Ойын сауық отауы


Сарышаян

Сарышаян жұлдызына мінездеме
Сарышаян – жауынгер, олар тіпті шайқасқа ойланбастан, басқаларға ескертусіз кіріп кетеді. Өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя отырып, бұл жұлдызда туғандардың қандай жан екенін оңай анықтай аласыз. Сіз сұрадыңыз мен айтайын: оның болмысы қатал да шыншыл, қисынды ойлай біледі.
Тіпті бұған дейін сізбен әзілдесіп отырған Сарышаян кенеттен сіздің қарапайым, жеңіл сұрағыңызға сіз күтпеген түрлі жауаптар тауып айтады.

Сіз онымен жай ғана күнделікті өмірдегі болып жатқан оқиғалар туралы әңгімелеп отырып, «бүгін ауа - райы жақсы болып тұр иә?» деп сұрасаңыз. Ол – жоқ, олай емес деп жауап береді. Басқалар секілді жай ғана «иә» деп жауап беру орнына – ол сіздің қарапайым сұрағыңызды талдап тұрып, ауа - райын болжаушылардың өзі таңғалатындай жауаптар айтады.

Таңданатыны жоқ, Сарышаянның айналасындағылар онымен қарым-қатынаста сақтық жасайды, себебі,ол өз пікірін ашық әрі әділ білдіреді. Әрине, оның әділ баға беруі қасындағыларды қанаттандырып жібереді алайда, кейбіреулер үшін соттың қатал үкімі секілді ауыр естілуі мүмкін. Онымен келіспеске амалыңыз жоқ, себебі оның көзіңізге тура қарап, айтып тұрғаны шындықпен үйлесіп тұр.
Адамдардың көпшілігі әсіресе, осындай қатал әрі ашық айтылған ащы шындықты естігісі келе бермейді. Сондықтан да болар Сарышаян айналасында жайбарақат жүретін адамдар аз. Оны не жақсы көреді, не жек көреді, алайда ол ешқашан елеусіз қалмайды.

Сарышаян өзіне қатысты айтылған айналасындағылардың пікіріне селқос қарайды. Ол өзінің қандай адам екеніне сенімді болғаны соншалық, басқалардың ойы оны қызықтырмайды да. Ол өзінің неге тұратынын біледі, қызығы сол, бұл оның өзін-өзі алдау емес. Шын мәнінде оның бойы күш пен сергектікке тұнып тұр, іс жүзінде кез келген кедергіні жеңуге мүмкіндігі жетеді.
Оның бойында төзімділік пен ерік жігерінің қоры шексіз екеніне таң қалмасқа амал жоқ. Өмірдің кез келген қиындықтары мен тағдыр соққысынан Сарышаян одан ары қатаймаса сынбайды. Бұл қасиетіне қарап, Сарышаянды нағыз жауынгер деуге болады.

Ол өзінің күшіне әбден сенімді, күресудің тәсілін жетік меңгерген және жеңіс үнемі соның жағында болатынына сенімді. Сенімділік – оның өмірінің барлық саласын қамтыған, жұмыста, достықта, махаббатта, ақшада. Егер Сарышаян алдына мақсат қойды ма, оның орындалатынына сенімі мол, алдында кездескен түрлі жағдайлар оған кедергі бола алмайды.

Санышаянның табиғат күші – Су, тереңінде құпия толы, басқаратын ғаламшары – Плутон, қырағы, сарқылмас энерияны білдіреді. Сарышаянға қарқындылық пен беріктік сыйлайтын жауынгер – Марс Плутонға көмекші.
Қуатты әрі қайсар, қызба да тәуелсіз, шынайы әрі өзімшіл – Сарышаян өмірден өз дегенін алуда жолда қандай қиындық кездессе де бар күшін аямайды және дегеніне қол жеткізеді.

Оның ақылдылығында шек жоқ, ал жүрегінде мәңгі өшпейтін от жатыр, сол отымен досы болса жылытады, жауы болса, күйдіріп күлге айналдырып жіберетін күшке ие.

Басқа белгілерді қарау
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 23
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікірлер #1: 30 наурыз 2019 16:46
30. 03. 2019ж
Сарышаян, дәл қазір сіздің көкжиегіңіз қара бұлт ішінде болар. sad Дегенмен, бұлтты тарату үшін артық энергия жұмсаудың қажеті жоқ. Бұлттың тарқауын күткен оңайырақ. smile
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Балалардың тілдерін қалай дамыту керек?

    Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу, ата - аналармен бетпе - бет кездесе отырып, бала тәрбиесі, балалардың тілін дамыту жайында әңгімелесу, бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орны ...
  • Баланың балабақшаға бейімделуі

    Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру; ата - ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі ...
  • Films

    Learner will be given several questions concerning the topic to share with each other.
  • Тәрбиешілерге арналған тест сұрақтары

    1. ІІ кіші топ балалары қандай дыбыстарды анық айта білуі қажет? А) «П - б, т - д, к - г, ф - в, с - з, ц» В) «Р - рі, қ - х, ж - з, р - л,» С) «Ю - я, н - ң, қ - х, ж - з, о - ө» Д) олар дыбыстарды ...
  • Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары

    1. Қыркүйек. Жаңа оқу жылымен таныстыру. Ата - аналар үштігін сайлау (Жиналыс)
  • Мифологические верования славян

    Кто такие древние славяне? Когда они жили? В настоящее время существует несколько гипотез и версий, связанных с их происхождением и местами расселений.
  • Зима в творчестве поэтов и писателей. Описание природы

    Создать условия для успешного создания сочинения - описания природы на тему « Зима». Выразительно читать стихи о зиме. Выделять художественно - изобразительные средства.
  • Екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу

    Екі айнымалысы бар теңсіздікті шешу берілген теңсіздікті дұрыс сандық теңсіздікке айналдыратын сандар жұбының жиынын табу немесе берілген теңсіздіктің шешімі жоқ екенін дәлелдеу болып табылады.
  • Өсімдік – өмір өзегі

    Шығыс халықтарында имандылықтан келетін үш сауап бар: шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен. Жасыл желек - жердің сәні саялы, Қамқор болсаң жапырағын жаяды. Мейіріммен жылуын арна ...
  • Адамдар жануарлардан не алады?

    Жабайы және үй жануарларын ажырату, үй жануарларынан және үй құстарынан алынатын өнімдерді білу, анықтау;

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 13
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 13
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
  • Дауыл 30.03.2019
    Балықтар (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Балықтар, көп сұрақ қоймаңыз, no сізбен сұхбаттасушыларға көп сұрақ қойсаңыз олардың денсаулығына зиян. Сіз адамдардың ауырмай жүргенін қалайсыз.
  • Дауыл 30.03.2019
    Суқұйғыш (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Суқұйғыш, Сіз бүгін бақыттысыз. Тек қаласаңыз болғаны. «Бақытым кел», десеңіз жеткілікті. bully
  • Дауыл 30.03.2019
    Тауешкі (3)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Тауешкі, Сіз табысқа жетесіз, бірақ нәтиже сіз күткеннен кішкене көрінеді. Өзгелердің сезімге оңай түсу қабілетін бағаламаңыз. belay
  • Дауыл 30.03.2019
    Сарышаян (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Сарышаян, дәл қазір сіздің көкжиегіңіз қара бұлт ішінде болар. sad Дегенмен, бұлтты тарату үшін артық энергия жұмсаудың қажеті жоқ. Бұлттың тарқауын күткен оңайырақ. smile
  • Дауыл 30.03.2019
    Таразы (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Таразы, өмірге шағымдана беруді доғарыңыз. Айналаға қараңыз! Таза ауаға шығып әдемі гүлдерді қараңыз, құстардың сайраған даусын тыңдаңыз. Қарап тұрып, көңілің өз - өзінен көтеріледі. smile
  • Дауыл 30.03.2019
    Бикеш (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Бикеш, бүгін сізге жалған сөйлеп, жасанды қылық көрсетуге тура келсе, ондай әрекетке бармай-ақ қойғаныңыз жөн. Бүгін болмайды! belay
  • Дауыл 30.03.2019
    Мерген (2)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Мерген, сіз жол айырығында тұрсыз, бәрі жақсы болады, бірақ сіз жалғыз тұрған жоқсыз. Дұрыс жолды таңдау үшін өзіңізді ғана ойламайсыз. Мұны есте ұстаңыз! recourse
  • Дауыл 30.03.2019
    Арыстан (2)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Арыстан, маңызды әңгімеден қашпаңыз! Көптен бері шешілмей келген істі тоқтату, дауды аяқтау, нақтылау, мәселені шешуге қолайлы күн. no
  • Дауыл 30.03.2019
    Шаян (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Шаян, бүгінгі күн басқалардың көзімен айқын көрінбек. Жақын адамдарыңыздың кеңесіне құлақ түріңіз. laughing
  • Дауыл 30.03.2019
    Егіздер (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Егіздер – жалғыздық. Тек бүгін емес. Бүгін сіздің орныңыз шулы достардың ортасында. winked
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика