ойын сауық отауы
(ЭЦП) Электронды цифрлі қолтаңба не үшін қажет?
24.02.2019 9 627 5 Admin

(ЭЦП) Электронды цифрлі қолтаңба не үшін қажет?

Мен кәсіпкермін
Қазірге цифрланған заманда көптеген қызметтер (мекен-жай анықтамасын алу, зейнетақы қорындағы ақшаны бақылау, жеке куәлік алу, жүргізу куәлігін алу сияқты т.б) Электронды өкімет арқылы қолжетімді болып жатыр. Ал Электронды өкімет қызметтеріне үйде отырып-ақ қол жеткізу үшін сізге ЭЦҚ (Электронды цифрлі қолтаңба) алу қажет. Бұл қолтаңба сіздің электронды қолтаңбаңыз болып есептеледі.

Электронды цифрлі қолтаңбаны алу үшін сізге өз компьютеріңізге мына бағдарламаны орнатып, on-line режимде өтінім беру керек. Сіздің ЭЦҚ жабық кілттері сыртқы құрылғыда (жеке куәлігіңізде) немесе өз компьютеріңізде файлдық жүйеде сақтауға болады.

1. Өтінімді беру алдында, пайдаланушы нұсқаулығымен танысыңыз.
2. NCALayer бағдарламасын өз компьютеріңізге орнату қажет.
3. Жеке электронды почтаңыз болғаны дұрыс. Себебі өтінімді толтыру барысында сізге почтаңызды жазу керек болады.

Бағдарламаны орнатып болған соң, онлайн режиінде ЭЦҚ алуға тапсырыс беруіңізге болады

Жеке тұлғаның тіркеу куәліктерін шығаруға өтінімді растау үшін Тіркеу орталығына (ЦОН) құжаттар тізімі:
1. Өтінім нөмірі және Өтініш берушінің қолтаңбасы бар өтінімді бергеннен кейін қалыптастырылған өтініш (белгіленген нысандағы);
2. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат;
3. Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсынуға және сенімхатпен айқындалған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігінің көрсетілуімен көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат
 Құжаттарды 1-ші ай бойы ұсынбаған жағдайда өтінім жойылады.

Қажетті құжаттар пакетін жинаңыз да, берген өтінімді растау үшін тіркеу Орталығына (ЦОН) жүгініңіз. Бұдан кейін берілген өтінім нөмірі бойынша тіркеу куәліктерін орнатыңыз.

egov. kz порталына тіркелмек болдыңыз... egov. kz порталына тіркелмек болдыңыз...
eGov. kz порталына тіркелген кезде алдыңыздан 2 мәселе шығады. 1. NCALayer бағдарламасының жүктелмеуі, 2. Электронды цифрлық қолтаңбаңыздың болмауы.
«Күнделік» жүйесінің пайдалы тұстары «Күнделік» жүйесінің пайдалы тұстары
«Біз өзіміздің ақпараттық жүйелерді біріктірудеміз. Бізде 73 ақпараттық жүйе бар, олардың барлығы деректерді 4 негізгі платформаға тарататын болады.
Құрметті «Білімділер» порталының қолданушылары! Құрметті «Білімділер» порталының қолданушылары!
Білімділер порталының «Ойын - сауық» бөлімін дамыту үшін материалдар жолдауларыңызға болатынын хабарлаймыз! Ол үшін материалды ойын-сауық бөліміне
Қазпочта ұялы телефондарға арналған бағдарламасын іске қосқанын хабарлайды Қазпочта ұялы телефондарға арналған бағдарламасын
«Қазпочта» АҚ post. kz ұлттық пошта және қаржы қызметтері порталының ұялы телефондарға арналған бағдарламасын іске қосқанын хабарлайды.
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек 2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз кеңесінде
Мектепте смартфонға тыйым салына ма? Мектепте смартфонға тыйым салына ма?
ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде смартфон ұстауға тыйым салу туралы прокурорлардың ұсыныстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Пікірлер (5)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Admin
#1 Admin Әкімшілік 24 ақпан 2019 22:54
Сұрақтарыңыз болса немесе түсінбей жатқан жерлеріңіз болса осында жазыңыз, қолымыздан келгенше көмек беруге тырысамыз! winked
Эльдар
#2 Эльдар Қонақ 9 желтоқсан 2019 00:39
Мен осы электронды цифрли килт аркылы баска калада баска адамнын атында турган коликти оз атыма аудара аламба

Электронды килтти ашу ушин каида бару керек,кандаи кужаттар керек паидалануды ким уиретеди
Gulnur
#3 Gulnur Қонақ 14 мам 2020 12:26
Саламатсыздарма
Мен 2019 кульч аштырғам Бырақ аштырған смкартамды қаз пайдаланбаймын онлайн жөргек пұл жасауға кедергі болып жатыр не істеуге болады кульч қайта аштыру керек па???көмектесіп жібересіздерма
Қонақ Гулзада
#4 Қонақ Гулзада Қонақ 26 шілде 2020 09:40
Саламатсыздар ма электрондық кілт неше жастан беріледі.менің қызым 15-те ала аламынба?
Тоғжанова Роза
#5 Тоғжанова Роза Қонақ 24 тамыз 2020 18:30
пенсионный тексертуім керек еді клюш аштыру керек екен соткамен бола ма
×