ойын сауық отауы
Бикеш
20.07.2016 20 381 1 Дауыл

Бикеш

Бұл қызықты
Бикеш жұлдызына мінездеме
Бикештер – табиғатынан ұқыпты. Бұл жұлдызда туған жанның үйіне кіріп келгенде, ең алдымен рет-ретімен орналастырылған заттар, ұқыпты тазартылған үйі іші назарыңызды аударады. Сонымен қоса тағы бір қасиеті: бикештер бір минут та бос отыра алмайды.

Егер бикеш жұлдызында туған досыңыз немесе таныңыз болса, оларды білесіз деп ойлаймын. Бикеш сізбен әдемі әңгіме-дүкен құра отырып, ыдыс-аяқтарын жуа береді немесе жуылған жаймаларды үтіктеп, еденнің шаңын тазарта беруі мүмкін. Алайда, сіз оған таңданысыңызды білдірсеңіз, ол жауап ретінде: мен ешнәрсе жасап жатқаным жоқ,- деп өзіңізге таңдана жауап қатуы мүмкін. Өмірдің барлық салаларында тәртіп орнату оның қанында сондықтан, ол тіпті байқамайды да.

Бір орында отырып, дүнияуи әңгімелер тыңдауға шыдамы жетпейді, бұл жұлдызда туғандар үшін ол азаптаумен бірдей. Мерекелік тойлау, бос әңгіме Бикештерге тым ұнамайды, егер баруға мәжбүр болса, ол өзіне жайсыз жиыннан құтылу үшін шұғыл шаруаны сылтау етіп, тезірек кетіп қалудың жолын қарастырады. Бірақ, еңбекқор Бикештердің шаруасы шыныменен көп.

Ауру туыстарының күні-түні жанынан табылатын, қиындықта демеу болатын, үнемі пайдалы кеңесімен бөлісетін, әріптестеріне қолдау білдіретін – осының бәріне артық сөз айтпай көмекке келетін бұл кім? Әрине, жанашыр, еңбекқор және ұқыпты – Бикеш.

Бикеш сырт көзге байсалды көрінгенімен олар терең сезімге қатты беріледі, алайда оны көпшілік назарынан тыс, жасырын ішінде сақтайды. Сонымен, Бикеш өзін тамаша ұстай біледі, оның келеңсіз эмоциясы қайнау шегіне дейін жетпейді яғни арты жанжалға ұласпайды.

Үйде ол ұқыптылық пен тазалықты талап етеді, тіпті ең ұсақ мәселелер олардың наразылығын туғызады егер ашулануы «үтіктен шығатын бу» секілді, алайда ол өзі сынды мүлде көтере алмайды.

Сол себепті де қатаң талап қоюшы Бикештің айналасындағылар үшін, үнемі оның қасында болу оңайға соқпайды. Оның өмірінің барлық салаларында – жұмыста, махаббатта, достықта кез келген шаруашылықта талғампаздық пен тиянақтылықты ту ғып ұстайды.

Асығыс тамақтана салу, кез келген киімді кие салу, жеңіл жүріс Бикештерге тән қылық емес. Оның үйі жалтырап тұрғандай киген киімі де, ажары да жарқырап тұруға тиіс деп есептейді.

Өзгелерге көмек қолын әрдайым созатын Бикештер ешкімге борышты болғысы келмейді. Олар «ауыр күндер» үшін – деп қор сақтауды әдетке айналдыруынан ешкімге тәуелді болмауды қалайтынын анық аңғаруға болады. Қорға әжептеуір қаржы қалдыруды көздей отырып, жоспарсыз шығын, кейбір қуанышты ләззаттан бас тарта отырып, тақуалыққа сай өмір салтын ұстанады.

Өзі аздаған қаржысын тиыннан үнемдеп отырса да, егер жақындары немесе досы қиындыққа тап болса, ойланбастан көмек береді.
Басқаратын ғаламшары – Меркурий, Құдай мен адам арасын дәнекер - Бикеш басқалар үшін қызмет етеді. Табиғат күші – Жер – талғампаздық пен тиянақтылықты білдіреді.

Еңбекқор да жанашыр, ұқыпты да тәуелсіз, парасатты да ақылды, Бикеште – жасанды қасиет жоқ.
Еріншектік, жалқаулық Бикештің табиғатында жоқ қасиет, сондықтан еңбек жолындағы ерлігі күн өткен сайын табиғи және байқаусыз өмір бойына жалғаса бермек.

Басқа белгілерді қарау

Суқұйғыш Суқұйғыш
Суқұйғыш – нағыз суретші, ол әлемді жан-жақты көре білуімен қатар, ең ұсақ бөлшегіне дейін ескеруге бейімделген.
Мерген Мерген
Мерген – мереке, думанның адамы деп айтуға болады. Бұл жұлдызда туғандар өмірді ерекше сүйетін, айналасындағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білетін
Сарышаян Сарышаян
Сарышаян – жауынгер, олар тіпті шайқасқа ойланбастан, басқаларға ескертусіз кіріп кетеді. Өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя отырып, бұл жұлдызда
Шаян Шаян
Шаян – жұлдыздардың ішінде ең сақ жұлдыз деуге болады. Олардың өз мақсатына қалай жетуін бақылай отырып, басқаларынан айыру оңай.
Егіздер Егіздер
Бұл жұлдыздағы туған жанмен тілдесе отырып, уақытша ненің керек, ненің қажет жоқ екенін ұмыта тұрасыз, тіпті, қазір күн әлде түн екенін де, - Егіздер
Тоқты Тоқты
Тоқты жұлдызына мінездеме. Тоқты – табиғатынан көшбасшы және онымен келіспеу мүмкін емес. Тоқты жұлдызында туған жанды бір көргенде – өзіне сенімді,
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дауыл
#1 Дауыл Бас редактор 30 наурыз 2019 16:11
30. 03. 2019ж
Бикеш, бүгін сізге жалған сөйлеп, жасанды қылық көрсетуге тура келсе, ондай әрекетке бармай-ақ қойғаныңыз жөн. Бүгін болмайды! belay
×