ойын сауық отауы
Шаян
19.07.2016 13 149 1 Дауыл

Шаян

Бұл қызықты
Шаян жұлдызына мінездеме
Шаян – жұлдыздардың ішінде ең сақ жұлдыз деуге болады. Олардың өз мақсатына қалай жетуін бақылай отырып, басқаларынан айыру оңай. Оның бойында табандылығымен қоса алды - артын абайлау яғни сақтық қатар жүреді, осының әсерінен олар кейін шегінбейді және баса - көктеп те келмейді. Оның ұстанатын тактикасы – мұқият ойлану, таразылау «соңын» және «қарсы жақты» өзіне сәтті уақытты күту. Осындай сәт туған уақытта өз мүмкіндігін қолдан жібермеу.

Негізі осы жұлдызда туғандарға, аяқ - астынан ойластырылмай шешім шығару тән емес, сол себепті де Шаянның іс әрекеті сәтсіздік ұшырауы тіпті сирек. Осындай мінез - құлықтың артында құпия жатыр: бұл жерде айтқым келгені Шаянның жеңісі туралы емес, сәтсіздікке ұшыраған сәт оған қанша уайым - қайғы, күйзеліс алып келетіні туралы.
Табиғатынан өте сезімтал Шаян кез келген сәтсіздікті ауыр қабылдайды. Мұндай сәтте ешнәрсеге ынтасы болмайды және алға қарай жүру үшін, ол жақын аралықта аяғынан тұрып кете алмайды. Сол себепті Шаян үнемі асықпай ойланады, қайта - қайта сәтсіздікке ұрынудан қорқады.

Егер, Шаян қалағанына қол жеткізсе, оның қандай қиындықпен келгенін ұмытпайды, сондықтан оны жоғары бағалайды. Бұл өмірінің барлық саласына қатысты: достық, махаббат, жұмыс, ақша.
Оның бұл қасиеті рухани байлықпен қатар материалдық жағдайын да сақтап, көбейтуге мүмкіндік береді.
Негізі қаржы жоспарлауда Шаян өте үнемшіл және сараң, дегенмен ол бұны құнттау және мұқият болу деп түсінеді.

Сезімталдық пен әсершіл қасиет Шаянды қамқор сұхбаттас және адал дос ретінде көрсетеді, айналасында сеніп, сырын ашатындар мен мұңын бөлісетіндер көп. Алайда, Шаян өзінің шынайы сезімі мен ойларын ешкіммен бөліспейді. Оның өмірінде жаңа бастамалар, жаңалықтар болмайынша басын көтермей жата беруі мүмкін. Бұл әдет яғни барлығын өзінде ұстау, ешкімге сыр ашпау, табиғатынан терең эмоциялы Шаянның көңіл күйі мен жұмысына кері әсерін тигізеді.

Шаян үшін өз үйі – берік қамал, әлемдегі ең ғажап мекен. Бұны түсіну қиын емес, ол қабырғаның ішінде Шаянның жайлы әлемі бар, қабырға сыртындағы ыңғайсыз жағдайлар мен мәселелерден тасаланатын жер емес пе? Тек үйде ғана, ол өзін толығымен қауіпсіз, және шын мәнінде бақытты сезінеді. Қыдыру немесе көңіл - көтеруді қаласа, оны жақын достарымен немесе отбасымен бірге өткізгенді қалайды.

Шаянның табиғат күші – Су, тереңінде көптеген құпиялар жасырулы. Оның ғаламшары – романтикаға толы Ай, құбылмалы көңіл - күй мен қиялшылдық сыйлайды.
Сезімтал және нәзік, сақ және үнемшіл, Шаян өткенін ұмытпай болашаққа жол салады. Оның жоғалтпауға тырысатын байлығы – жеткен жетістігі, үйі – сынақ орны, болашаққа абайлап аяқ басатын, кез келген уақытта сәтсіздікке толы әлемнің қаталдығынан тығылатын орны.

Басқа белгілерді қарау

Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті
Жұлдыз белгілерінің қасиеті үш бөлімге бөлінеді: негізгі белгі (кардинальные знаки), тұрақты белгі (фиксированные знаки), өзгеріске бейім
Аққу, шортан һәм шаян Аққу, шортан һәм шаян
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн, Жегіліп, тартты үшеуі дүркін - дүркін. Тартады Аққу көкке, Шаян кейін, Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
Тауешкі Тауешкі
Сіз бір кездері сыртынан қарағанда қарапайым және жұмсақ көрінетін жанды кездестірдіңіз, алайда нақты іске келгенде күтпеген жерден еркіңе
Таразы Таразы
Егер сіздің жаңа танысыңыздың жұлдызы – Таразы бола, таныса салып оның бойынан: сыпайылық пен сүйкімділікті байқасаңыз, онда сіз оны толық танып
Тоқты Тоқты
Тоқты жұлдызына мінездеме. Тоқты – табиғатынан көшбасшы және онымен келіспеу мүмкін емес. Тоқты жұлдызында туған жанды бір көргенде – өзіне сенімді,
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған Жұлдызнама - ер адамдарға арналған
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған (қан тобы бойынша) O (I) қан тобындағы жандар өз - өзіне сенімді жандар. Олардың алға қойған мақсаты бар,
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дауыл
#1 Дауыл Бас редактор 30 наурыз 2019 15:39
30. 03. 2019ж
Шаян, бүгінгі күн басқалардың көзімен айқын көрінбек. Жақын адамдарыңыздың кеңесіне құлақ түріңіз. laughing
×