажет.

Дәндерді бөлек ыдыста пісіріп алған дұрыс. Ол үшін: кеңірек ыдысқа су құйып отқа қойыңыз да, су қайнағанда жарты шай кесе арпаны жуып салып қайнатыңыз, отты басып жай отта қайнату керек. Арпа 1 сағатқа жуық қайнаған соң, жарты шай кесе асбұршақты салу керек, ол жарты сағаттай қайнаған соң, жарты шай кесе күрішті салу керек, 20 минуттай қайнаған соң, жарты шай кесе қарақұмықты салуға болады. Дәндер пісіп дайын болған соң консервіленген дайын жүгеріні салуға болады. Дәнді пісіргенде аздаған тұз салуға болады. Ескерте кетейін, сүр ет тұзды болса, дәнді тұз салмай - ақ пісірсеңіз болады.

Ет піскен соң түсіріп алып, суытып қойыңыз. Етті түсіріп алған соң, еттің сорпасына аздап кеспені салып пісіріп алыңыз. Кеспені көп салуға болмайды сорпа сұйықтау болуы қажет. Қалауыңызша картоп, сәбіз салуға да болады.

Дайын болған дәннен әр кесеге аздап салып, үстіне еттің сорпасын құйып, туралған етті салып ұсынуға болады.
Көжені бұлай жасау көп қонақ келген кезде, тіптен қолайлы. Себебі, «көже қою болып кетпеді ме», деп алаңдамайсыз барлығы өз қолыңызда. Дәнді көбірек салсаңыз қою болады, аз салсаңыз сұйықтау болады.
Айранды үлкен кесеге құйып бөлек ұсынған дұрыс, әркім өз қалауынша қосып ішуіне болады. Кейде, айран қатпай ішкісі келетін адамдарда да болуы мүмкін.

Тауық етін дәмді етіп пісіру Тауық етін дәмді етіп пісіру
Ең алдымен тауық етін жуып, кептіріп алған соң маринадтау керек.
Қыстық салат. Қарақұмықты көкөністермен пісіру. Қыстық салат. Қарақұмықты көкөністермен пісіру.
Қыстық азық дайындау. Бұл салатты ет, балық өнімдеріне гарнир ретінде ұсынуға болады сонымен бірге жолға азық ретінде салып алуға ыңғайлы. Кейде
Баклажанды қызанақ сөлінде пісіру. (қыз мезгіліне дайындық) Баклажанды қызанақ сөлінде пісіру. (қыз мезгіліне
Баялдыны турап, тұзды суға салып қойыңыз, аштысын кетіру үшін 30 минуттай тұрсын. Сонан соң салқын сумен жақсылап жуып жіберіңіз. Баклажанды
Сүзбе қосылған бәліш (пирог с творогом) Сүзбе қосылған бәліш (пирог с творогом)
Сүзбені үлкен ыдысқа салып жұмыртқа, шекер, ванилинді салып барлығын жақсылап араластыру керек (блендермен араластырса дұрыс).
Күрішпен еттен жасалған тағам, Ганфан. Күрішпен еттен жасалған тағам, Ганфан.
Күріш – 200 гр Ет – 150 - 200 гр Пияз – 1 бас Болгар бұрышы – 2 бас (қызыл, көк)
Томат (тұздық) дайындау Томат (тұздық) дайындау
Томат (тұздық) дайындау
Пікірлер (2)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
айка
#1 айка Қонақ 16 наурыз 2016 12:22
наурыз кожеге кеспе горох каракумык салынбайды ,булай дайындалган коже наурыз коже емес ботка болады
Дауыл
#2 Дауыл Бас редактор 16 наурыз 2016 12:46
Үйде қандай дән бар болса, барлығын қосып әзірлейді, егер бар ықыласыңызды аударып жасайтын болсаңыз өте дәмді көже болады. Бұл рецеппен дайындалған көженің дәмі өте керемет, пісіріп көрмей тұрып асығыс жауап жаздыңыз.
×