Ойын сауық отауы


Күйеуіңізді қалай өзгерте аласыз?

Сіз күйеуіңізді өзгерте алмайсыз, бірақ күйеуіңіздің жақсы жаққа қарай өзгеруіне жәрдем ете аласыз. Мұның алғашқы қадамы - өзіңізді өзгерту. Күйеуіңізге деген құрметіңізді арттырып көркем мінезбен қарым - қатынас жасай бастасаңыз, күйеуіңіз де жаман қылықтарын тастауға тырысатын болады. Күйеуіңізді қатты қадірлейтініңізді білдіру арқылы оған көп нәрсені оңай орындатуыңызға болады. Ер адам арыстан секілді бірден жалынан сипата салмайды. Мына оқиғаға назар аударыңыз:
Отбасында қиындық көрген әйел кісі күйеуінің үстінен шағым айтып, даналығымен аты шыққан қарияға келіп жолығады. Қарияға күйеуінің қырсық әрі қатал екенін, бір мәселеде ортақ шешім таба алмайтындарын, күйеуін өзгертуге қанша тырысса да еш нәтижеге қол жеткізе алмағанын, шыдамы таусылғанын, осы мәселені шешіп беру үшін ақыл - кеңес сұрай келгенін білдіреді. Қария кісі әйелдің сөзін мұқият тыңдап болған соң:

– Сүйінші! Мен мұның жауабын білемін, бірақ бір шартым бар, соны орындасаң ғана айтамын, – дейді. Әйелі кісі:
– Қандай шарт болса да орындауға дайынмын, тек жауабын айтсаңыз болғаны.
Қария кісі:
– Маған ормандағы аң патшасы арыстанның жоны - нан бір тал қыл алып келсең ғана жауабын беремін, – дейді. Әйел кісі таң қалып:
– Арыстанның?! Бұл әзіліңіз бе, оған менің шамам келмейді ғой.
Қария болса:
– Онда өзің біл, ешкімді мәжбүрлемеймін, бірақ жауапқа мұқтаж өзіңсің.
Ұнжырғасы түсіп үйіне оралған әйел не істерін білмей дал болады. Шаңырағының шайқалғанын қаламайды. Отбасында күйеуімен ортақ тіл табысып, бақытты өмір сүргісі келеді. Не істейді? Ақыры, не де болса қарияның шартын орындауға бел байлайды. Сөйтіп, күн сайын белгілі бір мөлшерде ет алып аң патшасы арыстанға апарып тұрады. Алғашында етті арыстанның алдына сонау алыстан тастайтын. Уақыт өте келе арыстанға жақындай түседі. Күнде өзіне құрмет көрсетіп азық әкеп беретін мейірбан жанға арыстанның да еті үйренеді. Ақыр аяғы арыстанға жақын барып жонынан сипай алатын деңгейге жетеді. Арыстанның жонынан бір тал үзіп қарияға әкеліп береді.
– Қойған шартыңызды орындадым, ендігі кезек өзіңізде, – дейді.
Қария кісі әйелден бұған қалай қол жеткізгенін баяндап беруін сұрайды. Оқиғаны мұқият тыңдаған қария кісі әйелге былай деп жауап береді:
– Өз сұрағыңа өзің жауап бердің. Ал енді үйіңе орал да, арыстанға көрсеткен құрметті күйеуіңе
де көрсет. Күйеуің арыстаннан асқан жыртқыш емес шығар!
Әйел жымиған күйі басын төмен түсіріп:
– Дұрыс айтасыз, қария! – деді.
Есте сақтаңыз:
Сіз білесіз бе? Әйел адам нәзік болса да үлкен күшке ие! Мысалы, ер адам қанша мықты болса да түн ұйқысын төрт бөліп бала тәрбиелеуде әйелден жеңіліп қалады. Сіз сондай күшке иесіз: жыртқыш арыстанды да өзіңізге баурап ала аласыз. Ал енді сізді жақсы көретін, сіз де оны жақсы көретін күйеуіңіздің жүрегін жаулап ала алмаймын дегеніңізге сенбейміз! Алланың разылығына бөленуіңізге себепкер әрі жаннатыңыз болған күйеуіңізбен арада сүйіспеншілік орнатуға ұмтылыңыз. Бұл сіздің қолыңыздан келеді. Ер мен әйелді жұп қылып жаратқан Алла тағала адам баласына қолынан келмейтін жүкті жүктемейді.
«Алла ешбір жанға шамасынан тыс міндет жүктемейді. Әркімнің істеген жақсылығы өз пай -
дасына және істеген жамандығы өз зиянына» [«Бақара», сүресі 286 - аят].
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 6
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікірлер #1: 9 шілде 2018 14:05
ондайга лайык емес болса қайтпекпін? мүмкін жар тандаудан қателестім бе? қотыр атқа соқыр ат деген осы шығар
Пікірлер #2: 13 шілде 2018 11:05
Үзінді: elvira
ондайга лайык емес болса қайтпекпін? мүмкін жар тандаудан қателестім бе? қотыр атқа соқыр ат деген осы шығар

Осы мақаладағы кеңестерге құлақ салып, тырысып көріңіз, мүмкін бәрі жақсы жаққа бұрылар!
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»

