ойын сауық отауы
Балықтар
26.07.2016 23 272 2 Дауыл

Балықтар

Бұл қызықты
Балықтар жұлдызына мінездеме

Барлық жұлдыз белгілерінің ішінде балықтан жұмбақ жұлдыз белгісі жоқ.
Олардың жүзетін тереңінде, шын мәнінде тұңғиығында өзгелер жүзе алмайды. Олардың жүзген тереңдік пен тұңғиығына қарапайым жандардың қарауға шын мәнінде мүмкіншілігі де жоқ.

Олардың келбеті алаңсыз, байсалды болуы мүмкін, ал жүріс-тұрысы қиялшыл, немқұрайлы кейде жалқау болып көрінеді. Айналасындағы болып жатқан құбылыстардың ешқайсысы оның ашуын туғыза қоймайды: ұрыс - керіс, айыптаулар, дау-дамай оның ішкі жан үйлесімділігіне кесірін тигізе қоймайды.

Тіпті, өмірдегі мәңгі бітпейтін мәселелермен қарбаластар оның ішкі көңіл-күй тепе-теңдігін бұза алмайды. Кез келген шаруаға әрдайым батыл кірісуге дайын тұрады. Көбіне тағдырдың жазғанына көніп және қандай жағдайға болмасын ағынмен қатар жүзуді жөн санайды.
Алайда, барлығына селқос қарайды деуге болмайды. Олар үшін тек сыртқы оқиғалар өте маңызды емес.

Оларды саналы түрде жоғары мансап пен даңқ қызықтырмайды көп табыс табу да оларға тән емес, егер Балықтар әлдеқандай себептерге байланысты барлық іс соның басына түскен жағдайда ғана өзіне тиістісін қабыл алуы мүмкін.

Балықтар үшін сыртқы әлемнен гөрі ішкі әлемі анағұрлым маңызды. Өйткені, Балықтар шығармашылық адамы: олар өте талантты, тамаша өнер туындыларын өмірге әкеліп, ұлы адамдар қатарына кіруге үлкен мүмкіншілігі бар.

Олардың тыныштық қабықшасы астында жасырылған нәзік, сезімтал көңілін жұмсартып, жанашырлық жасау оңай болып табылады. Олар риясыз, шамасының келгенінше көмектесуге әзір тұрады, алайда басқалар ұялмастан олардың мейрімділігін, жанашырлығын жиі пайдалануды көздейді. Биязы және икемді, Балықтар шынайы өмірде көптеген күрделі мәселелер мен түсінбестіктер неліктен туындап жатқанын түсіне бермейді.

Балықтар табиғатынан талантты, алайда оны ұштай білмейді өмірде біраз нәрсеге жетуге қиялшылдығы мен ынтасыздық қасиеті көп кедергі келтіреді. Егер олардың бойында қалау болса, біраз шыңдап жіберсе, олар көздеген биігінен көрінер еді.

Балықтардың табиғи сезімталдығы оларды ерекше зерек, сезгіш етіп көрсетеді. Олар ерекше түс көріп, түрлі аян берілуі мүмкін екен. Егер Балықтар бір нәрсеге алаңдаулы болса, оған құлақ асқан жөн: олардың өздері бұдан әрдайым хабардар болмайды, бірақ соңында маңызды болып, тіпті біреудің өмірін сақтап қалуы да мүмкін екен.

Табиғат күші – терең Су. Ғаламшары – Нептун, қиялшылдық, рухтандырушы, әсершілдік сыйлайды.
Үнемі басқалардың қамын ойлайтын, шабытты, сезімтал да қияли, ішкі әлемі махаббатпен үйлесімдік таба білген қасиеттері Балықтарды жұмбақ етіп қана қоймай, өмірдегі ең бақытты адам етеді.
Күнделікті тіршілік мәселелері оларға қиындық туғызбайды. Мұхит бетінде өршелене соққан дауыл теңіз түбіне өте алмайды секілді – жердің бүкіл қазынасы жасырылған, тыныш та жайлы теңіз түбі тек Балықтарға тиесілі.

Басқа белгілерді қарау

Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті
Жұлдыз белгілерінің қасиеті үш бөлімге бөлінеді: негізгі белгі (кардинальные знаки), тұрақты белгі (фиксированные знаки), өзгеріске бейім
Сарышаян Сарышаян
Сарышаян – жауынгер, олар тіпті шайқасқа ойланбастан, басқаларға ескертусіз кіріп кетеді. Өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя отырып, бұл жұлдызда
Арыстан Арыстан
Арыстан жұлдызында туылған жандар әрдайым көпшіліктің назарында болуды қалайды. Той - томалақ, думанды кештерде екі көзі күлімдеген, жайбарақат,
Шаян Шаян
Шаян – жұлдыздардың ішінде ең сақ жұлдыз деуге болады. Олардың өз мақсатына қалай жетуін бақылай отырып, басқаларынан айыру оңай.
Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша) Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша)
Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша анықтау) O (I) қан тобындағы нәзік жандар ақкөңіл, қиялшыл, нағыз романтик, үнемі өз идеалын іздейтін
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған Жұлдызнама - ер адамдарға арналған
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған (қан тобы бойынша) O (I) қан тобындағы жандар өз - өзіне сенімді жандар. Олардың алға қойған мақсаты бар,
Пікірлер (2)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дауыл
#1 Дауыл Бас редактор 30 наурыз 2019 17:04
30. 03. 2019ж
Балықтар, көп сұрақ қоймаңыз, no сізбен сұхбаттасушыларға көп сұрақ қойсаңыз олардың денсаулығына зиян. Сіз адамдардың ауырмай жүргенін қалайсыз.
Ерасыл
#2 Ерасыл Қонақ 27 сәуір 2020 13:28
Өзімді байндап бергендей болдыңыз!
Балықтар әрқашан өзін ойламайды біреудің көңіліне қарап қоғалғанды жөн көреді
×