ойын сауық отауы
Мерген
22.07.2016 24 608 2 Дауыл

Мерген

Бұл қызықты
Мерген жұлдызына мінездеме
Мерген – мереке, думанның адамы деп айтуға болады. Бұл жұлдызда туғандар өмірді ерекше сүйетін, айналасындағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білетін жандар.
Оның осы қасиетіне қарап, ойын сауықтың дәл ортасында әзіл-қалжыңы аралас қағытпаларымен жұртты күлкіге қарық қылып отырған Мергенді оңай тауып аласыз. Оның бойындағы оптимистік және сөзшеңдік қасиеті де туа бітті берілген қасиет.

Серіктестері ортасында үзіліссіз сөйлеп, той думанның гүлі болып жүрген Мергендер шынай өмірде, күнделікті тұрмыста, жұмыста қуанта қоймайды. Күнделікті тіршілік олардың ішін пыстырады.
Мергеннің шектен тыс сөзуарлығы оның жағымсыз тұсы: оның соншалықты көп сөйлейтіні, айтылған сөзін ойланып үлгермейді, соның кесірінен аңдамай артық сөз айтып, серіктесін ренжітіп алуы да ғажап емес. Сол себепті кейбіреулер Мергенді әдепсіз деп жиі айыптайды, шындығында олардың табиғатында өтірік айта білу қасиеті жоқ. Мерген шынайы, шыншыл және жағымпаздануды білмейді. Басқа адамдар болса, өзіне кесірі тиетін жағдайда «қулыққа салып» үндемей құтыла салуы мүмкін. Ал, Мерген өкінішке орай үндемей қала алмайды, кейде бұл қасиетінің өзіне кесірі тиіп жатады.

Дегенмен де бейғам жүретін Мергенге ренжу мүмкін емес, сонымен қоса олар сүйкімді әрі бала секілді. Бала секілді Мергендер күнде қайталанып жасалатын істерді ұнатпайды, бір орында отыра алмайды, оларды түрлі жаңалықтар, саяхаттар қызықтырады.
Олар өте әуесқой, жануарларды жақсы көреді және әділдікті жақтаушы, тіпті әділетсіздікке қарсы төбелесуге дейін барады. Алайда, артық кеткеніне өкініш білдіріп, қателігін мойындай біледі.
Бала Мерген шынымен батыл, оптимист осы қасиеттері оған қорқыныш туралы ойлауға мүлде мүмкіндік бермейді.

Мергендер қауіпті спорт түрімен айналысуды немесе жоғары жылдамдықта көлік жүргізуді, тәуекелге бел буатын мамандық түрлерімен айналысқанда өздерін тамаша сезінеді.
Мергеннің табиғат күші – От, әуесқойлық болмыс барлық қырынан көрініс табады. Ғаламшары – Юпитер өмірге философиялық көзқараспен қарауға, тіршілікте ұсақ-түйекке назар аудармайтын оптимистік қасиет береді.

Ержүрек те мейірбан, жомарт та жайдары, тапқыр да адал, ақкөңіл де әуесқой, Мергеннің өмірі кемпірқосақтың түрлі - түсті бояулары секілді әдемілікке толы болмақ.

Басқа белгілерді қарау

Мерген жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы. Мерген жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы.
Мерген жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы. Шынайы, тартымды Мерген жұлдызындағы ер-азаматтар (22 қараша – 21 желтоқсан) бір қарағанда томпиған
Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті
Жұлдыз белгілерінің қасиеті үш бөлімге бөлінеді: негізгі белгі (кардинальные знаки), тұрақты белгі (фиксированные знаки), өзгеріске бейім
Балықтар Балықтар
Барлық жұлдыз белгілерінің ішінде балықтан жұмбақ жұлдыз белгісі жоқ.
Сарышаян Сарышаян
Сарышаян – жауынгер, олар тіпті шайқасқа ойланбастан, басқаларға ескертусіз кіріп кетеді. Өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя отырып, бұл жұлдызда
Тоқты Тоқты
Тоқты жұлдызына мінездеме. Тоқты – табиғатынан көшбасшы және онымен келіспеу мүмкін емес. Тоқты жұлдызында туған жанды бір көргенде – өзіне сенімді,
Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша) Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша)
Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша анықтау) O (I) қан тобындағы нәзік жандар ақкөңіл, қиялшыл, нағыз романтик, үнемі өз идеалын іздейтін
Пікірлер (2)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дауыл
#1 Дауыл Бас редактор 7 наурыз 2019 17:17
Мергендер жабайы аң секілді еркіндікті қалайды, әрдайым өзіне түсініксіз, жаңа нәрселерге тәжірибе жасауға жаны құмар. winked
Дауыл
#2 Дауыл Бас редактор 30 наурыз 2019 16:02
30. 03. 2019ж
Мерген, сіз жол айырығында тұрсыз, бәрі жақсы болады, бірақ сіз жалғыз тұрған жоқсыз. Дұрыс жолды таңдау үшін өзіңізді ғана ойламайсыз. Мұны есте ұстаңыз! recourse
×