    Күй - музыкалық жанр, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында орындалатынын біледі; Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы және адамгершілікке баулу, білім алу, еңбек ету.
  • Белгісіздік есімдігі

    Белгісіздік есімдіктерді түсіндіре отырып, есімдіктің мағыналық түрлері жөніндегі білімдерін тиянақтау Оқушының ойлау қабілетін, тіл байлығын жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық ...
  • Қасым Аманжолов Көктем

    Өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп және нақышына келтіріп оқиды.
  • Бейнет пен зейнет

    Қыс келер көңіліңнің мұзы қатып, Бейне ұйқыға түсерсің сілең қатып. Ар деген арланып шығар пенде болсаң, Қайта шығар күндерің кеткен батып.
  • Мейірімділік әлемді құтқарады!

    Мейірімділік әлемді құтқарады! Мен есейген сайын мына әлемнің кереғарлықтарын жиі байқайтын болдым. Бір жағынан жер жүзі жақсылыққа толы көрінеді. Себебі мені жақсы көретін әкем мен анам бар, өз үйім ...
  • Ана тіршіліктің гүлі

    Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана.
  • Ананың тілі – аяулы үні

    қазақ тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
  • Жеті қазына

    Оқушыларға өз елін қастерлеуге, «7» санын қастерлеп көрсеткенін айта отырып, халық дәстүрін, Отанын сүюге, қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.
  • Жеті қазына

    Балаларға жеті санының киелі екенін, сурет бойынша ажырату. Жеті қазынаны атауға, еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға, айтылған ертегі бойынша анық мәнерлі сөйлеуге үйрету. Достыққа, бір - ...
  • Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев

    Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойларын айтуға машықтандыру. Балалардың бойына ананы сыйлау, құрметтеу өнеге тұту сияқты ізгі ...

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 25
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 25
Роботтар: 3
Соңғы пікірлер
  • Дауыл 21.11.2018
    Егіздер жұлдызындағы ер-азамат ... (1)
    Дауыл-фото
    Егіздер тыныш қана - қызғанады, iштей ренжидi, нәзiк, жәй ғана - сүйедi, қатты - құшақтайды, iшкi жан дүниесiмен - ғашық болады. laughing
  • Дауыл 20.11.2018
    Ән салу күйзелістен құтқарып, ... (1)
    Дауыл-фото
    Айналада саған қарап тұрған ешкім жоқтай биле. Ешкім естіп тұрған жоқ сияқты әндет. Опасыздық көрмеген жандай жақсы көр, сүй. Жер бетін – жұмақ деп өмір сүр. (Марк Твен) winked
  • Дауыл 07.11.2018
    Мерген жұлдызындағы ер-азаматт ... (1)
    Дауыл-фото
    Мерген жұлдызындағы жандар құбылмалы хамелеон секілді. Біресе мұңайып үнсіз қалады, біресе дөрекі болып кетеді, бірде тыныш та жұмсақ бола қалады, тіпті кейде жынды адамға ұқсап ішегі түйілгенше күледі. wink
  • Kamshatreimova 03.11.2018
    Заң бойынша тест сұрақтары №10 (2)
    Kamshatreimova-фото
    Ашылмайды ғой тесттер. Не істеуге болады?
  • Дауыл 13.10.2018
    Жұмбақтар. Адам. Адамның дене ... (1)
    Дауыл-фото
    Мың адамның бірі — қыдыр, бірі — бақ.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамға деген құрмет (1)
    Дауыл-фото
    Арсыз, әуелі аяғыңды басады, содан соң кеудеңе секіреді ақырында басыңа шығады.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамның 9 түрі болады екен. Та ... (1)
    Дауыл-фото
    Әлемнің асылы – адам, сасығы да – адам.
  • Дауыл 12.10.2018
    Шыңғыс хан өсиеттері (1)
    Дауыл-фото
    Шыңғыс ханның жеке өмірі және әйелдері.
    Шыңғыс хан әлем тарихындағы танымал тұлға. Хан болған соң оның 26 әйелі және жүздеген тоқалы болған.
    4 әйелі оның негізгі әйелі болып саналған. Бөрте, Қулаан, Есуй және Есурген.
    Борте Дэй - Сеченнің қызы қоңырат тайпасынан. Шыңғыс ханнан 2 - 3 жасқа үлкен болған. Бөртеден үш ұл Жошы - Шағатай - Үгедей бес қызы Фуджин - бегі, Чичиган, Алагай - бегі, Тумалун және Алталун.
    Қулаан меркіт тайпасынан шыққан, тарихта сулу әрі тапқыр Шыңғыс ханның шынайы сүйген әйелі деп саналады. Хорезмді жаулап алғанда әйелдері ішінде Шыңғыс ханмен осы Қулаан болған.
    Есуй және Есугей, Татарлардың Цэрэн - әке атты қолбасшының қыздары. татардың тайпасынан шыққан апалы - сіңілілер.
    Толық нұсқа: қарау
  • Дауыл 12.10.2018
    Өмір туралы қанатты сөздер (1)
    Дауыл-фото
    Өмір – велосипед жүргізгендей. Тепе - теңдік сақтау үшін қозғалуың керек. Альберт Эйнштейн
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика