ойын сауық отауы
Мерген жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы.
27.08.2017 5 709 1 Дауыл

Мерген жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы.

Бұл қызықты
Мерген жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы.

Шынайы әрі тартымды Мерген жұлдызындағы ер-азаматтар (22 қараша – 21 желтоқсан) бір қарағанда томпиған моп-момын қонжыққа ұқсайды. Бұл шын мәнінде солай ма, сол сүйкімді келбетінің артында қандай құпиялар жасырынғанын астрологиялық мінездемелерден білетін боламыз?!

Сырт келбеті мен денсаулығы

Мерген жұлдызындағы жігіт бозбала кезінен-ақ маңғаз әрі байсалды. Бұлардың мүсіні көбіне ірі, бойшаң келеді батырға тән тұлға. Олар туралы: «екі бетінен қаны тамған» деп те атайды. Бет жүзі дөңгелек, томпақ келеді. Мерген жұлдызындағы жігіттер артық салмаққа бейім, болашақта семіріп кету қаупі бар. Айрықша ерекшеліктері – маңдайы кең, терең ойлы көзқарас. Классикалық үлгіде киінгенді қалайды қымбат аксессуарлар мен сағатқа құмар.

Астрологиялық мінездеме бойынша, Мерген жұлдызындағы жігіттердің денсаулығы мықты әрі таусылмайтын энергияға ие деп болжайды. Проблеманы өзі туындатады, күнделікті тамақтану режимін дұрыс сақтамайды. Бұл белгілердің денсаулығындағы әлсіз тұстары: бел ауруы, зат және энергия алмасуы. Олар дәрігерлерге көп сене бермейді сонда да ауруға шыдамды келеді. Мерген жігіттер құлақ, мұрын, тамақ ауруларына бейім келеді сондықтан осыған көңіл бөлуі керек және дұрыс тамақтануы қажет.

Жеке қасиеттері

Мерген жұлдызындағы жігіттер көпшілік ортада танымал және адамдармен тез тіл табыса біледі. Жігіт Мерген сипатының негізгі ерекшеліктері:
● ынта және белсенділік;
● кез келген тақырыпта әңгімелесуге қабілетті;
● адал әрі жайдары;
● оптимист
● кез келген сәтсіздікті көтере білу (сынып кетпейді).

Ең бақытты жұлдыз белгісі қайсы? Астрологтар тұжырымдауынша тағдырдың сүйіктісі бұл – Мерген. Олардың кез келген кәсіпте, қарапайым өмірде жолы болғыш. Кейбіреулер мұны өмір ағынымен бірге жүзетін адам деп атайды. Олардың аурасы өте жағымды, өмірдің тартар сыйы мен ауыр соққыларын байсалдылықпен қабылдай біледі. Осы астрология өкілдеріне тән мінез, олар қоршаған ортасымен кез келген сәттіліктерді бөліседі.

Мергендер дау-дамайдың ортасында жүреді. Ол айналасындағыларға абайсызда ескерту жасап немесе шақпалы әзіл арқылы өкпелетіп алуы жиі кездеседі. Бұл мергендердің абайламай сөйлеу салу әдеті. Олар тіпті үнсіз қалатын жерде де шындықты айта салуға үйренген.
Шамадан тыс адалдығы жеке қарым - қатынаста ғана емес, мансап жолында да зиянын келтіруі мүмкін. Осы астрологиялық белгілердің тағы бір кемшілігі – кез келген шектеулер мен ережелерге бағынғысы келмейді. Тіпті баршаға ортақ ережелерді де құлаққа ілмей кететін кездері болады. Басқа адамдар алдындағы міндеттемелерін ескермей кететін кезі жиі болады. Осыған байланысты яғни өз уәдесін орындамағаны үшін басқалар оны «суылдақ» деп санайды. Барлық анықтаулардан кейін оның көңілі басқа нәрсеге ауып кеткені мәлім болады.

Кәсіп, мансап, мамандық

Жігіт Мерген оның қызығушылығында шек жоқ, барлық дерлік нәрседе табысқа жетеді. Бір нәрсеге қызығушылығы артса оны зерттеп білуге ұмтылады, қызығушылығын оятатын басқа нәрсе табылмайынша тоқтамайды. Бұл белгілер мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарайды алайда өз мүмкіндігі мен дағдыларын шынайы бағалай білмейді.

