ойын сауық отауы
Ақша туралы мақал - мәтелдер
08.10.2018 38 270 1 Дауыл

Ақша туралы мақал - мәтелдер

Мақал-мәтелдер
Ақша туралы мақал - мәтелдер

Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
***
Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
***
Теңге тиыннан,
Ынтымақ ұйымнан.
***
Базар ақшалыға базар,
Ақшасызға назар.
***
Ар - намысы таза адамның ақшасы аз болады.
***
Әкесінің ақшасына үйленген,
Әйелінің қадірін білмейді.
***
Ақша ашпайтын құлып жоқ.
***
Ақшада көз жоқ.
***
Теңге - тиыннан, тұлпар - құлыннан.
***
Есепсіздің есесі кетеді.
***
Теңге - тиыннан,
Ынтымақ - ұйымнан.
***
Сом алтынды басып отыру үшін де көтен керек.
***
Бір теңге бие болмайды, Екі теңге түйе болмайды.
***
Кедейге қарыз бер де, амандығын тіле.
***
Қарыз қатынас бұзады.
***
Ақшаның жайын жарлыдан сұра,
Адамның жайын арлыдан сұра.
***
Қарыз, қарызды беру - парыз.
***
Жалақордан қарыз алсаң, Әкесінің құнын сұрар.
***
Несиеге ет жесең, Сүйегі ішіңді жыртар.

Сүт сатушы Сүт сатушы
Бір сүт сатушы сүт сатып, ақша жинап Алладан қажылыққа баруды сұрайды. Алла жеткізіп он төрт алтын теңге жинап, ақшаны беліне байлап қажылық сапарына
Әке туралы мақал - мәтелдер Әке туралы мақал - мәтелдер
Алты аға бірігіп әке болмас, Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер
Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер Ырыс алды – ынтымақ Адам ұйымшыл, мал үйіршіл. Ажыраған бірін - бірі іздейді.
Қазақстандықтарға үй алу үшін орта есеппен қанша ақша үнемдеу керек. Қазақстандықтарға үй алу үшін орта есеппен қанша
Ләззат Ибрагимованың есептеуі бойынша, айлық табысы 140 - 150 мың теңгені құрайтын әрбір қазақстандық орта есеппен айына жинақтау қорына 40 мың теңге
Бай мен кедейдің арасындағы негізгі айырмашылықтар. Бай мен кедейдің арасындағы негізгі
Нағыз бай адам, бәрін жоғалтса да өзгермейді.
Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер
Қазақ және әлем халықтарының таңдамалы мақал - мәтелдері
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дауыл
#1 Дауыл Бас редактор 11 қазан 2018 16:42
Қожанасыр туралы аңыз
Бірде Қожа байдан ақша сұрапты.
- Ақша саған не үшін керек?
- Піл сатып аламын.
- Егер сенің ақшаң болмаса, пілге қалай азық тауып бермексің?
- Мен сенен ақыл емес, ақша сұрадым ғой!
×