Мергеннің кәсіби сипаттамасы, ол ұзақ уақытқа жоспар құра білуге, стратегиялық тұрғыда ойлауға қабілетті екенін мәлімдейді. Бұл белгідегі жандар үлкен көлемді ақпаратты өңдеуге және цифрлармен жұмыс істеуге мүмкіндігі мол. Бір іс атқаруға кіріскен Жігіт Мерген барлық уақыты мен күшін соған жұмсайды. Бұл тәсілдің кемшілігі сол, бүгінгі шаруаға беріліп кеткені соншалық кеше ғана маңызды болған шаруаны ойынан «лақтырып» тастайды. Осы қасиетіне байланысты кәсіпте сәтсіздікке ұрынуы мүмкін.

Шынайы әрі әділ Мерген адам құқығын қорғау органында немесе белсенді журналист әлде тергеуші мамандығын таңдағаны дұрыс. Астрологтар қызмет түрін таңдағанда ақиқатты ұстанумен қатар белгілі бір дәрежеде жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізуді ойлауға кеңес береді.

Жігіт Мерген өз еңбегін бағалай біледі және өзін еңбекқор санайды, ескі керітартпа негіздерге жаны қас. Бұл белгінің өкілдері физикалық жұмыс атқару мен біліктілігі төмен жұмыстарды ұнатпайды.

Жігіт Мерген үшін қызметте біреуге бағынышты болу өте ауыр, оны жаны қаламайды сондықтан үнемі жоғары көтерілудің амалын қарастырады.

Махаббат пен неке

Жігіт Мерген күнделікті өмірдегідей махаббатта да адал және шынайы. Мерген көп сұлулардың жүрегін жаулайды, көптеген махаббат хикаясын басынан кешіреді. Ол таңдаған сүйіктісінен сезіміне байланысты ештеңені құпия ұстамайды. Егер Жігіт Мерген махаббатын мойындаса, оның қызды шын сүйгені.

Төсекте бұл астрологияның өкілдері көнбіс әрі сезімтал. Махаббатта олар тек интимді жағына ғана көңіл аударып қоймайды, жағымды әңгіме және достық қолдау күтеді. Егер әйелден тек секс қалап тұрған болса, ол әңгімені тура содан бастаудан тайсалмайды.

Астрологтардың сипаттауы бойынша, Мерген махаббат пен жеке өмірде шапшаң болғанымен де кеш үйленеді. Ол өзінің еркіндігін тым жоғары бағалайды, сондықтан да серігімен қанша ұзақ қарым - қатынас жасаса да, үйленуге асықпай үзіп жібере салады.

Жігіт Мергеннің зайыбы атанған сұлуға – махаббат пен бақытты отбасын сақтау үшін көп күресуіне тура келеді. Мергендерге отбасынан тыс, жеке бас мүддесі мен құқығына шектеу қоюға болмайды. Ол тіпті көктегі махаббат үшін де «үйкүшік» болып отыруға үйренбеген.

Дайындаған: Жадыра.

Тоқты жұлдызындағы ер-азаматтар қандай? Тоқты жұлдызындағы ер-азаматтар қандай?
Қайтпас қайсар Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) өзіне сенімді қадамы нық. Мұндай адамның сипаттамасы – жігерлілік және бүлікшіл. Бұл От белгінің
Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы
Бұл таңбадағы жігіттер өте зерек, қабілетімен дарындылығымен ерекшеленеді алайда олардың мінез-құлқындағы тұрақсыздық мансапта кедергісін тигізеді.
Торпақ жұлдызындағы ер-азаматтар мінезінің құпия тұстары. Торпақ жұлдызындағы ер-азаматтар мінезінің құпия
Прагматик Торпаққа (20 сәуір – 20 мамыр) туылғаннан іскерлік, еңбекқорлық тыңғылықтылық қасиеттер тән. (прагматик дегеніміз - іс жүзінде пайдалы
Ер-азаматтар туралы сіз білмейтін қызықтар. Ер-азаматтар туралы сіз білмейтін қызықтар.
Жігіттер шын мәнінде қандай? Әрбір қыз тартымды жігітпен таныса отыра оның бойынан бір ерекшелікті іздейді. Оны бақылай отырып, ешкімге ұқсамайтын
Күшік асырап, ит еттім Күшік асырап, ит еттім
Күшік асырап, ит еттім, Ол балтырымды қанатты. Біреуге мылтық үйреттім, Ол мерген болды, мені атты.
Мерген Мерген
Мерген – мереке, думанның адамы деп айтуға болады. Бұл жұлдызда туғандар өмірді ерекше сүйетін, айналасындағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білетін
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дауыл
#1 Дауыл Бас редактор 7 қараша 2018 18:26
Мерген жұлдызындағы жандар құбылмалы хамелеон секілді. Біресе мұңайып үнсіз қалады, біресе дөрекі болып кетеді, бірде тыныш та жұмсақ бола қалады, тіпті кейде жынды адамға ұқсап ішегі түйілгенше күледі. wink
×